Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 55 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 26 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 ақпанда № 6726 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 298 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 11.12.2020 № 298 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына, 27-бабы 11-тармағына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 55 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5744 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 55 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 04 қарашадағы № 339 қаулысы жойылсын.

      3. "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулынының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шемонаиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі Г. Акулов

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 26 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота мөлшері

          Тізімдік саны бар ұйымдар            

      Квота мөлшері (%)        

елуден жүз адамға дейін

2

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін

3

екі жүз елу бірден артық адам

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады