Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 25.09.2023 № 42/7 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 148/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 148/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 148/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 148/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Успен ауданы Успен ауылдық округінің Успен ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 244/44 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4427 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Ж. Бараисов |
Успен аудандық мәслихатының хатшысы | Р. Бечелова |
Успен аудандық мәслихатының |
|
2020 жылғы 15 шілдесі № 300/61 шешімімен бекітілген |
Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 148/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 1, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің аумағында ауылдар және көшелер тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округ аумағы учаскелерге (ауылдар және көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны ауылдардан және көшелерден үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен (Успен ауылдық округінде орналасқан ақпараттық стендтерде хабарландырулар, Instagram, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы жарияландырулар) хабарлайды.
7. Ауылдар және көшелер шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдардың және көшелердің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылдарда және көшелерде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол екі жұмыс күні ішінде Успен ауданы Успен ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Успен аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 148/24 шешіміне 2-қосымша |
Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Шешім 2-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 148/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Ауылдар және көшелер атауы | Ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Успен ауылының тұрғындары үшін: | |
Наукенов көшесі | 1 | |
Терешкова көшесі | 1 | |
Абай көшесі | 1 | |
Милевский көшесі | 1 | |
Мәшхүр Жүсіп Көпеев көшесі | 1 | |
Қазыбек би көшесі | 1 | |
Бұқар жырау көшесі | 1 | |
Гагарин көшесі | 1 | |
Восточная көшесі | 1 | |
Степная көшесі | 1 | |
Мир, Гоголь, Чехов, Пушкин, Северная, Крупская көшелері | 1 | |
Мәншүк Мәметова, Чапаев, Яременко көшелері | 1 | |
Семенченко, Баюк, 10 лет Независимости көшелері | 1 | |
Шевченко, Геринга, Астана көшелері | 1 | |
Строительная, Энергетиков, Юбилейная, Южная көшелері | 1 | |
Некрасов, 1 Май, Целинная, Новосельская, Дружба көшелері | 1 | |
2 | Белоусов ауылы | 3 |
3 | Травян ауылы | 1 |