"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 489 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1650 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |