ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының м.а. 2020 жылдың 25 қыркүйектегі №314 ұсынысы негізінде Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ірі қара малдар арасында шыққан сарып індетінің ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Үржар ауданы Ақжар ауылдық округіне қарасты "Тұрсынхан" шаруа қожалығына қабылданған шектеу іс шаралары тоқтатылсын.
2. Үржар ауданы Ақжар ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 04 ақпандағы № 44 "Үржар ауданы Ақжар ауылдық округіне қарасты "Тұрсынхан" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Ақжар ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілсін;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ауыл әкімі | Т. Усаев |