Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 "Курчатов қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 58 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 мамырда № 28117 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 "Курчатов қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7503 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қаласының әкімі О. Чугунков

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 58 қаулыға қосымша
  Шығыс Қазақстан облысының
Курчатов қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 27 тамыздағы
№ 346 қаулысына қосымша

Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерді орналастыру орындары

Нақты орналасқан жері

Алып жатқан алаңы (шаршы метр)

Жақын инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

1

Курчатов қаласы, Абай көшесі, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

4

"Әмір", "Дүкен 51" дүкендері

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

5

2

Курчатов қаласы, Школьная көшесі, № 3 үйге қарама-қарсы

4

"Тройка", "Магнит", "Окей" дүкендері

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

5

3

Курчатов қаласы,
Абай көшесі, "Жайлаубай" базарының ғимаратына қарама-қарсы

4

"Жайлаубай" базары
"Арагоста" кафесі

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

5

4

Курчатов қаласы, Железнодорожная көшесі, "Дегелен" теміржол станциясының ғимаратына қарама-қарсы

4

Азық-түлік дүкені

 
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады