Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 02.11.2023 № 8/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасын бекiту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 58/2 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5520 болып тіркелген, 2020 жылдың 01 сәуірінде Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
7-тармақтың 3 тармақшасындағы "біржолғы 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сан мен сөз "біржолғы 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
8 тармақтың 1 тармақшасындағы "300 000 (үш жүз мың) теңге" деген сан мен сөз "1 000 000 (бір миллион) теңге" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
8 тармақтың 2 тармақшасындағы "300 000 (үш жүз мың) теңге" деген сан мен сөз "1 000 000 (бір миллион) теңге" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
2. "Ордабасы ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ордабасы аудандық мәсихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Г. Раймбеков |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Садвахасов |