Қызылкесік ауылдық округінің Қызылкесік ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызылкесік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 18 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 қыркүйекте № 7506 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 17 маусымдағы қорытындысына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып Қызылкесік ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Тарбағатай ауданы Қызылкесік ауылдық округінің Қызылкесік ауылындағы атауы жоқ көшеге - "Сайдахмет Смаилов" атауы берілсін:

      2. "Қызылкесік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Тарбағатай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылкесік ауылдық округінің әкімі С. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады