"Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 наурызда № 22281 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2009 жылғы 10 ақпандағы № 20 (1443) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) академиялық оралымдылық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) (ел ішінде немесе шетелде) меңгерілген білім беретін оқу бағдарламаларын міндетті түрде өзінің ЖЖОКБҰ-да кредиттер түрінде қайта тапсыра отырып немесе басқа ЖЖОКБҰ-да оқуын жалғастыру үшін ауыстыру;";

      4) тармақша алынып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тәуелсіз сараптамалық комиссиясы:

      мамандық, шетелдік ЖЖОКБҰ мен оқу елін таңдаудың саналы және дәлелді деңгейін;

      шетелде оқу үшін даярлау деңгейін анықтау үшін үміткерлермен тақ саннан тұратын, бірақ кемінде 5 (бес) мүшеден тұратын жеке әңгімелесу өткізеді.

      Тәуелсіз сараптамалық комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес үміткерлердің жеке әңгімелесу парағына және осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген Халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді бағалау критерийлеріне сәйкес баға қояды.

      Жеке әңгімелесу және Тәуелсіз сараптамалық комиссия отырысы барысында аудио -, бейнежазба жүргізіледі.

      Әңгімелесу онлайн режимде өткізілген жағдайда жеке әңгімелесу парақтарының көшірмелері үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімшіге жіберіледі.

      Тәуелсіз сараптамалық комиссияның өткізген жеке әңгімелесу парақтары және оның көшірмелері, аудио және бейнежазбалары конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл әкімшінің архивінде сақталады.

      Әкімші жеке әңгімелесуден өткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде әрбір үміткер бойынша үміткермен жеке әңгімелесу өткізген тәуелсіз сараптау комиссиясының барлық мүшелері толтырған жеке әңгімелесу парақтары бойынша орташа баға шығарады және үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның қарауына ұсыну үшін орташа бағасы көрсетілген барлық үміткерлердің тізімі қалыптастырылады.";

      17-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шетелдік ЖЖОКБҰ-дан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік ЖЖОКБҰ-да білім алушылар.";

      31-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ЖЖОКБҰ-ның ақылы қызметтерді іске асыру нәтижесінде алынғын табыстары;";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. ЖЖОКБҰ осы Қағидалардың 31-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қаражат есебінен білім алушыларды жіберу кезінде іріктеу тәртібін дербес айқындайды.";

      34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау және әрбір ЖЖОКБҰ-да республикалық бюджет қаражаты есебінен жіберілетін үміткерлерді іріктеу үшін ЖЖОКБҰ-лар бойынша орындар санын анықтау және үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиялар құрылады.

      Құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан тұратын ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссияны білім беру саласындағы уәкілетті орган құрады.

      Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияны ЖЖОКБҰ құрамы мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдардың тәуелсіз сарапшыларынан, қоғам қайраткерлерінен тұратын кемінде 15 адамнан құрады.

      35. ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссияның төрағасы Комиссия мүшелері арасынан ашық дауыс беру жолымен Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен сайланады. Шешім қабылдау кезінде Төрағаны қоса алғанда Комиссияның барлық мүшелері тең дауыс беру құқығына ие. Комиссия отырысы егер оған Комиссия құрамының кемінде жартысы қатысса заңды деп есептеледі.

      ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын айқындау жөніндегі комиссияның жұмысын ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын айқындау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) ұйымдастырады.

      36. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның төрағасы ЖЖОКБҰ ректоры болып табылады. Шешім қабылдау кезінде Төрағаны қоса алғанда Комиссияның барлық мүшелері тең дауыс беру құқығына ие. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы егер оған Комиссия құрамының кемінде жартысы қатысса заңды деп есептеледі.

      37. ЖЖОКБҰ-лар білім беру саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша Ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ынтымақтастық туралы жасалған халықаралық келісімдерге сәйкес елдер және орындар бөлінісінде шетелге академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу үшін ұсыныс жібереді.

      38. Ұйымдастырушы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берген ЖЖОКБҰ-ның жалпы тізімін жасайды және ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссияның қарауына ұсынады.

      39. Бос орындар болған жағдайда ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссия орындарды өтінім берген ЖЖОКБҰ-лар арасында қайта бөледі.

      40. Ұйымдастырушы білім беру саласындағы уәкілетті органға ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссия отырысының еркін нысанда жасалған хаттамасын жібереді.

      41. Білім беру саласындағы уәкілетті орган ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссияның хаттамасына сәйкес бұйрық шығарады.

      42. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мен ЖЖОКБҰ-лар жыл басында шетелге оқуға жіберу үшін конкурс жариялайды.

      43. Үміткерлердің құжаттарын беру электрондық үкімет порталы арқылы және (немесе) ЖЖОКБҰ кеңсесі арқылы конкурс жарияланған күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Академиялық оралымдылық шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен конкурсқа қатысуға осы Қағидаларға 10-қосымшада көрсетілген құжаттарды ұсыну қазақстандық ЖЖОКБҰ-лар мен шетелдік әріптес ЖЖОКБҰ-лар арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Білім алушылар конкурсқа ЖЖОКБҰ-лар арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған жағдайда қатыса алады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. ЖЖОКБҰ-ның жауапты бөлімшесі ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 44 және 46-тармақтарында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді және Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның қарауына үміткерлердің іріктеу өлшемшарттарына сәйкес үміткерлер тізімін жасайды.";

      51, 52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы еркін нысанда хаттама түрінде рәсімделеді. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия отырысының барысында ЖЖОКБҰ-ның ресми интернет-ресурстарында не әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция режимінде аудио-, бейнежазба жүргізіледі.

      Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалары, аудио және бейнежазбасы конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл ЖЖОКБҰ мұрағатында сақталады.

      52. ЖЖОКБҰ Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия ұсынған тізімдерге сәйкес академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық шығарады.

      53. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық бекітілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖЖОКБҰ сайтына орналастырылады.";

      55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. ЖЖОКБҰ-лар іріктелген үміткерлерге ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді, шетел ЖЖОКБҰ-ларынан ресми шақыру алуға ықпал етеді, шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық шығарады, оларды жіберуді жүзеге асырады, шетелде тұру және оқу үлгеріміне мониторинг жасайды, алынған оқу кредиттеріне талдау жүргізеді және оларды студенттің оқу жоспарында тіркейді, сондай-ақ оқу бағдарламаларына сәйкестігі үшін жауап береді.

      56. "Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ЖЖОКБҰ-лар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелде оқуға арналған үлгілік шарт";

      2.3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.3.2. Орталық халықаралық шарттар, оның ішінде Орталық пен шетелдік ЖЖОКБҰ арасында жасалған меморандумдар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқу үшін құжаттарды қабылдаған және шетелдік оқу орнына оқуға қабылдаған жағдайда өзге шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды тапсырмау және оқуға кетпеу.";

      Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 10-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      2021 жылғы "__"________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      2021 жылғы "__"________

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 25 ақпандағы
№ 77 бұйрығына
1-қосымша
  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына
1-қосымша

"Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген күннен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
порталға өтініш берген кезде – 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7 және 26-тармақтарында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі және "жеке кабинетінде" сақталады

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті беруші бойынша қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
2) жеке куәлігінің және/немесе төлқұжатының түпнұсқасы (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
3) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады):
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
негізгі орта білім туралы қосымшасы бар аттестат немесе қосымшасы бар куәлік, арнайы орта білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табельмен немесе транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе қосымшасы бар арнайы орта білім туралы диплом;
"Магистратура"/"Резидентура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы жылғы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе ағымдағы жылғы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
Құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдары берген жағдайда үміткер білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады;
4) бар болған жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжат (қабылдаушы тараптың талабы бойынша).
Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
5) таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмесі (олар болған жағдайда);
6) "Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік (ғылыми) әзірлемелердің тізбесі (олар болған жағдайда);
7) құжаттарды өкіл арқылы ұсынған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат;
8) шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
9) мынадай тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқа салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады):
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжат;
бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалар – "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 44 бұйрық) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрық) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
көп балалы отбасылардан шыққан балалар – төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
10) бар болған жағдайда нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі аудармасы бар шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) шақыруының көшірмесі.
портал арқылы:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнаманың электрондық көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
негізгі орта білім туралы қосымшасы бар аттестат немесе қосымшасы бар куәлік, арнайы орта білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табельмен немесе транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе қосымшасы бар арнайы орта білім туралы диплом;
"Магистратура"/"Резидентура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін: қосымшасы бар магистр дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптпен бірге білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
Құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдары берген жағдайда үміткер білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесін ұсынады;
4) бар болған жағдайда оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (қабылдаушы тараптың талабы бойынша).
Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
5) таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың электрондық көшірмесі (олар болған жағдайда);
6) "Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік (ғылыми) әзірлемелер тізбесінің электрондық көшірмесі (болған жағдайда);
7) шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімінің электрондық көшірмесі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
8) мынадай тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжат;
бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалар – № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама, сондай-ақ № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрықпен бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
көп балалы отбасылардан шыққан балалар – төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
9) бар болған жағдайда нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі аудармасы бар шетелдік ЖЖОКБҰ шақыруының электрондық көшірмесі.
Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарын, білімі туралы құжаттарын, баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжатын, № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманы, көп балалы отбасыдан шыққанын растайтын құжатын, асырап алу туралы сот шешімін ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда бар деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер Қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда.

10

Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ескерілген ерекшеліктері

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қолжеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алады.

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 25 ақпандағы
№ 77 бұйрығына
2-қосымша
  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына
10-қосымша

"Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Мемлекеттік қызметті берушінің атауы

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету әдістері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға өтініш берген кезде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жіберіледі және сақталады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда оны алу әдістері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен бекітілген нысан бойынша білім алушының өтініші;
2) Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатының көшірмесі;
3) білім туралы құжаттар:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
ЖЖОКБҰ мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Магистратура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Резидентура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін: қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы, қосымшасы бар интернатураны бітіргені туралы куәлік және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе қосымшасы бар резидентураны бітіргені туралы куәлік және ғылыми диссертацияның өзектілігі мен оқытуға жіберу керектігі туралы кафедра отырысы хаттамасының үзіндісі;
4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін ұсынады): болған жағдайда, халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шет тілін білу туралы сертификат;шетелдік ЖЖОКБҰ-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат;қазақстандық ЖЖОКБҰ-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрық) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;
7) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);
9) студенттің мүгедектігі туралы анықтама.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының электрондық көшірмесі;
3) білім туралы құжаттарының электрондық көшірмесі:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
ЖЖОКБҰ мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Магистратура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Резидентура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы, қосымшасы бар интернатураны бітіргені туралы куәлік және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе қосымшасы бар резидентураны бітіргені туралы куәлік және ғылыми диссертацияның өзектілігі мен оқытуға жіберу керектігі туралы кафедра отырысы хаттамасының үзіндісі;
4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін ұсынады):
болған жағдайда, халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шет тілін білу туралы сертификат;
шетелдік ЖЖОКБҰ-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат;
қазақстандық ЖЖОКБҰ-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);
5) № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрықпен бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың (шетелге шығатындар үшін) электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
7) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);
9) студенттің мүгедектігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға және академиялық оралымдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін жүгінуге мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігіне ие.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады