Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №205 "Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 108 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 мамырда № 6248 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы №3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10087 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №205 "Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5767 тіркелген, 2019 жылы 23 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
20 мамырдағы № 108 қаулысына
қосымша
  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы
13 тамыздағы №205 қаулысымен
бектілген

Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауыл шаруашылық өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімнің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге-литр

1

2

3

4

1.

Сүт

Сары май

42,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады