Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 306/62 "Аққулы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 68/17 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 2 ақпанда № 7464-14 болып тіркелді

      Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 306/62 "Аққулы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7152 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияға жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы А. Касымова

  Аққулы аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
31 қаңтардағы № 68/17
шешіміне қосымша
  Аққулы аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
30 желтоқсандағы
№ 306/62 шешіміне
2-қосымша

Аққулы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Аққулы ауданының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикет өткізу шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады