Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 шілдедегі № 17/2 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 29 шілдедегі № 6566-13 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы "Қазақстан Республикасының Заңының 8 - бабы, 2 -тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Ордабасы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      4. Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану туралы" 2020 жылғы 23 маусымдағы № 65/16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5710 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Б. Джумабеков

  2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 17/2 шешіміне 1 қосымша

Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      1. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      Ордабасы ауданы Темірлан ауылының "Қажымұқан" атындағы стадион, Жепаев көшесі 1/1.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:

      Ордабасы ауданы Темірлан ауылының А.Мұсаев және Жепаев көшелерінің қиылысынан бастап, Жепаев көшесінің бойымен Жепаев және Қазыбек би көшелерінің қиылысына дейінгі аралық.

  2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 17/2 шешіміне 2 қосымша

Ордабасы ауданындабейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. 1. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3.Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      Ордабасы ауданы Темірлан ауылының "Қажымұқан" атындағы стадион, Жепаев көшесі 1/1, шекті толу нормасы 150 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ордабасы ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 09:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.

  2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 17/2 шешіміне 3 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:

      1) Жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және 800 метрден кем емес оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға 800 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге 800 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық темір жол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға 800 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады