"Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қаңтарда № 22128 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:

      3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Ақтау теңіз айлағы" арнайы экономикалық аймағы:

      1) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;

      2) былғары және оған қатысты өнімдер өндіру;

      3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

      5) өзге де металл емес минералды өнім өндіру;

      6) металлургия өнеркәсібі;

      7) дайын металл бұйымдарын жасау;

      8) машиналар мен жабдықтарды жасау;

      9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;

      10) негізгі фармацевтикалық өнімдер және препараттар өндіру;

      11) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      12) электр моторларын, генераторлар, трансформаторлар, электр таратқыш және бақылау аппаратурасын жасау;

      13) электр өткізгіштерді және электр өткізгіш аспаптарын жасау;

      14) жобалау-сметалық құжаттамаға шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      15) "AKTAU RESORT HOTEL" көпфункционалды кешенін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу және пайдалануға беру;

      16) деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдармаларды) орналастыру және осымен байланысты қызметтер; веб-порталдардың қызметі;

      17) аквадақыл;

      18) жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіру;

      19) электр энергиясын беру;

      20) электр энергиясын тарату.

      21) тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы;

      22) қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі;

      23) меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару;

      24) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады