Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе және Шөптікөл ауылдары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 5516 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 46-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 18.09.2020 № 46-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3914 тіркелген) сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе және Шөптікөл ауылдары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.

      2. Қаратөбе аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Тлеуғалиева
      Мәслихат хатшысы К. Суйеугалиев

  Қаратөбе аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 25-2 шешіміне қосымша

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе және Шөптікөл ауылдары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

р/с

Объектінің түрі

Есептік бірлік

Жылдық норма, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,1

2

Жатақханалар, интернаттар

1 орын

1,13

3

Қонақ үйлер

1 орын

1,13

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,4

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,22

6

Емханалар

1 келіп кету

0,04

7

Ауруханалар

1 төсек-орын

2,06

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,13

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,16

10

Кинотеатрлар, мәжіліс залдары

1 отыратын орын

0,2

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,13

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,21

13

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,8

14

Халыққа қызмет көрсету орталығы

Жалпы алаңы 1 м2

0,22

15

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,44

16

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю станциялары, гараждар

1 машина-орын

0,11

17

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,3

18

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,23

19

Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,13

20

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,26

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      м2 – шаршы метр;

      м3 – куб метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады