"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17884 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары;
2) осы қаулыға 2 -қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар;";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі - облигациялар) (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу, облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтыруларды тіркеу, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, облигациялар шығарылымының күшін жою талаптары мен тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар инфрақұрылымдық облигацияларды, жеке орналастыруға жататын облигацияларды, айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигацияларды, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері- эмитенттердің облигацияларын (облигациялық бағдарламасын), халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды қоса алғанда, облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу ерекшеліктерін белгілейді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Заңды тұлға-эмитент (бұдан әрі – эмитент) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде еркін нысанда жасалған өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ өзге де мәліметтер мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) стандартында келтірілген.
Эмитент өтінішті портал арқылы "жеке кабинетте" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақытын көрсетумен сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматтық түрде көрінеді.";
3-2 және 3-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3-2. Уәкілетті органның хат- хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері эмитенттің өтінішін қабылдауды, оны тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі-жауапты бөлімше) оның келіп түскен күні орындауға жіберуді жүзеге асырады. Эмитент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттардың қолданыс мерзімін тексеруді:
мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
эмитент бір мезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталуы фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері осы тармақта белгіленген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және эмитентке жібереді.
Уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту эмитентке электрондық құжат нысанында портал арқылы жіберіледі.
3-3. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі және (немесе) қолданыс мерзімі аяқталмағаны анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, хат жобасын (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту дайындайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне:
облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
эмитент облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның уәкілетті адамының қолын қойдырады.
Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында эмитентке "жеке кабинетке" жібереді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуі осы эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:
1) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар берілген күні бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыста болған облигациялар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі уақытылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
2) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің зиянсыз қызметі немесе соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған, аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігінің негізінде есептелген ақшаның таза ағындары оң болып табылады;
3) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар берілетін айдың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы.
Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар берілетін айдың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттер жөнінде ақпарат болмаған жағдайда уәкілетті орган алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша пруденциялық нормативтер және өзге де нормалар мен лимиттер жөніндегі ақпаратты назарға алады;
4) эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келуі (егер эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялардың қор биржасының сауда жүйесіндегі айналымы көзделген жағдайда).
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:
эмитенттің қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауын жүргізген;
уәкілетті органның "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы заңының 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіпте төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің міндеттемелеріне мәжбүрлі қайта құрылымдау жүргізу туралы шешіміне сәйкес бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауын жүргізген жағдайда қолданылмайды;
дауыс беруші акцияларының кемінде елу пайызы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі эмитентті қайта құрылымдау жүргізген жағдайларда;
жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымына қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының талаптары банктің облигацияларын акцияға айырбасталатын реттелген облигациялар түрінде шығаруда қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Эмитент жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган эмитенттің "жеке кабинетіне" және орталық депозитарийге электрондық форматта жеке меморандумын және электрондық құжат нысанында мыналарды жібереді:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті - жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті – облигациялық бағдарлама шегіндегі жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1-тарау. Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі
30-1. Эмитент мыналар өзгерген жағдайда жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін уәкілетті органға ұсынады:
1) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) қосымшаның 1-тармағында көрсетілген мәліметтер - эмитенттің атауының өзгергендігін растайтын құжаттарды эмитент алған күннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде;
2) Талаптарға қосымшалардың 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген мәліметтер - егер осы шығарылымның ешбір облигациясы орналастырылмаған не осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында немесе облигация ұстаушылардың жалпы жиналысында сатып алған жағдайда, эмитенттің тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
30-2. Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркін нысанда жасалған өтініш;
2) жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар;
3) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып электрондық түрдегі жеке меморандум;
4) шешімнің (хаттаманың) көшірмесі, оның негізінде жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі;
5) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің түпнұсқасы (облигациялар саны азайған, мемлекеттік емес облигациялардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің тұрған жері өзгерген кезде) (оларды қағаз тасымалдағышта алған жағдайда);
6) сот бекіткен және облигациялар шығарылымының талаптарын өзгерту қамтылатын қайта құрылымдау жоспарының көшірмесі (эмитент қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда).
30-3. Уәкілетті орган жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды.
Уәкілетті орган жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келген жағдайда жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу туралы ілеспе хатпен бірге мыналарды эмитентке жібереді:
1) мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы өзгертілген куәлік (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің тұрған жері өзгерген кезде);
2) егер енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлікте көрсетілген мәліметтерді өзгертуді көздемейтін жағдайда жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама;
3) жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар.
30-4. Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жарияланған облигациялар санының өсуіне алып келмейтін жағдайда жүзеге асырылады.
30-5. Талаптарға қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарында көзделген облигацияларды шығару талаптарын өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда облигацияларды орналастыру және айналысы жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген күннен кейінгі күнге дейін тоқтатыла тұрады.
30-6. Эмитент осы Қағидалардың 30-2-тармағында белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және құжаттарды қарау процесінде олардың Талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуден бас тартады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Эмитент немесе төлем агенті (эмитентте төлем агентімен шарт болған жағдайда) уәкілетті органға қарау және назарға алу үшін облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны облигациялар шығарылымының проспектісінде (жеке меморандумда) белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде ұсынады.";
Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жазылсын:
Қағидаларға 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қағидаларға 2-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қағидаларға 3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қағидаларға 4-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қағидаларға 5-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарауға арналған құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектіне (облигациялық бағдарламаның проспектіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу өтінішіне, сондай-ақ облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаға эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті адам (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Жеке меморандум Талаптарға қосымшаға сәйкес жеке меморандумның құрылымына сай жасалады.
Жеке меморандум қазақ және орыс тілдерінде жасалады.
Номиналы шетел валютасымен көрсетілген облигациялар шығарылған жағдайда жеке меморандум қазақ, орыс тілдерінде және эмитенттің қалауы бойынша ағылшын тілінде жасалады.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Талаптарға қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмитент жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін мыналарды ұсынады:
1) облигацияларды ұстаушылар болған жағдайда жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы шешімінің (облигацияларды жалғыз ұстаушы шешімінің) көшірмесі (соттың шешіміне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізілетін эмитентті қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда);
2) егер осы шығарылымның бірде-бір облигациясы орналастырылмаған немесе осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент сатып алған жағдайда, эмитенттің тиісті органының жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы көшірмесі.
Эмитент қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы жеке меморандумға өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.
Жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада жасалады. Қазақ және орыс тілдерінде жасалған, өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген жеке меморандум *pdf форматындағы электрондық көшірме түрінде ұсынылады.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакциясы жазылсын:
"7. Хаттама немесе одан үзінді көшірме нысанында жасалған, облигациялар шығарылымы проспектісіне, жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін көшірмесі уәкілетті органға ұсынылатын облигациялар ұстаушылардың (жалғыз облигация ұстаушының) жалпы жиналысының облигациялар шығарылымы проспектісіне, жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінде мынадай мәліметтер қамтылады:
1) эмитенттің атауы;
2) проспектісіне немесе жеке меморандумына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні, осы шығарылымның облигацияларына берілген халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды);
3) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
4) ұстаушылары облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысатын облигациялардың саны;
5) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының кворумы;
6) осы шығарылым облигацияларының 10 (оннан) астам пайызына ие облигациялар ұстаушылардың саны;
7) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі;
8) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі;
9) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса);
10) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері;
11) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша қабылданған шешім.
8. Хаттама немесе одан үзінді көшірме нысанында жасалған, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін көшірмесі уәкілетті органға ұсынылатын эмитент органының облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінде мынадай мәліметтер қамтылады:
1) эмитенттің атқарушы органының атауы мен орналасқан жері;
2) отырыс өткізілетін күні, уақыты мен орны (отырыс қатысып дауыс беру жолымен өткізілген жағдайда) немесе отырыс күні (сырттай дауыс берілетін жағдайда);
3) отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған);
4) отырыс кворумы;
5) отырыстың күн тәртібіндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты мәселелер;
6) отырыстың күн тәртібіндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері;
7) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты мәселе бойынша қабылданған шешім;
8) отырыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса).";
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакциядағы қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою үшін құжаттар тізбесінде және оларға қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:
1) облигациялардың күшін жою негізін көрсете отырып, эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам) не қол қоюға уәкілетті адам (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қойған облигациялар шығарылымының күшін жою туралы өтініш;
2) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің органы шешімінің көшірмесі;
3) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын), облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісін), облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқалары (оларды қағаз тасымалдағышта алған жағдайда) (жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жойылған жағдайды қоспағанда);
4) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқалары (оларды қағаз тасымалдағышта алған жағдайда) (жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жойылған жағдайды қоспағанда);
5) эмитенттің органы облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарийдің облигациялар ұстаушылардың жоқ екені туралы хабарламасы (егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған немесе осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған жағдайда);
6) сот бекіткен эмитентті қайта құрылымдау жоспарының көшірмелері (қаржы ұйымдарының, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымдардың қайта құрылымдау рәсімдері жүзеге асырылған жағдайда);
7) эмитентті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің және сот бекіткен тарату балансының көшірмелері (эмитент мәжбүрлеп таратылған жағдайда).
Облигациялар шығарылымын олардың айналыс мерзімі өткеннен кейін жою үшін эмитент уәкілетті органға Тізбенің 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты ұсынады.".
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган). |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері |
Мыналарды мемлекеттік тіркеу кезінде: |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық форматта облигациялар шығарылымының проспектісі; |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім бар еркін нысанда жасалған электрондық өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсыну талаптары мен тәртібін бұзуы және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталуы. |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. |
Жеке меморандумның құрылымы Құжаттың атауы: "Жеке меморандум"
Жазба: "Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекетті тіркеуі инвесторларға мемлекеттік емес облигацияларды сатып алуға қатысты, жеке меморандумда сипатталған қандай да болсын ұсынымдар беруді білдірмейді және осы құжатта қамтылған ақпараттың дәйектілігін растамайды.
Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген барлық ақпараттың дәйектілігін және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылдыруға әкеп соқтырмайтынын растайды.
Мемлекеттік емес облигациялар айналысының кезеңінде эмитент Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашуды қамтамасыз етеді.".
1. Эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (болған жағдайда) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;
2. Эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:
1) облигациялардың түрі;
2) бір облигацияның нақтылы құны (егер бір облигацияның нақтылы құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның нақтылы құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);
3) облигациялардың саны;
4) облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;
5) облигацияның нақтылы құнының валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.
4. Облигациялар бойынша кіріс алу:
1) облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (егер облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі индекстелген шама болса, онда облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);
2) сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;
3) облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;
4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;
5) облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі.
5. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде жобалық қаржыландыру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:
1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары және болжанатын мерзімдері;
2) облигациялар ұстаушыларға негізгі шарт бойынша жасалған мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы, кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізілуі және олардың өкілеттіктері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі;
3) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және активтерді инвестициялық басқару мәмілесіне қызмет көрсетуге байланысты, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын шығыстарының тізбесі.
6. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:
1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатордың қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;
3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;
5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеруге құқылы талаптар;
6) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер;
7) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;
8) талап ету құқықтары біртектілігінің өлшемшарттары.
7. Облигацияларды орналастыру талаптары және тәртібі:
1) облигацияларды орналастыру басталған күн;
2) облигацияларды орналастыру аяқталған күн;
3) облигацияларды орналастыру жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).
8. Облигацияларды айналысқа жіберу талаптары және тәртібі:
1) облигацияларды айналысқа жіберу басталған күн;
2) облигацияларды айналысқа жіберу аяқталған күн;
3) облигациялардың айналыс мерзімі;
4) облигацияларды айналысқа жіберу жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).
9. Облигацияларды өтеу талаптары және тәртібі:
1) облигацияларды өтеу күні;
2) облигацияларды өтеу тәсілі;
3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және нақтылы құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осы құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің сипаттамасы және көрсетілген құқықтарды жүзеге асыруға құзыретті тұлғалар, сондай-ақ осы құқықтарға өтуді іске асыру тәртібі келтіріледі.
10. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 18-4-бабында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша талаптары болған жағдайда:
1) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру тәртібі, талаптары;
2) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру мерзімі көрсетіледі.
11. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленген жағдайда:
1) эмитент қабылдайтын және бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;
2) ковенанттар (шектеулер) бұзылған кезде эмитент іс-әрекетінің тәртібі;
3) ковенанттар бұзылған кезде облигация ұстаушылар іс-әрекетінің тәртібі көрсетіледі.
12. Айырбасталатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:
1) облигациялар айырбасталатын акциялардың түрі, саны және орналастыру бағасын белгілеу тәртібі, осындай акциялар бойынша құқықтар;
2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастаудың аяқталу күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 61-10-тармағында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банк уәкілетті органның шешіміне сәйкес облигацияларды акцияларға айырбастау талаптарын көрсетеді.
13. Эмитенттің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын мүлкі туралы мәліметтер:
1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;
2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;
3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.
14. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).
15. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде - концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.
16. Эмитент бұрын орналастырған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар (эмитент сатып алған облигацияларды шегергенде) бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.
17. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:
1) эмитенттен облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген облигацияның нақтылы құнының мерзімін алу немесе өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ ол бойынша белгіленген облигациялардың нақтылы құнының пайызын немесе жеке меморандумда белгіленген өзге де мүліктік құқықты алу құқықтары;
2) эмитенттің облигацияларды, оның ішінде жеке меморандумда көзделген ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;
3) өзге құқықтар.
18. Басталған кезде эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәлімет:
1) басталған кезде эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;
2) облигацияларды ұстаушылардың сыйақы төлемі бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін, оның ішінде міндеттеме тәртібі және қайта құрылымдау талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар;
3) эмитенттің орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелердің орындалмау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін болатын іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың эмитентке, эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметтерден тұратын дефолт фактісі туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушыларға жеткізу тәртібі, мерзімі және тәсілі;
4) эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, осы тұлғалардың толық атауы, сондай-ақ оларды (осындай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеу күні.
19. Эмитенттің облигацияларын ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигациялар шығарылған жағдайда):
1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;
2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері;
3) эмитенттің облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.
20. Эмитенттің төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):
1) төлем агентінің толық атауы;
2) төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кірістерді (облигациялардың нақтылы құнын) төлейтін барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, деректемелері;
3) эмитенттің төлем агентімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.