"Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 198 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 шілдеде № 6464 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-11) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 246 қаулысына (2019 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5587 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
К.Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 24 шілдесі
№ 198 қаулысына
қосымша
  Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2019 жылғы "26" қыркүйектегі
№ 246 қаулысымен
бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) және "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелді) сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыс аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;

      2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту - азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;

      3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;

      4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру - сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;

      5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;

      6) кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);

      7) мамандандырылған ұйым - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын, тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысымен бекітілген, ұйым;

      8) сатып алу интервенциялары – облыс аумағында бағалар төмендеген кезде және/немесе Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілгенде мамандандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;

      9) сауда объектiсi – тауарларды сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысу жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен арнайы жарақтандырылған ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, үймерет немесе үймереттің бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

      10) тауар интервенциялары - бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;

      11) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.

      3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері осы Қағидаларға сәйкес іске асырылады.

      4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстың әкімі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.

      5. Комиссия төрағасы және төрағасының орынбасары облыс әкімінің орынбасарлары, Комиссия мүшелері кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

      6. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      7. Кворум Комиссия мүшелерінің жалпы санына қатысушылардың санымен немесе қатысушылардың санының пайыздық қатынасымен анықталуы мүмкін. Қандай да бір шешім қабылдау үшін дауыс беруге құқығы бар барлық қатысушылардың жартысынан астамы қатысуы талап етіледі.

      8. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:

      1) Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;

      2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану тетігін іске асыру мақсатында бөлшек сауда субъектілері үшін азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін (15%-дан астам емес) анықтау;

      3) осы Қағидаларға сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін анықтау;

      4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау жөніндегі мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын қарау.

      9. Комиссия құруды және оның жұмысын ұйымдастыруды "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы) қамтамасыз етеді.

      10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

      11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.

      Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.

      12. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымның үстеме шығыстары азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағаларының айырмасы есебінен жабылады.

      13. Кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.

2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі

      14. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың:

      1) тұрақтандыру қорларының қызметі;

      2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асырады.

3-тарау. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі

      15. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

      16. Мамандандырылған ұйым берген ақпарат бойынша азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.

      17. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген тізімнен қалыптастырылады.

      18. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.

      19. Комиссия облыстың әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.

      20. Ұсынымдар хаттама түрінде жасалады және отырыс өткізілген күні комиссия мүшелері қол қояды.

      21. Облыс әкімдігі Комиссияның ұсынымы негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.

      22. Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибюторлардан) сатып алынады.

      23. Өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын азық-түлiк тауарлары "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      24. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интернвенциялары туралы шешімді қабылдайды.

      25. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

      26. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет баға деңгейінің көтерілуі жағдайында, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      27. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақталу мерзімдерін қамтамасыз етеді.

      28. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.

      29. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйымдар өздердерінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын мамандандырылған ұйым бекіткен және Комиссиямен келісілген, өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өткізуді жүзеге асырады.

      30. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы облыс әкімінің шешімімен бекіткен шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.

      31. Кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы мамандандырылған ұйыммен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасының және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.

4-тарау. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі

      32. Кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды өңірлік тұрақтандыру мақсатында Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін ақшалай қаражат береді. Мамандандырылған ұйыммен қарыз беру қарыз шартын жасау жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.

      33. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бекітілген төмендетілген бөлшек/көтерме сауда бағаларын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.

      34. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия осы Қағидалармен белгіленген кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды.

      35. Қарыз алушы ретінде келесі шарттардың біреуіне сәйкес келетін, кәсіпкерлік субъектілері болады:

      тізбесі Үкіметтің қаулысымен бекітілген және меншігінде не жалға алу құқығында бір объектінің сауда алаңы 350 шаршы метрден кем емес сауда объектісі (объектілері) бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының толық жиынтығының бөлшек саудасын жүзеге асыратын;

      облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді жүзеге асыратын, бұл ретте осы кәсіпкерлік субъектілері, мамандандырылған ұйыммен айқындалған, сауда нүктелерінде жүзеге асырылатын өнімдерін өндіру және жеткізу үшін ғана қарызды ала алады.

      арнайы жабдығы, материалдық-техникалық базасы бар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымы бар және/немесе қойма құрылыстары немесе басқа да үй-жайлары бар адамдар. Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері мамандандырылған ұйымның Кепілдік саясатына сәйкес мамандандырылған ұйымнан алдын-ала мақұлдаудан өту қажет.

      36. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі және/немесе корпоративтік кепілдендіру. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.

      37. Қарыз беру туралы Комиссияның ұсынымы хаттама түрінде жасалады және Комиссия мүшелері отырыс өткізілген күні қол қояды.

      38. Комиссия хаттамасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі, бөлшек сауда субъектілері үшін – олар бойынша бекітілген бөлшек сауда бағалары, өндірушілер үшін – босату бағалары, қарыз сомасы және кәсіпкерлік субъектісі көрсетіледі.

      39. Шешім қабылданғаннан кейін мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.

      40. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйымның Кепілдік саясатына сәйкес мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалған қарыз шартында белгіленеді.

      41. Жергілікті атқарушы органдар бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражат қаржыландыру көзі болып табылады.

      42. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.

      43. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады