"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 06 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Жаңа Қаратон кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңа Қаратон кентіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) № 14 көшеге – "Қорқыт ата" есімі;
2) № 32 көшеге – "Нұрлан Балғымбаев" есімі;
3) № 38 көшеге – "Едіге батыр" есімі;
4) № 39 көшеге – "Есет батыр" есімі;
5) № 40 көшеге – "Абылай хан" есімі;
6) № 41 көшеге – "Төле би" есімі;
7) № 50 көшеге – "Шерғазы хан" есімі;
8) № 52 көшеге – "Есім хан" есімі;
9) № 53 көшеге – "Әбілқайыр хан" есімі;
10) № 63 көшеге – "Тәуке хан" есімі;
11) № 64 көшеге – "Кенесары хан" есімі;
12) № 69 көшеге – "Майқы би" есімі;
13) № 71 көшеге – "Фариза Оңғарсынова" есімі;
14) № 76 көшеге – "Әбіш Кекілбаев" есімі;
15) № 82 көшеге – "Бөгенбай батыр" есімі;
16) № 86 көшеге – "Қабанбай батыр" есімі;
17) № 89 көшеге – "Алпамыс батыр" есімі;
18) № 92 көшеге – "Керей хан" есімі;
19) № 93 көшеге – "Каспий" атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңа Қаратон кенті әкімінің орынбасарына (Ш. Жалғасбаева) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңа Қаратон кенті әкімі | С. Баймуратов |