Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 ақпандаға № 14 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 наурызды № 4600 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қара Арна ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қара Арна ауылдық округі Шоқпартоғай ауылында орналасқан атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Жұбандық Таскарин;

      2) Тағым Сатыбалдиев;

      3) Татан Дешенов;

      4) Сайын Есенғожин.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қара Арна ауылдық округі әкімі Е. Елеусинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады