Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 30.05.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Алматы қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
2. VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІІІ сессиясының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық ставкасын және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" 2017 жылғы 17 ақпандағы № 72 шешімінің (Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурыздағы № 1350 тіркелген, 2017 жылғы 18 наурыздағы "Алматы ақшамы" № 34 және "Вечерний Алматы" газеттерінде № 33 санымен жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LXVIII сессиясының төрағасы |
С. Козлов |
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
К. Казанбаев |