Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 39/308-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 сәуірде № 6963 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/84-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 27.12.2023 № 14/84-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңының 6 – бабы 1- тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 72682 нөмірімен тіркелген) қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-126 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:

      6-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      10 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян шеккен тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшері, алушыларға 70 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде белгіленеді.

      Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 215,983 айлық есептік көрсеткішті құрайды.";

      11- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге берілетін бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына анықталады:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні -15 ақпан:

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер;

      ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері;

      Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқасымен марапатталған, немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сонымен қатар I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) – 4,771 айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 33,400 айлық есептік көрсеткіш;

      4) Жеңіс Күні – 9 Мамыр:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 215,983 айлық есептік көрсеткіш, сондай –ақ жергілікті бюджет қаражатынан қосымша 35, 998 айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер– 35 айлық есептік көрсеткіш;

      қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақымалуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;

      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсiпорындарда, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 22 маусымнан бастап, 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 15,299 айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары – 23,857 айлық есептік көрсеткіш;

      5) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр – 66000 (алпыс алты мың) теңгеден аспайтын мөлшерде зейнетақы төлемдерін алушыларға – 5,726 айлық есептік көрсеткіш (жергілікті бюджеттен);

      6) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр:

      саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғаларға – 4,294 айлық есептік көрсеткіш;

      7) Қазақстан Республикасының Конституция күні - 30 тамыз - 16 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеуші тұлғаларға - 4,771 айлық есептік көрсеткіш (жергілікті бюджеттен).".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э. Батырбеков
      Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г. Қарымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады