Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 22069 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 820 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 23.09.2022 № 820 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағы 19-77) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 12 қаңтардағы
№ 10 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) көлік құралдарын бақылау және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау парағы – 200 километрден астам арақашықтыққа рейс (бұдан әрі – рейс) орындайтын көлік құралдары туралы мәліметтерді құрайтын құжат;

      2) біржолғы рұқсаттама – бір рейске шығу құқығын беретін, әскери полиция органы беретін құжат;

      3) қозғалыс бағыты – бастапқы, соңғы және аралық пункттерді, сондай-ақ аялдамалар, тұрақтар және түнгі демалу орындарын көрсетумен көлік құралының жүру бағыты;

      4) рұқсат беру құжаты – уәкілетті лауазымды адамның қолы қойылған, біржолғы рұқсаттама беруге негіздеме болатын жеделхат, өкім, хат немесе басқа да құжат;

      5) трекер – Қазақстан Республикасының аумағы шегінде рейске шығатын көлік құралына оның ағымдағы орналасқан жерін, қозғалыс бағыты мен жылдамдығын автоматты түрде анықтау үшін орнатылатын аспап.

      3. Рейске шығатын көлік құралдары мынадай санаттарға бөлінеді:

      бірінші санат – әскери бөлімдер мен мекемелердің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету (әртүрлі мүлік түрлерін жеткізу, техниканы тасымалдау және әскерлердің жауынгерлік даярлығымен байланысты емес басқа да міндеттерді орындау);

      екінші санат – қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және зымыран отынын тасымалдау;

      үшінші санат – лауазымды адамдардың қызметтік іссапарларға шығуы үшін бөлінетін жеңіл автомобильдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығатын көлік құралдарының қозғалысы;

      төртінші санат – әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру бойынша оқу-жаттығулар, іс-шаралар өткізу және жауынгерлік даярлық жөніндегі басқа да міндеттер шеңберіндегі көлік құралдарының қозғалысы;

      бесінші санат – шұғыл жүкті жеткізу, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және оның орынбасарларының нұсқауларын орындау;

      алтыншы санат – шетел делегацияларына және Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамына қызмет көрсету үшін бөлінетін көлік құралдары.

2-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалануға рұқсат алу тәртібі

      4. Көлік құралдарын 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану мыналардың шешімімен жүзеге асырылады:

      1) ҚР ҚК Бас штабы бастығы бірінші орынбасарының – екінші және үшінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;

      2) ҚР ҚК түрлері бас қолбасшыларының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) департаменттері мен басқармаларының, Бас штабының, бас басқармалардың, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының – бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің бірінші, төртінші және бесінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;

      3) әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының – өңірлік қолбасшылықтың жауапкершілік аймағы шегінде (бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелер орналасқан жерде) бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің бірінші және төртінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;

      4) ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының – алтыншы санаттағы автомобильдердің қозғалысына қатысты бөлігінде.

      5. Рейске шығу үшін құжаттарды ресімдеу:

      1) әскери бөлімдер командирлері, ҚР ҚК мекемелерінің бастықтары рейске шығу қажеттілігі туындаған кезде өздері бағынысты ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚК Бас штабы департаменттері мен басқармаларының, ҚР ҚК бас басқармалары бастықтарының, әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшелер бастықтары) мекенжайына негіздемемен Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жолдайды;

      2) қаралғаннан кейін, құрылымдық бөлімшенің бастығы рұқсат беру құжатын әскери бөлімге (мекемеге) – өтінім берушіге жолдайды;

      3) екінші және үшінші санаттағы көлік құралдарының шығуы жоспарланған жағдайда құрылымдық бөлімшенің бастығы рейске шығуға рұқсат беру туралы ҚР ҚК Бас штабы бастығы бірінші орынбасарының алдында қолдау көрсетеді;

      4) рейске шығу мерзімдері, көлік құралдарының түрлері мен тасымалданатын жүктер жоспарланған шығу күніне дейін 5 жұмыс күні ішінде әскери тасымалдауларды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшемен келіседі.

3-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден астам арақашықтықтағы рейстерде пайдалану тәртібі

      6. Көлік құралдарын рейске шығару және олардың қозғалысы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) рұқсат беру құжатын алғаннан кейін, әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы, көлік құралына бақылау техникалық қарап тексеру жүргізеді, қарап тексерудің нәтижелерін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тексеру актісімен рәсімдейді, одан кейін рұқсат беру құжатының және көлік құралын тексеру актісінің көшірмелерін қоса берумен, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің негізінде гарнизонның әскери полиция органында (бұдан әрі – ӘПО) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рейске шығуға біржолғы рұқсаттама алады;

      2) әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) өтінімін, рұқсат беру құжаттарын және көлік құралын тексеру актісін қарағаннан кейін ӘПО-ның уәкілетті адамы ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасында біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алады және рейске шығуға біржолғы рұқсаттаманы жазып береді;

      3) 6-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-қимылдар жоспарланған шығу күніне дейін 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      4) екінші және бесінші санаттағы көлік құралдарының рейске кетуі кезінде ӘПО-да пайдаланылмаған трекерлер болған жағдайда көлік құралының қозғалысын қосымша бақылауды жүзеге асыру үшін автомобильдің рейске шығуы қарсаңында ӘПО-ның уәкілетті адамы көлік құралына трекерді орнатады, орнату нәтижелері Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша трекерді орнату (алу) актісімен рәсімделеді. Машинаға трекерді орнату (алу) актісіне әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы, жүргізуші, сондай-ақ ӘПО-ның өкілі қол қояды;

      5) әскери бөлім (мекеме) ӘПО-дан 50 километрден астам қашықтықта орналасқан жағдайда әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы көлік құралына бақылау техникалық қарап тексеруді жүргізеді, қарап тексерудің нәтижелерін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тексеру актісімен ресімдейді, біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алу үшін ӘПО-ға рұқсат беру құжаттарының және көлік құралын тексеру актісінің көшірмелерін қоса берумен, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жолдайды, ӘПО-дан біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алғаннан кейін Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рейске шығуға біржолғы рұқсаттаманы жазып береді;

      6) қозғалыс бағытын өзгертуге, жүргізушілерді және машина жетекшілерін ауыстыруға, сондай-ақ рейске шығу мерзімдерін ұзартуға рұқсатты рейске шығуға рұқсат еткен лауазымды адам береді. Қабылданған шешіммен құжат көлік құралы тұрған жер бойынша ӘПО-ға жолданады, одан кейін ӘПО-ның лауазымды адамдары біржолғы рұқсаттамаға тиісті өзгерістерді енгізеді;

      7. Көлік құралдарын мынадай пайдалануға жол беріледі:

      1) бірінші және екінші санаттағыларды:

      сенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 7.00-ден 18.00-ге дейін, 15 сәуір мен 15 қазан кезеңінде сағат 6.00-ден 21.00-ге дейін;

      сенбі күндері 7.00-ден 15.00-ге дейін;

      демалыс және мереке күндері – пайдалануға жол берілмейді;

      2) үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы санаттағыларға жол жүру уақытын рейске шығу туралы шешім қабылдаған құрылымдық бөлімшенің бастығы белгілейді. Рейске шығуға шешім қабылдаған құрылымдық бөлімшенің бастығы рұқсат етілген жол жүру уақытын белгілемеген жағдайда көлік құралы Қағидалардың 7-тармағы 1) тармақшасына сәйкес пайдаланылады.

      8. Жүргізушінің көлік құралын күнделікті жүргізу ұзақтығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығымен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14095 болып тіркелген) белгіленген уақыттан аспауы тиіс.

      9. Оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, зымыран отынын және қауіпті жүктерді тасымалдау "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес гарнизон шегінен тыс рейстерге шығатын жүргізушілермен, машина жетекшілерімен және лектер бастықтарымен командир (бастық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі ережелерін (бұдан әрі – ЖЖЕ), көлік құралдарын пайдалану тәртібін және қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқау беруді жүргізеді.

      11. Көлік құралдарының қозғалысы, рейске шығуға берілген біржолғы рұқсаттамада көрсетілген бағыт бойынша жүру бағытындағы барлық ӘПО-да міндетті тіркеумен жүзеге асырылады. Көлік құралын тіркеу кезінде ӘПО-ның уәкілетті адамы біржолғы рұқсаттамада гарнизонға келген, сондай-ақ гарнизоннан кеткен күні және уақыты туралы белгілерді қояды. Белгілер ӘПО уәкілетті адамының қолтаңбасымен және ӘПО-ның мөрімен расталады.

      Жол жүру бағытында ӘПО болмаған жағдайда көлік құралын тіркеуді көлік құралы келген әскери бөлімнің (мекеменің) кезекшісі жүзеге асырады, белгі оның қолтаңбасымен және әскери бөлімнің (мекеменің) мөрімен расталады. Келу және кету уақыты туралы мәліметті кезекші гарнизонның ӘПО-ға хабарлайды.

      12. Транзиттік көлік құралдарын қою және жүргізушілердің түнгі демалысы гарнизон бастықтарының бұйрықтарымен айқындалған әскери бөлімдерде (мекемелерде) жүзеге асырылады. Жекелеген жағдайларда жоспарланған қонатын жерге келу мүмкін болмаған кезде әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) келісуімен қонатын қозғалыс бағытындағы елді мекендерде жүзеге асырылады.

      13. Гарнизон бастықтары жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде өз бұйрығымен транзиттік көлік құралдарын қоятын және жүргізушілердің түнгі демалысын жүзеге асыратын әскери бөлімдерді және мекемелерді айқындайды.

4-тарау. Көлік құралдарының 200 километрден астам арақашықтыққа пайдаланылуын бақылау

      14. Көлік құралдарының қозғалысын бақылауды әскери бөлім командиріне (мекеме бастығына) және жоғары тұрған штабтың жедел кезекшісіне баяндаумен әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жүзеге асырады. Көлік құралын рейске шығарар алдында әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жоғары тұрған штабтың және ҚР ҚК Бас штабы Орталық командалық пунктінің (Ұлттық қорғанысты басқару орталығының) (бұдан әрі – ОКП (ҰҚБО)) жедел кезекшісіне Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау парағын жолдайды.

      15. Жоғары тұрған штабтың жедел кезекшісі бағынысты әскери бөлімдер (мекемелер) үшін ақпарат жинақтауды жүзеге асырады және Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін автомобиль техникасының лектерін 200 километрден астам пайдалану жоспарын әскери тасымалдауларды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің және ОКП (ҰҚБО) жедел кезекшінің мекенжайына Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.

      16. Көлік құралын рейске жіберу, қонатын жерге тоқтау және қозғалыс барысындағы оқиғалар туралы әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жоғары тұрған штабтың жедел кезекшісі арқылы әскери тасымалдауларды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің және ОКП (ҰҚБО) жедел кезекшілеріне дереу баяндайды.

5-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден астам арақашықтықтағы рейстерге пайдалануды жоспарлау

      17. Көлік құралдарын 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану құрылымдық бөлімшелердің бастықтарымен бекітілген тиісті жылға арналған Жоспарға сәйкес Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы нақтыланумен жүзеге асырылады.

      18. Рейсті жоспарлау кезінде рейске шығудың мақсатқа сәйкестігі, тасымалдаудың негізділігі және көлік құралының түрі ескеріледі.

      19. Бағыттас жүкті тасымалдау, көлік құралы тиесілі әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) келісуімен жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
құжат жөнелтілетін адамның
лауазымы

      Әскери бөлімнің

      (мекеменің)

      бұрыштама мөртаңбасы

Өтінім

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20__ жылғы "__"___________ №________ бұйрығына сәйкес ______________ мынадай автомобиль техникасын

      (әскери бөлім немесе мекеме атауы)

      200 километрден астам арақашықтыққа пайдалануға рұқсат етуіңізді сұраймын.

Р/с №

Көлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Тіркеме маркасы

Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ

Машина жетекшісінің (лек бастығының) әскери атағы, ТАӘ








      жүру бағыты;

      аялдайтын және қонатын орындар;

      рейске шығу мақсаты;

      рейске шығудың жоспарланған кезеңі.

      Жүру уақытын ұзарту қажет болған жағдайда өтінім мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылады: "Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 7-тармағы 2) тармақшасына" сәйкес,

      ________________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________ байланысты,

      (себебі көрсетіледі)

      Сізден рейске шығу кезеңінде сағат ____.___-ден сағат____.___-ге дейін көлік құралын пайдалануға (пайдалану уақыты көрсетіледі) рұқсат етуіңізді сұраймын.

      ____________________________________

      ____________________________________

      (өтінім беруге уәкілетті адамның лауазымы,

      әскери атағы, аты, әкесінің аты, тегі)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

      Бекітемін

      ______________________________________________

      ______________________________________________

      Мөр орны 20__ жылғы "___" _______________________

_________________әскери бөлімі (мекеме) көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру АКТІСІ

      Көлік құралының маркасы _________________ әскери нөмірі _________________

      Жүргізуші____________________________________________________________________

      (әскери атағы, ТАӘ)

      Жүргізуші куәлігі: сериясы _____№__________________, санаты ______________________

      1. Жалпы тіркеу деректері:

      1) қорап нөмірі ____________________________________________________________

      2) шанақ нөмірі___________________________________________________________

      3) қозғалтқыш нөмірі________________________________________________________

      4) спидометр көрсеткіші (пломбаның бар болуы және сәйкес келуі) ________________

      5) көлік құралын тіркеу туралы куәлік нөмірі___________________________________

      2. Көлік құралының техникалық жай-күйі______________________________________

      1) қораптың және қосалқы жабдықтың жай-күйі ________________________________

      2) қозғалтқыштың жай- күйі_________________________________________________

      3) тежегіш жүйесінің жай-күйі _______________________________________________

      4) рульдік басқарудың жай-күйі ______________________________________________

      5) электр жабдықтарының және жарық сигналдарының жай-күйі__________________

      6) шиналардың жай-күйі____________________________________________________

      3. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгі және тану белгілерінің бар болуы және сәйкес келуі__________________________________________________________________________

      4. Жүргізушіге хабар беру сигналының бар болуы және ақаусыздығы (жеке құрамды тасымалдауға арналған көлік құралдарында) ________________________________________

      5. Медициналық қобдишасының бар болуы және жабдықталуы___________________

      6. Өрт сөндіргіштің бар болуы және күйі_______________________________________

      7. Қауіпсіздік белбеулерінің бар болуы және жай-күйі ___________________________

      8. Орындықтардың бар болуы және жай-күйі (жеке құрамды тасымалдауға арналған көлік құралдарында) ______________________________________________________________

      9. Жүргізуші және тарту құрал-саймандарының бар болуы _______________________

      Әскери бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің бастықтары)______________________________/________/

      (әскери атағы, ТАӘ)                  қолы

      Автомобиль қызметінің бастығы_______________________________________/_________/

      (әскери атағы, ТАӘ)                  қолы

      Бөлімше технигі_____________________________________________________/_________/

      (әскери атағы, ТАӘ)                  қолы

      Бақылау-техникалық пунктінің бастығы_________________________________/_________/

      (әскери атағы, ТАӘ)                  қолы

      Жүргізуші__________________________________________________________/_________/

      (әскери атағы, ТАӘ)                  қолы

      20___жылғы "___"__________

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

      _____________________ гарнизоны

      Әскери полиция басқармасының (жасағының,

      бөлімінің, бөлімшесінің) бастығына

      Әскери бөлімнің

      (мекеменің)

      бұрыштама мөртаңбасы

Өтінім

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20__ жылғы "__"_________ №___ бұйрығына сәйкес, Сізден _____________________________________________

      (әскери бөлім немесе мекеме атауы)

      әскери техникасын 200 километрден астам арақашықтыққа рейске шығуына біржолғы рұқсаттама беруіңізді сұраймын.

      Техника, техникалық ақаусыз жай-күйде, жүргізуші құжаттары бар, жүргізушілермен нұсқау беру өткізілді.

      Қосымша:

      1) рейске шығуға негіздеме (рұқсаттама) __________________________________;

      (құжаттың атауы және тіркеу нөмірі)

      2) көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру актісі.

      ____________________________________

      ____________________________________

      (өтінім беруге уәкілетті адамның лауазымы,

      әскери атағы, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде, тегі)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
____________________________ көлік құралдарымен 200 километрден астам арақашықтыққа (әскери бөлім немесе мекеменің атауы) рейске шығу үшін
БІРЖОЛҒЫ РҰҚСАТТАМА № _______________
20___жылғы "___" бастап _______ 20___ жылғы "___" _______ кезеңінде жарамды (жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
"____________" "___________" дейін бағыт бойынша жүруге рұқсат (сағаты, минуты) (сағаты, минуты)
Көлік құралының санаты _____________________________________________________ (Қағидалардың 3-тармағына сәйкес нақтыланады)
Жүру бағыты: ______________________________________________________________ (бастапқы, аяқталу және транзиттік пунктілері көрсетіледі)
Шығу мақсаты: _____________________________________________________________
Тасымалданатын жүк: _______________________________________________________
Лек бастығы ________________________________________ (әскери атағы, ТАӘ )
Көлік құралдары туралы мәліметтер

№ р/с

Көлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (транзиттік нөмірі)

Тіркеменің маркасы

Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (транзиттік нөмірі)

Жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ

Машина жетекшісінің әскери атағы, ТАӘ















Біржолғы рұқсаттама берген әскери полицияның (әскери бөлімнің, мекеменің) лауазымды адамы:
_______________________________________________________ (лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ)
20___ жылғы "____" ____________ (біржолғы рұқсаттаманың берілген күні) Мөр орны

Түнгі демалысқа тоқтау жүзеге асырылған гарнизоннан, әскери бөлімдерден (мекемелерден) өткені туралы әскери полиция органдарының белгісі


      Артқы жағы

Түнгі демалысқа тоқтау жүзеге асырылған гарнизоннан, әскери бөлімдерден (мекемелерден) өткені туралы әскери полиция органдарының белгісі

Біржолғы рұқсаттаманы ұзарту туралы белгі
20_жылғы "_"___ дейін біржолғы рұқсаттама 20_жылғы "__"___ дейін біржолғы рұқсаттама ұзартылды ұзартылды (жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
МО ___________________________________ МО ____________________________________ (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ) әскери атағы, қолы, ТАӘ)
20_жылғы "__"__ дейін біржолғы рұқсаттама 20_жылғы "__"___ дейін біржолғы рұқсаттама ұзартылды ұзартылды (жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
МО ____________________________________ МО ___________________________________ (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ) әскери атағы, қолы, ТАӘ)
Бағытты өзгерту туралы белгі
Жүру бағыты ______________ толықтырылды Жүру бағыты _____________ толықтырылды (елді мекеннің атауы) (елді мекеннің атауы)
МО ___________________________________ МО ___________________________________ (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ) әскери атағы, қолы, ТАӘ)
Жүру бағыты _____________ толықтырылды Жүру бағыты ______________ толықтырылды (елді мекеннің атауы) (елді мекеннің атауы)
МО __________________________________ МО ___________________________________ (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ) әскери атағы, қолы, ТАӘ)
Жүргізушінің, машина жетекшісінің, лек бастығының ауыстырылуы туралы белгі
_____________________________________ _____________________ ауыстыру жүргізілді (лауазымды адамның әскери атағы, ТАӘ) (лауазымды адамның әскери атағы, ТАӘ)
МО _____________________________________________________ (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ)
____________________________________ _____________________ ауыстыру жүргізілді (лауазымды адамның әскери атағы, ТАӘ) (лауазымды адамның әскери атағы, ТАӘ)
МО _____________________________________________________ (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ)


  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына 5-қосымша
  Нысан

      Бекітемін

      ________________________________________

      ________________________________________

      Мөр орны 20__ жылғы "___" ________________

_____________ әскери бөлімінің (мекеменің) автомобиліне трекерді орнату (алу) актісі

      Осы акт___________әскери бөлімінің (мекеменің)_________________ көлік құралына:

      (маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)

      1) _______________________________________________________________________

      (әскери бөлімнің немесе мекеменің автомобиль техникасын пайдалануға жауапты адамының лауазымы, әскери атағы, ТАӘ)

      2) _______________________________________________________________________

      (жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ)

      қатысуымен 20__ жылғы __ __________ сағат ___минут____ орнатылғаны туралы жасалды: трекердің сериясы _____№_________;

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      (трекердің жиынтықтаушылары көрсетіледі: антенналар, қуат кабелі, сигнал беру пульті және тағы сол сияқты)

      Трекер техникалық түзу.

      Трекердің ақаусыздығын және жабдықталғанын растаймын:

      _______________________________________________________________________/________/

      (әскери бөлімнің немесе мекеменің автомобиль техникасын пайдалануға жауапты қолы адамының лауазымы, әскери атағы, ТАӘ)

      Тапсырды________________________________________________________/________/

      (әскери полиция әскери қызметшісінің әскери атағы, ТАӘ) қолы

      Қабылдады:______________________________________________________/________/

      (жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ) қолы

      Жүргізуші трекерді пайдалану қағидаларымен танысты.

      _________________________________________________________________/________/

      (жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ) қолы

      Трекерді алу жүргізілді. Алуды жүргізу барысында мынадай кемшіліктер анықталды:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тапсырды:_______________________________________________________/________/

      (жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ)                        қолы

      Қабылдады:______________________________________________________/________/

      (әскери полиция әскери қызметшісінің әскери атағы, ТАӘ)      қолы

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына 6-қосымша
  Нысан

Бақылау парағы

      __________________________________ ________________________________________

      (әскери бөлім/мекеме атауы)      (әскери бөлімнің/мекеменің бағыныстылығы)

      ___________________________________ _______________________________________

      (әскери бөлім командирі/мекеме бастығы)      (рейске шығу мақсаты)

      _____________________________________________ __________________________________

      (біржолғы рұқсаттаманың нөмірі, кім берген) (пайдалануға рұқсат етілген уақыт кезеңі)

      ________________________________________________________________________________

      (арнайы әскери автомобиль полиция автомобильдерімен ілесіп жүру туралы ақпарат)

Көлік құралы (лек) туралы мәлімет

Маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Тіркеме маркасы

Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ, ұялы телефонының нөмірі

Машина жетекшісінің (лек бастығының) әскери атағы, ТАӘ, ұялы телефонының нөмірі

Жүру бағыты

Бағыттың ұзақтығы (бір бағыттағы)










Жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы, қару мен оқ-дәрілерді тасымалдау туралы жалпы мәліметтер

Жүргізушілерді және машина жетекшілерін қосқандағы жеке құрамның саны

Техниканың саны

Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің саны

Ескертпе

Офицерлер

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар) құрамы

Мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілер

Азаматтық персонал

Барлығы

Автомобиль

Броньды танк

Тіркемелер

Барлығы

Атыс қаруы

Қару, минаатқыштар

Оқ-дәрілер















Көлік құралының (лектің) жоспарланған қозғалысы туралы ақпарат

Шығу, транзиттік, келу пункттері

Қозғалу басталған күні және уақыты

Қозғалу жылдамдығы

Келесі пунктке дейінгі арақашықтық

Келген күні мен уақыты

Демалыс орындары

Жанармай құю пункттері

Ескертпе









      ___________________________________________________________________

      (әскери бөлім бойынша кезекшінің әскери атағы, ТАӘ және қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына 7-қосымша
  Нысан

20_ жылғы "___" __________ 200 километрден астам автомобильдік техника лектерін пайдалану (жеке құрамды, қару-жарақты, оқ-дәрілер және басқа да мүліктерді тасымалдау) ЖОСПАРЫ

Қолда бары

__ лектер

Қару-жарақ және әскери техника барлығы

___ бірлік

Қозғалыста

__ лектер

Шығуға жоспарлануда

__ лектер

Әскери автомобиль полицияның ілесіп жүруімен

__ лектер


Р/с №

Әскери бөлім (мекеме)

Жүру бағыты

Бағыттың ұзақтығы, километр (екі бағыттағы)

Біржолғы рұқсаттаманың нөмері, күні және жарамдылық мерзімі

Рейске шығу мақсаты

Тұрақты орналасу пунктінен шығу уақыты

Техниканың атауы

Жүргізушілер, жетекшілер жеке құрамы



















      Кестенің жалғасы

Жүрісті бақылау

Тұрақты орналасу пунктіне келуді жоспарлау күні

Белгіленген пунктте

Кері бағытта

Мүліктің атауы, саны (дана, жиынтық), көлемі (килограмм)

Бағыттас жүк (әскери бөлім, атауы, саны, көлемі)

Түнеу: (елді мекен, әскери бөлім, күні, уақыты)

Мүліктің атауы, саны (дана, жиынтық), көлемі (килограмм)

Бағыттас жүк (әскери бөлім, атауы, саны, көлемі)

Түнеу: (елді мекен, әскери бөлім, күні, уақыты)















      Жедел кезекші

      _________________________________

      (әскери атағы және тегі)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын бақылауды
ұйымдастыру және оларды
200 километрден астам
арақашықтыққа пайдалану
қағидаларына 8-қосымша
  Нысан

Келісілді
_____________________________________
(лауазымы, әскери атағы және тегі)
20_ жылғы "____" ____________

Бекітемін
______________________________
__________________________________________
(лауазымы, әскери атағы және тегі)
20_ жылғы "____" ____________

      автомобиль көліктерімен материалдық-техникалық құралдарды тасымалдау ___________________

      (ай, жыл)

      ЖОСПАРЫ

Р/с №

Тасымалдауды тапсырушы

Жүктің атауы

Жүктің массасы (саны), тонна

Автокөлік бөлетін әскери бөлім (мекеме)

Көлік құралдарының қажетті саны

Автокөліктің келу орны және уақты

Тасымалдау бағыты

барлығы

Соның ішінде автокөліктермен тасымалдауға жатады

Жүк автомобильдері

Жанармай автоцистерналары

Тіркемелер

Күні және уақты

Мекенжай бойынша

Қайдан

Қайда

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету полктарының

Тапсырушының

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















      Кестенің жалғасы

Тасымалдау иығы және рейс саны

Тасымалдау мерзімі

Мотоқордың шығыны, мың километр

Тасымалдауға жауапты

Кері бағытта не алып қайтуға жоспарлануда

Ескерту

Басталуы

Аяқталуы

15

16

17

18

19

20

21








      ___________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы және тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады