Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХІІІ сессиясының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 463 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2020 жылғы 26 маусымда № 1623 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 08.12.2023 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:

      3-тармақ келесі мазмұндағы 14 және 15-тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) Алматы қаласы ЖИТС орталығы – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      15) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы.";

      келесі мазмұндағы 20-2 тармақпен толықтырылсын:

      "20-2. Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған, АИТВ инфекциясы бар балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысын есепке алмағанда жыл сайын Республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) есе мөлшерінде ай сайынғы төлеммен тағайындалады.

      Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балалар үшін ата-аналары (заңды өкілдері) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Заңды өкілдері тиісті органның бала (қыз) асырап алу немесе балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірмені қоса береді.";

      21-тармақ келесі мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ-инфекциясын жұқтырған балалар.";

      36-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "36. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы ай сайын 29-на дейін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына АИТВ-инфекциясын жұқтырған балалардың тізімін, амбулаториялық емдеу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін, "Каменское Плато" туберкулезге қарсы санаторийіне стационарлық емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін және 7 күннен астам уақыт емделуден қол үзіп қалған туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін ұсынады.".

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс LXIII сессиясының төрағасы
Б. Оспанов
      VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы К. Казанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады