Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Теректі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 маусымдағы №145 және Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 шілдедегі №43-11 "Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының кейбір елді мекендердерін тарату туралы" бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының кейбір елді мекендердері таратылсын;
Ақжайық ауылдық округінің Сүттігенді елді мекені;
Аңқаты ауылдық округінің Жаңа ауыл елді мекені;
Аңқаты ауылдық округінің Тасаншеген елді мекені;
Шағатай ауылдық округінің Қарабас елді мекені.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Сессия төрағасы | Н. Сергалиев |
Мәслихат хатшысы | М. Құлшар |