ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 -тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысына сәйкеc және Жаңа Бұқтырма кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің мынадай көшелерінің атаулары қайта аталсын:
1) Коммунистическая көшесі Абай көшесіне;
2) 50 лет Октября көшесі Анатолий Косой көшесіне;
3) Советская көшесі Ертіс көшесіне;
4) Комсомольская көшесі Самал көшесіне;
5) Совхозная көшесі Мерей көшесіне;
6) Киров көшесі Нұрлы көшесіне .
2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде осы шешімнің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Карибаев |