Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 12.05.2022 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27-баптарына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Курчатов қаласының аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 12.05.2022 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Курчатов қаласының аумағында таратылатын мерзімдік баспаға оның көшірмесі ресми жариялауға жіберілуін;
3) қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласының әкімдігінің интернет - ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д. Д. Улмесековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі | А. Глазинский |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамызы № 346 қаулысына қосымша |
Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерді орналастыру орындары
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 12.05.2022 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Нақты орналасқан жері | Алып жатқан алаңы (шаршы метр) | Жақын инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) | Қызмет саласы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл |
1 | Курчатов қаласы, Абай көшесі, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы | 4 | "Әмір", "Дүкен 51" дүкендері | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | 5 |
2 | Курчатов қаласы, Школьная көшесі, № 3 үйге қарама-қарсы | 4 | "Тройка", "Магнит", "Окей" дүкендері | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | 5 |
3 |
Курчатов қаласы, | 4 |
"Жайлаубай" базары | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | 5 |
4 | Курчатов қаласы, Железнодорожная көшесі, "Дегелен" теміржол станциясының ғимаратына қарама-қарсы | 4 | Азық-түлік дүкені |
| 5 |