Бәйтерек ауданы Раздольное ауылдық округі Красный Свет ауылындағы көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Раздольное ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қаңтарда № 6004 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Красный Свет ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Раздольное ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Раздольное ауылдық округі Красный Свет ауылындағы көше атаулары:

      "Белорусская" көшесін – "Мерей" көшесі;

      "Первомайская" көшесін – "Шаттық" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Раздольное ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Муратов) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кенжин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады