Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің "Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 3 наурыздағы № 1 шешіміне езгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 3 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 қазанда № 1649 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 1 "Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау участкелерін құру туралы" (Алматы қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1610 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 наурызда № 29 "Алматы ақшамы" газетінде, 2020 жылғы 12 наурызда № 30 "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған шешімнің қосымшасындағы № 204 сайлау учаскесі орталығының атауы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда және Әуезов ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкім аппаратының басшысы Ш. Тұрсынбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласы Әуезов
ауданының әкімі
С. Сайфеденов

  Алматы қаласы
Әуезов ауданы әкімінің
2020 жылғы 19 қазаны
№ 3 шешіміне
қосымша

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы сайлау учаскесінің
орталығының атауы

      № 204 сайлау учаскесi

      Орталығы: Алматы қаласы, Достық шағынауданы, Дастан көшесi, 27а үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№155 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекаралары: Достық шағынауданындағы Нәуметов көшесiнен бастап Сәдуақасов көшесiнiң батыс жағымен солтүстікке қарай Достық шағынауданындағы Сыйластық (бұрынғы Киевская көшесі) көшесiне дейiн. Достық шағынауданындағы Сыйластық көшесінің (бұрынғы Киевская көшесі) оңтүстік жағымен шығысқа қарай Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жағалауымен оңтүстікке қарай Достық шағынауданындағы Нәуметов көшесіне дейін. Достық шағынауданының Сәдуақасов көшесiндегі барлық үйді қоса алғанда, Достық шағынауданындағы Нәуметов көшесінің солтүстік жағымен шығысқа қарай Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесiне дейiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады