Атырау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 1119 "Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 2780 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 желтоқсанда № 4791 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 1119 "Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4667 болып тіркелген, 2020 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) келесідей толықтырулар енгізілсін:

      осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаулының қосымшасы 46 және 47 тармақтармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Нсанбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласының әкімі К. Уразбаев

  Атырау қаласы әкімінің 2020 жылғы 26 қарашасы № 2780 қаулысына қосымша

Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Елді мекендер атауы

Орналастыру орындары

46

Атырау қаласы, Алмалы ауылдық округі

Алмалы ауылы, Бейбітшілік көшесі, №3 ғимарат, "Алмалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

47

Атырау қаласы, Алмалы ауылдық округі

Береке ауылы, Шәмші Қалдаяқов көшесі, №2А ғимарат, "Береке орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады