"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету,сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Майлыбаев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | С. Жумагалиева |
Мәслихат хатшысы | С. Таласов |
Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 қыркүйегі № 51-2 шешіміне қосымша |
1. Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 23.07.2024 № 21-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, аудан әкімдігіне қарсы орналасқан сахна алаңы.
2. Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, Орталық стадионға қарсы орналасқан "Кең Жылой" мәдениет үйінің алдындағы алаң.
3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:
Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, "Мариям" сауда үйінен бастап Рәміздер алаңына дейін.
2. Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі -Заң) әзірленді.
4. Арнайы орындар "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің санитарлық нормалары мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
5. Бейбіт жиналыстарды өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
6. Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, аудан әкімдігіне қарсы орналасқан сахна алаңы, шекті толу нормасы 600 адам;
2) Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, Орталық стадионға қарсы орналасқан "Кең Жылой" мәдениет үйінің алдындағы алаң, шекті толу нормасы 250 адам;
3) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру тәртібі, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, "Мариям" сауда үйінен бастап Рәміздер алаңына дейін, шекті толу нормасы 350 адам.
7. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де, құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
8. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл бір сол уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
9. Бірнеше қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
10. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Жылыой ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 09:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.
3. Жылыой ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
11. Жылыой ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасында 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жол берілмейді.