Сырым ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 59-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қазанда № 6422 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Сырым ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Сырым ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес Сырым ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары айқындалсын.

      4. Осы шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес Сырым ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      5. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      сессия төрайымы Р. Ихсанова
      Мәслихат хатшысы Ш. Дуйсенгалиева

  Сырым аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қыркүйектегі
№59-2 шешіміне 1-қосымша

Сырым ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары

Елдiмекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толтырылу нормалары

1.

Жымпиты ауылы

"Сырым саябағы" алаңы - Абай көшесі (Сейфуллин және Абай көшелерінің қиылысынан бастап Абай көшесінің бойымен, С.Датұлы және Абай көшелерінің қиылысына дейін)

70 адамнан аспайтын

2.

Жымпиты ауылы

"Ауған саябағы" алаңы - Сейфуллин көшесі (Сейфуллин және Қаратаев көшелерінің қиылысынан бастап Сейфуллин көшесінің бойымен, Сейфуллин және Абай көшелерінің қиылысына дейін)

70 адамнан аспайтын

3.

Алғабас ауылы

Ауыл саябағы – С.Датұлы көшесі (Абылай хан көшесі және С.Датұлы көшесі бойымен)

50 адамнан аспайтын

4.

Аралтөбе ауылы

Ауыл саябағы - Иманов көшесі (Қазақстан көшесінен бастап Иманов көшесіне дейін)

50 адамнан аспайтын

5.

Бұлан ауылы

Ауыл саябағы - Мектеп көшесі (Датов және Шідерті көшелерінің қиылысынан Мектеп көшесіне дейін)

50 адамнан аспайтын

6.

Бұлдырты ауылы

Ауыл саябағы – С.Датұлы көшесі (Оңғарбеков көшесінен бастап С.Датұлы көшесіне дейін)

50 адамнан аспайтын

7.

Елтай ауылы

Ауыл саябағы – С.Датұлы көшесі (С.Датұлы және Майданов көшелерінің қиылысына дейін)

50 адамнан аспайтын

8.

Жосалы ауылы

Ауыл саябағы – М.Есләмғалиев көшесі (М.Есләмғалиев көшесінен бастап А.Жұмағалиев көшесіне дейін)

50 адамнан аспайтын

9.

Жетікөл ауылы

Ауыл саябағы - С.Датұлы көшесі (С.Датұлы және Қолғанатов көшелерінің қиылысына дейін)

50 адамнан аспайтын

10.

Қособа ауылы

Ауыл саябағы – С.Датұлы көшесі (Ә.Молдағұлова көшесінен бастап С.Датұлы көшесінің бойымен)

50 адамнан аспайтын

11.

Сарой ауылы

Ауыл саябағы – А.Құнанбаев көшесі (А.Құнанбаев көшесінен бастап Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысына дейін)

50 адамнан аспайтын

12.

Талдыбұлақ ауылы

Ауыл саябағы – М.Ихсанов көшесі (С.Датұлы және М.Ихсанов көшелерінің қиылысынан, М.Ихсанов көшесінің бойымен)

50 адамнан аспайтын

13.

Шолақаңқаты ауылы

Ауыл саябағы - Қ.Қайсенов көшесі (Қ.Қайсенов көшесінен бастап Шубин көшесіне дейін)

50 адамнан аспайтын

  Сырым аудандық мәслихатыны
2020 жылғы 28 қыркүйектегі
№59-2 шешіміне 2-қосымша

Сырым ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      2. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

      5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша, бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.

  Сырым аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қыркүйектегі
№59-2 шешіміне 3-қосымша

Сырым ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:

      жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;

      қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;

      шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

      3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

  Сырым аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қыркүйектегі
№59-2 шешіміне 4-қосымша

Сырым ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Сырым ауданында келесі объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 100 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады