Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 83 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 наурызда № 6777 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Қазақстан Республикасынынң заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
  2020 жылғы "16" наурыздағы
№ 83 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4348 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 22 ақпанда № 20 (17260), 2016 жылғы 24 ақпанда № 21 (17261), 2016 жылғы 26 ақпанда № 22 (17262) "Дидар", 2016 жылғы 20 ақпанда № 20 (19772), 2016 жылғы 23 ақпанда № 21 (19773), 2016 жылғы 25 ақпанда № 22 (19774) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 258 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 25 қазанда № 127, 2016 жылғы 27 қазанда № 128 "Дидар", 2016 жылғы 25 қазанда № 128, 2016 жылғы 27 қазанда № 129 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 342 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5367 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 23 қаңтарда № 9 "Дидар", 2018 жылғы 23 қаңтарда № 10 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 43 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 5 сәуірде № 40 "Дидар", 2018 жылғы 5 сәуірде № 40 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 132 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5644 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 23 маусымда № 74 "Дидар", 2018 жылғы 26 маусымда № 75 "Алтай" газеттерінде жарияланған).

      6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 34 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5732 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 28 ақпанда № 24 "Дидар", 2019 жылғы 28 ақпанда № 24 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      7. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 196 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6029 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 6 шілдеде № 76 "Дидар", 2019 жылғы 6 шілдеде № 76 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады