Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылының көшелерін атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 маусымда № 7160 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылдың 4 қаршадағы қорытындысының негізінде, Үлкенбөкен округ тұрғындарының пікірін ескере отырып, Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Көкпекті ауданының Үлкенбөкен ауылының келесі көшелерінің атаулары:

      1) Ленина көшесі Тәуелсіздік көшесі;

      2) Кирова көшесі Достық көшесі;

      3) Крупская көшесі Бастау көшесі;

      4) Калинина көшесі Желтоқсан көшесі болып өзгертілсін.

      2. Көкпекті ауданының "Үлкенбөкен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етеді:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Н. Назарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады