Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 ақпанда № 22231 болып тіркелді

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 12-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерін және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерін есептеу әдістемелері;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 17 ақпандағы
№ 32 Қаулыға
1-қосымша

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері

Пруденциалдық нормативтердің, өзге де нормалардың және (немесе) лимиттердің атауы

Нормативтік мән

1

Резерв ретінде қабылданатын активтердің ең төмен мөлшері:


1.1

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша

1 500 000 АЕК

1.2

"өмірді сақтандыру" саласы бойынша

1 500 000 АЕК

1.3

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша

2 100 000 АЕК

1.4

"өмірді сақтандыру" саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша

2 100 000 АЕК

1.5

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша және "ипотекалық сақтандыру" сыныбы бойынша

2 100 000 АЕК

1.6

қайта сақтандыруды қызметінің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру бойынша

10 500 000 АЕК

2

Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің ең төмен мөлшері

1

3

Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативінің ең төмен мөлшері

1

      Ескерту:

      Резерв ретінде қабылданатын активтердің ең төмен мөлшерін есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын құру күніне, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) пайдаланылады.

  Қаулыға
2-қосымша

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерін және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерін есептеу әдістемелері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерін және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерін есептеу әдістемелері (бұдан әрі – Әдістемелер), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 46-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерін және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерін есептеу әдістемелерін белгілейді.

      2. Заңның 46-бабының 12-тармағын ескере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерді есептеуі кезінде мыналар қолданылады:

      1) исламдық сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақысы ретінде - Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқаруды жүзеге асыратын исламдық сақтандыру қорындағы сақтандыру сыйлықақысы;

      2) исламдық сақтандыру шарттары есебінен қалыптастырылған сақтандыру резерві ретінде - Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқаруды жүзеге асыратын исламдық сақтандыру қорындағы сақтандыру резерві;

      3) исламдық сақтандыру шартына сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру төлемі ретінде - Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқаруды жүзеге асыратын исламдық сақтандыру қорынан төленетін сақтандыру төлемі;

      4) актив ретінде - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқаруды жүзеге асыратын исламдық сақтандыру қорындағы активтер (қаражат);

      5) исламдық қайта сақтандырушылардан алынатын сома ретінде -Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқаруды жүзеге асыратын, исламдық сақтандыру қорында қалыптастырылатын исламдық қайта сақтандырушылардан алынатын сома;

      6) исламдық қайта сақтандыру активі ретінде – Қазақстан Республикасының бейрезиденті-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын исламдық сақтандыру қорындағы исламдық қайта сақтандыру активі пайдаланылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерін есептеу әдістемелері

1-параграф. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін есептеу

      3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы мынадай формула бойынша нақты төлем қабілеттілігі маржасының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшеріне қатынасы ретінде есептелетін төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін күнделікті орындайды:



      ТМН – төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі;

      НТМ – нақты төлем қабілеттілігінің маржасы;

      ТМЕ – төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшері.

      4. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Әдістемелердің 8, 11, 12, 14 және 15-тармақтарына сәйкес есептелінеді. Егер төлем қабілеттілігі маржасының есептелген ең төмен мөлшерінің шамасы кепілдік беру қорының Әдістемелердің 5-тармағында анықталған ең төмен мөлшерінен төмен болса, онда төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері кепілдік беру қорының ең төмен мөлшеріне тең шаманы құрайды.

      Нақты төлем қабілеттілігінің маржасы осы тараудың 21-тармағына сәйкес есептеледі

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері мына шамалардан кем болмайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін – 500 000 (бес жүз мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін - 500 000 (бес жүз мың);

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін - 700 000 (жеті жүз мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін - 700 000 (жеті жүз мың).

      Егер "ауырған жағдайда сақтандыру" және "туристі міндетті сақтандыру" сыныптары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының үлесі есепті күні қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде 80 (сексен) пайыздан астам болса, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері 30 (отыз) пайызға азаяды.

      "Жалпы сақтандыру" саласында "ипотеканы сақтандыру" сыныбы бойынша лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері 700 000 (жеті жүз мың) айлық есептiк көрсеткiш болады.

      Қайта сақтандыруды қызметінің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) айлық есептiк көрсеткiшті құрайды.

      "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және сақтанушы инвестицияларға қатысқан жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандырудың әзірленген түрлері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері:

      сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерін дербес басқарған кезде 200 000 (екі жүз мың) айлық есептік көрсеткішке;

      сақтанушының инвестицияларға, сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерін берген кезде 100 000 (бір жүз мың) айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады.

      Кепілдік беру қорының ең төмен мөлшерін есептеу мақсатында тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, есепті кезеңнің соңындағы айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Әдістемелерге 1-қосымшаға сәйкес Төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшерінің ұлғаю кестесі бойынша есептелген төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің ұлғаю сомасына сәйкес қайта сақтандырушының рейтингтік бағасына немесе өткен есепті күнгі Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандыру ұйымы филиалының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәніне байланысты, қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қайта сақтандыруға берілетін (берілген) міндеттемелер сомасына ұлғаяды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен құрылған (қалыптастырылған) активтердің ағымдағы құнының 1 (бір) пайызына тең мәнге ұлғайтылады.

      7. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін есептеу мақсатында Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич), A.M. Best (Эй. Эм. Бэст) және Morningstar (Морнинстар) агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының рейтингтік бағаларын пайдаланады.

      Morningstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің рейтингтік бағалары Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange traded commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайларын бағалау мақсатында ғана пайдаланылады.

      Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін есептеу барысында Әдістемелерге 2-қосымшаға сәйкес ұзақ мерзімді рейтингтердің салыстырмалы кестесіне сәйкес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (міндеттемелерді Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына берген жағдайда) қаржылық орнықтылығының рейтингтері немесе оларға сәйкес келетін рейтингтер пайдаланылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалармен байланысты тәуекелдерді сақтандыру жүзеге асырылмайды.

      8. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және қызметінің ерекше түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-қайта сақтандыру ұйымының филиалы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Әдістемелердің 9 және 10-тармақтарында көрсетілген әдістерді пайдалана отырып есептелген шамалардың бірінің ең жоғары мәніне тең шаманы білдіреді.

      9. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін "сыйлықақылар әдісін" пайдалана отырып есептеу тәртібі:

      1) есептеу өткен қаржы жылында сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының немесе өткен қаржы жылындағы жиынтық еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасын негізге алып жүзеге асырылады, мұнда есептеу үшін ең жоғары шама алынады;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының "көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру" сыныбы бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы 50 (елу) пайызға ұлғаюға тиіс;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес есептелген жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу шығыстары сомасына, сондай-ақ корпоративтік табыс салығының сомасына азаяды;

      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес есептелген 3 500 000 000 (үш миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 18 (он сегіз) пайызға көбейтіледі, қалған артылған сома 16 (он алты) пайызға көбейтіледі.

      Алынған нәтижелер осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне жинақталады және түзетіледі;

      5) түзету коэффициенті өткен 3 (үш) қаржы жылында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасының (сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) өткен 3 (үш) қаржы жылында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,5 (нөл бүтін оннан бестен) кем болса, онда есептеу үшін 0,5 (нөл бүтін оннан бес) алынады.

      Егер Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өткен 3 (үш) қаржы жылында сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаса, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу кезінде түзету коэффициенті қолданылмайды.

      10. "Төлемдер әдісін" қолданумен төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеу тәртібі:

      1) есептеу үшін алдыңғы 3 (үш) қаржы жылы үшін есептелген жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы пайдаланылады.

      Заңның 6-бабы 3-тармағының 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген тәуекелдерді сақтандырумен ғана айналысатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептеу үшін алдыңғы 7 (жеті) қаржы жылы үшін жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасын пайдаланады;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы "көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру" сыныбы бойынша жүзеге асырған жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы 50 (елу) пайызға ұлғайтылуға жатады;

      3) жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы алдыңғы қаржы жылының соңындағы мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына ұлғайтылады және азайтылады:

      есепті қаржы жылының алдындағы 3 (үш) жыл үшін қаржы жылының соңындағы мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына;

      осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары үшін - есепті қаржы жылының алдындағы 7 (жеті) жыл үшін қаржы жылының соңындағы мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеу үшін осы тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес алынған соманың үштен бір бөлігі;

      осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары үшін - осы тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес алынған соманың жетінші бөлігі;

      5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес есептелген,2 500 000 000 (екі миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру төлемдерінің сомасы 26 (жиырма алты) пайызға көбейтіледі, қалған артық сома 23 (жиырма үш) пайызға көбейтіледі.

      Алынған нәтижелер қосылады және Әдістемелердің 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне түзетіледі.

      Егер Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаса, онда төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеу "төлемдер әдісі" пайдаланылмай жүзеге асырылады.

      11. Төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері мынадай сомаларға ұлғаяды:

      Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15-1) және 16) тармақшаларында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныптар бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша - есепті кезеңнің соңына сақтандырудың осы сыныптары бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының 10 (он) пайызына;

      сақтанушының, сақтандырылушының немесе үшінші тұлғаның арасында жасалған шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) өз міндеттемелерін орындамауы (тиісінше орындамауы) салдарынан зиянды өтеуге байланысты сақтанушының немесе пайда алушының мүліктік мүдделері олар бойынша сақтандыру объектісі болып табылатын Заңның 6-бабы 3-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныбы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша - есепті кезеңнің соңына сақтандырудың осы сыныбы бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының 10 (он) пайызына;

      Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15-1) және 16) тармақшаларында көрсетілген ерікті сақтандыру нысанындағы сыныптар шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың қаржылық зиянын өтеуді көздейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша - есепті кезеңнің соңында қолданыста болған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысының 10 (он) пайызына қосымша.

      12. Егер Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері алдыңғы қаржы жылынан аз болса, онда есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Әдістемелердің 13-тармағына сәйкес есептелетін резерв коэффициентіне түзетілген алдыңғы қаржы жылындағы төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшеріне тең болады.

      Егер резерв коэффициентіне түзетілген алдыңғы қаржы жылындағы төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерінен аз болса, онда есептеу үшін есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері пайдаланылады.

      13. Резерв коэффициенті алдыңғы қаржы жылының соңындағы мәлімделген, бірақ реттелмеген зиян резерві сомасының (қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) алдыңғы қаржы жылының басындағы мәлімделген, бірақ реттелмеген зиян резервінің сомасына (қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) қатынасы ретінде есептеледі. Егер резерв коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 1-ден (бірліктен) артық болса, онда есептеу үшін 1 (бірлік) қабылданады.

      14. "Ауырған жағдайда сақтандыру" және "туристі міндетті сақтандыру" сыныптары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының үлесі есепті күнге қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде 80 (сексен) пайыздан асатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшері Әдістемелердің 9 және 10-тармақтарында көрсетілген әдістердің бірін пайдалана отырып есептелген шама болып табылады, онда төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері 30 (отыз) пайызға азайтылады.

      15. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу мынадай сақтандыру сыныптары бойынша:

      1) "өмірді сақтандыру" және "аннуитеттік сақтандыру" сыныптары бойынша;

      2) "жазатайым оқиғалардан сақтандыру", "ауырған жағдайдан сақтандыру" және "қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру" сыныптары бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу үшін Әдістемелердің 16 және 20-тармақтарына сәйкес есептелген сомалар алынады.

      16. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Әдістемелердің 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу Әдістемелердің 17 және 19-тармақтарына сәйкес есептелген мәндердің сомасына тең шаманы білдіреді.

      17. Тәуекелді капитал теріс мәнге ие болмайтын, қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері мынадай шамалардағы сомаға:

      1) қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша (мерзімі 3 (үш) жылға дейін) - Әдістемелердің 18-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтілген тәуекелді капитал сомасынан 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызға;

      2) қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша (мерзімі 3 (үш) жылдан 5 (бес) жылға дейін) - Әдістемелердің 18-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтілген тәуекелді капитал сомасынан 0,15 (нөл бүтін жүзден он бес) пайызға;

      3) қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандырудың басқа шарттары бойынша - Әдістемелердің 18-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтілген тәуекелді капитал сомасынан 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайызға тең болады.

      18. Тәуекелді капитал өткен қаржы жылының соңындағы ол бойынша құрылған сақтандыру резервтері сомасымен қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасының айырмасы болып есептеледі.

      Түзету коэффициенті қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша тәуекелді капиталдың (қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) тәуекелді капиталға қатынасы ретінде есептеледі. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,5 (нөл бүтін оннан бестен) кем болса, онда есептеу үшін 0,5 (нөл бүтін оннан бес) алынады.

      19. Әдістемелердің 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша қалған сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері мынадай мәнге тең:

      зейнетақы аннуитетінің шарттарын қоспағанда, есептелген қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің және осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес түзету коэффициенті сомасынан 4 (төрт) пайыз көбейтіндісіне;

      зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша – қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің және осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген түзету коэффициенті сомасынан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 18290 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға (бұдан әрі - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар) сәйкес белгіленген жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары мөлшерінің көбейтіндісіне тең.

      Түзету коэффициенті өткен қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергенде, қалыптастырылған сақтандыру резервтері сомасының өткен қаржы жылының соңындағы қалыптастырылған сақтандыру резервтері жалпы сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,85 (нөл бүтін жүзден сексен бестен) кем болса, онда есептеу үшін 0,85 (нөл бүтін жүзден сексен бес) алынады.

      20. "Жазатайым оқиғалардан сақтандыру", "ауырған жағдайдан сақтандыру" және "қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру" сыныптары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Әдістемелердің 8, 9, және 10-тармақтарына сәйкес есептеледі.

      "Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру" сыныбы бойынша "сыйлықақылар әдісін" пайдалана отырып, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу кезінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын құру арқылы қабылдаған сақтандырудың осы сыныбының сақтандыру шарты (шарттары) бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (еңбек сіңірілген сыйлықақыларын) қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандырудың осы сыныбы бойынша қабылдаған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы 100 (жүз) пайызға ұлғаюға тиіс.

      21. Нақты төлем қабілеттілігінің маржасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      НТМ = БКШ + ФҚН – МЕА – И, мұндағы:

      НТМ – нақты төлем қабілеттілігінің маржасы;

      БКШ – Заңның 46-бабының 12-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтердің ең төмен мөлшерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы салымдарының сомасы ретінде есептелетін бас кеңсенің шоты;

      ФҚН – Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы қызметінің нәтижелері;

      МЕА – Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер - жинақталған амортизацияны ескере отырып, өзіндік құны мөлшерінде;

      И – басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына инвестициялар.

2-тарау. Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативін есептеу

      22. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өтімділігі жоғары активтер құнының қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі сақтандыру резервтерінің сомасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептелетін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативін сақтайды:



      ӨАН – өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі;

      ӨА – Әдістемелердің 3-қосымшаға сәйкес Өтімділігі жоғары активтер кестесінде көрсетілген тиісті көлемдердегі Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өтімділігі жоғары активтерінің құны (РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерді шегергенде);

      РС – Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелген, соңғы есептік айдың соңындағы қайта сақтандырушының үлесін шегергенде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру резервтерінің сомасы. Сақтандыру резервтерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайынғы қаржылық және өзге де есептілікті ұсынған күнге дейін пайдаланылады (есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейін, өткен есепті айдағы сақтандыру резервтерінің сомасы пайдаланылады).

  Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымы филиалының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-исламдық
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы филиалының
пруденциялық нормативтерінің
және сақталуға міндетті өзге де
нормалар мен лимиттерді
есептеу әдістемелеріне
1-қосымша

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің ұлғаю кестесі

Қайта сақтандыру ұйымының атауы

Халықаралық немесе ұлттық шкала бойынша қайта сақтандырушының рейтингтік бағасы (төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі)

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген (берілетін) міндеттемелер көлемі, барлығы (мың теңгемен)

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген (берілетін) міндеттемелер көлемінің пайызы

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшерінің ұлғаю сомасы (мың теңгемен) (3-баған х 4-баған

1

2

3

4

5

"Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратифицикацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт) қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

1-топ

"АА-" немесе жоғары


0%







2-топ

"А+" - "А-" аралығы


0%







3-топ

"ВВВ+" - "ВВВ-" аралығы


0,2%







4-топ

"ВВ+" - "ВВ-" аралығы


0,75%







5-топ

"В+" - "В-" аралығы


3,8%







6-топ

"В-"-дан төмен немесе жоқ


22%







Қазақстан Республикасының резиденттері - қайта сақтандырушылармен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

7-топ

"В" - дан төмен емес немесе "kzBB"


0%







8-топ

"В-", "kzBB-", "kzB+"


0,2%







9-топ

> 1,75


0,05%







10-топ

> 1,5


0,1%







11-топ

> 1,25


0,2%







12-топ

> 1,1


0,5%







13-топ

>= 1,0


3,8%







14-топ

< 1,0


5%







ЕАЭО туралы шартқа қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

15-топ

"ВВВ+" - "ВВВ-" аралығы


0%







16-топ

"ВВ+" - "ВВ-" аралығы


0,2%







17-топ

"В+" - "В-"аралығы


0,5%







18-топ

"В-" дан төмен немесе жоқ


22%


Жиынтығы:





  Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымы филиалының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-исламдық
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы филиалының
пруденциялық нормативтерінің
және сақталуға міндетті өзге де
нормалар мен лимиттерді
есептеу әдістемелеріне
2-қосымша

Ұзақ мерзімді рейтингтердің салыстырмалы кестесі

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс)

Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис)

Fitch (Фич)

A.M. Best (Эй. Эм. Бэст)

1

ААА

Ааа

ААА

ааа

2

АА+

Aa1

АА+

аа+

3

АА

Аа2

АА

аа

4

АА-

Аа3

АА-

аа-

5

А+

A1

А+

а+

6

А

А2

А

а

7

А-

A3

А-

а-

8

ВВВ+

Baa1

ВВВ+

ввв+

9

ВВВ

Ваа2

ВВВ

ввв

10

ВВВ-

Ваа3

ВВВ-

ввв-

11

ВВ+

Ba1

ВВ+

вв+

12

ВВ

Ва2

BB

вв

13

ВВ-

Ва3

ВВ-

вв-

14

B+

B1

B+

в+

15

B

B2

B

в

16

B-

В3

B-

в-

  Қазақстан Республикасының
бейрезидент- сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымы филиалының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-исламдық
сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы
филиалының пруденциялық
нормативтерінің және
сақталуға міндетті өзге де
нормалар мен лимиттерді
есептеу әдістемелеріне
3-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өтімділігі жоғары активтерінің кестесі

Көрсеткіштің атауы

Ескерілетін көлем

1

2

3

1

Ақша - барлығы, оның ішінде:


1.1

қайта сақтандыру активтерін шегергенде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы активтерінің сомасынан 1 (бір) пайыздан аспайтын сомада кассадағы ақша

100%

1.2

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және орталық депозитарийдегі бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның шоттарындағы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ақшасы

100%

1.3

мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша
- бұл банктер акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатына енгізілген не қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылатын;
- Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
- Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктері Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-еншілес банктері болып табылады

100%

1.4

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-дан "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

90%

1.5

Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктері Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ағымдағы шоттардағы ақша

100%

1.6

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы

100%

2.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шотта орналастырылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының резерв ретінде қабылданатын активтер ең төмен мөлшері

100%

3

Салымдар - барлығы, оның ішінде:


3.1

бұл банктер акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатына енгізілген не қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылады деген талаппен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

100%

3.2

мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:
Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) "В"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктері Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-еншілес банктері болып табылады

100%

3.3

Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-дан "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

90%

3.4

тізбесі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 14797 болып тіркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциалдық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есеп айырысу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары немесе сақтандыру холдингтері сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін, және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен айқындалған, Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы (бұдан әрі – халықаралық қаржы ұйымдары) салымдар, Еуразиялық Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар

100%

3.5

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі салымдар

100%

3.6

Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктері Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалындағы салымдарД

100%

4

Борыштық бағалы қағаздар - барлығы, оның ішінде:


4.1

басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

100%

4.2

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

100%

4.3

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

4.4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

4.5

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

90%

4.6

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

60%

4.7

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентте) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA-"-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары

100%

4.8

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентте) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "B-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

85%

4.9

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес халықаралық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген борыштық бағалы қағаздар

100%

4.10

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

100%

4.11

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

90%

4.12

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

80%

4.13

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар (эмитентте) шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

4.14

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің (эмитентте) мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

85%

4.15

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің (эмитентте) мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

70%

5

Акциялар және депозитарлық қолхаттар, оның ішінде:


5.1

тізбесі "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен белгіленген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінде № 14794 болып тіркелген (бұдан әрі – негізгі қор индекстері) негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

5.2

қор биржасының ресми тізіміне "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

5.3

қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары немесе осы Қосымшаның 5.4-жолында көрсетілген акциялар және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды санамағанда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

80%

5.4

қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "акциялар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының "Аймақтық акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары жария сауда-саттыққа жіберілген және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

5.5

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

5.6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

80%

5.7

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

6

Өзге бағалы қағаздар, оның ішінде:


6.1

қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары

70%

6.2

активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлар бойынша баға белгілеулері негізгі қор индексіне байланысты болатын Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары

90%

6.3

Morningstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары

80%

6.4

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-дан төмен емес рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

100%

6.5

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BB+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAA+"-тан "kzA-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

90%

6.6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzВВ-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

80%

6.7

бас ұйымдарының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

90%

7

Өзге активтер - барлығы, оның ішінде:


7.1

тазартылған бағалы металдар және металл депозиттер

100%

7.2

бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде қарастырылған бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындайтын бағалы қағаздардың номиналды құнын төлеуге қойылатын талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің шарттары бойынша мерзімі өтпеген)

100%

  Қаулыға
3-қосымша

Резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру тәртібі "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 46-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленген және резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Резерв ретінде қабылданатын активтерді қалыптастыру тәртібі

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Заңның 46-бабы 12-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтерді қалыптастырады.

      3. Жаңадан құрылып отырған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері теңгемен қалыптастырылады.

      4. Жаңадан құрылып отырған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+" төмен емес ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) және Fitch (Фич) рейтингтік агенттiктерінiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі ағымдағы шотқа орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады