Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңа

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХІ сессиясының 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 437 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 1615 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы" және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқары туралы" заңдарына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс LХI сессиясының
төрағасы, мәслихат хатшысы
К. Казанбаев

  шешіміне қосымша

№ р/с

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары

Бір жолдық әлеуметтік көмектің мөлшері (теңге)

1.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

500,0 мың

2.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар

50,0 мың


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады