Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 26.07.2024 № 17/2 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы аудандық маслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 44/1 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5065 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 22 мамырда "Ордабасы оттары" газетінде және 2019 жылғы 22 мамырында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін келесі арнайы орындар айқындалсын:
1) Темірлан ауылының "Қажымұқан" атындағы стадион.
3. Ордабасы ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Темірлан ауылының: А.Мұсаев және Жепаев көшелерінің қиылысынан бастап, Жепаев көшесінің бойымен Жепаев және Қазыбек би көшелерінің қиылысына дейінгі аралық бекітілсін.
4. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
5. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
6. "Ордабасы ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы ауданының мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Г. Раймбеков |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Садвахасов |
Ордабасы ауданының мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 65/16 шеміміне 1-қосымша |
Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Ордабасы ауданының мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
№ | Арнайы орын атауы | Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі | Шекті толу нормалары |
1. | "Қажымұқан" атындағы стадион |
көше жарығы; | 150 адам |
Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/ өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;
периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
осы Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай – ақ көлік құралдарын пайдалануға;
БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);
бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;
А.Мұсаев және Жепаев көшелерінің қиылысынан бастап, Жепаев көшесінің бойымен Жепаев және Қазыбек би көшелерінің қиылысына дейінгі шеру бағытымен танысу.
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;
ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.
Ордабасы ауданының мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 65/16 шеміміне 2-қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:
1. жаппай жерлеу орындарында;
2. теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3. мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;
5. қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
6. магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.