Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 225 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 желтоқсанда № 387-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес, Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес, Курчатов қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы Курчатов қаласының әкімі
      Б. Абдралиев

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 225 Қаулысына
1 қосымша

Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Нақты
орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет
саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Абая көшесі, 31 үйіне қарама-қарсы

20

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

"Ғалия" дүкеніне қарама-қарсы, № 3 сорғы станциясының жанында

2

Абай көшесі, 46 тұрғын үйдің арты

120

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

"Амир", "Дүкен 51" дүкендерінен 20 метр

3

Абай көшесі бойындағы, 22 - үйге қарама-қарсы

400

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

"Халық банкі" АҚ филиалы мен Абай атындағы саябақ арасында

4

Железнодорожная көшесі, № 6 теміржол вокзалы ғимаратына қарама-қарсы

4

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

Азық-түлік дүкені

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 225 Қаулысына
2 қосымша

Курчатов қаласы әкімдігінің күшін жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 "Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7503 болып тіркелген);

      2. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 58 "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 "Курчатов қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28117 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады