Бесқарағай ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 367 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 7914 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 122 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 14.04.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31- бабының 1 - тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8 - бабының 3) тармақшасына, 27- бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген, ішкі сауда қағидаларының 102- тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бесқарағай ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары А.М. Алимбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауданының әкімі Ш. Байбеков

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2020 жылғы 25 қарашасы
№ 367 қаулысына қосымша

Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындардың тізбесі

    № р/с

Әкімшіліктік аумақтық бірліктер атауы

Орналасқан жерлері

1

Бесқарағай ауылдық округі

Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі ("Мир" кафесіне қарама - карсы)

2

Басколь ауылдық округі

Қарағайлы ауылы, Тәуелсіздік көшесі ("Әділ" дүкенінің маңы)

Башкөл ауылы, Абай көшесі ("Ержан" дүкенінің маңы)

Бұқабай ауылы, Солнечный көшесі (спорт алаңының маңы)

3

Беген ауылдық округі

Беген ауылы, М.Әуезов көшесі (Казпошта ғимаратымен орта мектептің арасында)

4

Глуховка ауылдық округі

Глуховка ауылы, Совет көшесі (Казпошта ғимаратының маңы)

5

Долон ауылдық округі

Долон ауылы, Амангелді көшесі (№19 тұрғын үйге қарама - қарсы)

Бөдене ауылы, Молдажанов көшесі (№13 тұрғын үйіне қарама - қарсы)

6

Ерназар ауылдық округі

Ерназар ауылы, Ленин көшесі (ветеринарлық пункті ғимаратымен "Аққу" дүкенінің арасында)

7

Жетіжар ауылдық округі

Жетіжар ауылы, Горький көшесі (№15 тұрғын үйдің маңы)

8

Канонерка ауылдық округі

Канонерка ауылы, Ленин көшесі ("Омск - Майқапшағай" республикалық автожолдың бойында)

Қара - Мырза ауылы, Тәуелсіздік көшесі ("Арлан Ерке" дүкенінің маңы)

9

Қарабас ауылдық округі

Қарабас ауылы, Чехов көшесі (Қарабас ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратына қарама – қарсы)

Өндіріс ауылы, Ленин көшесі (Қазпоштамен мешіт ғимаратының арасында)

10

М-Владимировка ауылдық округі

М-Владимировка ауылы, Горький көшесі (Қазпошта ғимаратымен "Центральный" дүкені арасында)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады