"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 наурызда № 22408 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 112-бабына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Бюджет шығыстары атқарылуының бюджеттік мониторингін республикалық және тиісті жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есептілік және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері беретін ақпарат негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.

      Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының игерілмеуі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының және төленген міндеттемелердің, бюджет қаражатының үнемделуінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің бөлінбеген қалдықтары арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Бюджет қаражатының үнемделуіне:

      мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу;

      еңбекақы төлеу қоры (бұдан әрі – ЕТҚ) бойынша үнемдеу: бос лауазымдардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар бойынша төлемдер, банк қызметтеріне ақы төлеу, демалысқа шығу кестесінің өзгеруі есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу;

      бюджет қаражатын өзге де үнемдеу: бағамдық айырма, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесінің өзгеруі, инфляция индексінің өзгеруі, бағаның және табиғи тұтыну көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы, іссапар шығыстары бойынша үнемдеу, жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санының азаюы, іс-шараларға шығу және өткізу мерзімінің көшірілуіне байланысты ағымдағы шығындар бойынша іс-шаралар жоспарының өзгеруі, өкілдік шығындар мен шетелдік іссапарларды қоса алғанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық, бюджет қаражатын нәтижелерге қол жеткізу шартымен қысқарту немесе оңтайландыру нәтижесінде алынған үнемдеу.

      Есепті жыл қорытындылары бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша өткен қаржы жылында бөлінген, Бюджет кодексінің 44-бабына сәйкес ағымдағы қаржы жылы толық пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің игерілмеу сомасы қосылады.

      Төмен тұрған бюджеттер жергілікті атқарушы органдарының жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді және бюджеттік кредиттерді игермеу сомасы жоғары тұрған бюджет үшін бюджет қаражатын игермеуге жатпайды.

      Жүргізілген бюджеттік мониторинг негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісінде қабылданбаған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы еске салатын ақпаратты жібереді.

      Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ай сайын есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде Бюджет кодексінің 83-бабына сәйкес қабылданған бірақ төленбеген міндеттемелер туралы ақпаратты ұсыну туралы еске салу жіберіледі.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру туралы есепке орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға) немесе мемлекеттік мекеменің басшысы қол қояды, қойылған қолдар таратылып (тегі және аты-жөні) жазылған болуы тиіс.

      Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері электрондық түрде береді.";

      көрсетілген нұсқаулыққа 8, 11 және 13-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 252 Бұйрығына
1-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
8-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп Есепті кезең ________________жылдарға

      Индекс: 1-МАБП нысаны

      Ұсынатын тұлғалар тобы: бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

      Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға

      Мерзімділігі: ай сайын, жылдық

      Ұсынылу мерзімі:

      жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін - есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей;

      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін - есепті айдан кейінгі айдың алғашқы жеті жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей.

      Бюджеттің түрі_________________

  мың теңге

Код

Атауы

Бір жылға арналған жиынтық қаржыландыру жоспары

Есепті кезеңге жиынтық қаржыландыру жоспары

Қабылданғанған міндеттемелер

Қабылданбаған міндеттеме лер сомасы (8-баған) – 6-баған)

Төленген міндеттемелер

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

міндеттемелер бойынша

Төлемдер бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Барлығы










оның ішінде:










Ағымдағы бағдарламалар










...










Даму бағдарламалары










...







      кестенің жалғасы

Атқарылу % (10 - баған / 7- баған х 100)

Бір жылға арналған күтілетін атқарылу *

Күтілетін атқарылу % (12- баған / 5 - баған х 100)

Бір жылға күтілетін атқарыл мау сомасы (12- баған - 5- баған)

Төлемдер бойынша жоспарды орындамау (10- баған – 7- баған)

Есепті кезеңге бюджет қаражатын үнемдеу, барлығы (17- баған +18- баған +19-баған)

Оның ішінде

Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінің бөлінбеген қалдығы

Есепті кезеңге игерілмеу (15-баған-16-баған – 20-баған)

мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу

еңбекақы төлеу қорын бойынша үнемдеу

Өзгеде үнемдеу

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21



































































      кестенің жалғасы

оның ішінде игерілмеу себептері

Ескертпе (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есепті кезеңге игерілмеу себептеріне негіздемесі)

Ескерту (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелердің уақтылы қабылданбауы не қабылданбауы себептеріне негіздемесі)

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілердің орындалмаған шарттық міндеттемелері

өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) басқару

өзге де себептері

22

23

24

25

26

27



















      Орталық атқарушы органның аппарат

      басшысы (белгіленген тәртіппен орталық

      атқарушы орган аппарат басшысының

      өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға)

      немесе мемлекеттік мекеме басшысы _________             ___________________

      (қолы)       (қолды таратып жазу)

      Қаржы қызметі басшысы _________       ___________________

      (қолы)       (қолды таратып жазу)

      Ескертпе:

      * 12-баған ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысынан бастап және ағымдағы жылдың соңына дейін толтырылады;

      нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Нұсқаулықтың 30-тармағында келтірілген

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 252 Бұйрығына
2- қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
11-қосымша

Республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражатының игерілмеуі бойынша ақпарат ______________________жыл

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы

Төлемдер бойынша жоспардың орындалмауы

Бюджет қаражатын үнемдеу

Үкімет резервінің бөлінбеген қалдығы

Есепті кезеңге игерілмеу (2-баған- 3- баған- 4- баған)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерін игермеу

Республикалық бюджеттен бюджет қаражатын игермеудің барлығы (5-баған+ 6- баған)

1

2

3

4

5

6

7















      Бюджетті атқару жөнінде

      орталық уәкілетті орган

      құрылымдық бөлімшесінің басшысы _________ _____________________

      (қолы)       (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 252 Бұйрығына
3 - қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
13-қосымша

20_______ жылғы _______________ жағдай бойынша

Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалуы туралы ақпарат

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

      Бюджет түрі (республикалық)

      Есептік кезең (ай сайын)

      Өлшем бірлігі

  мың теңге

Коды

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Жыл басындағы төлемдер бойынша жоспары

Алдағы айға арналған төлемдер бойынша жоспары

Арттырылған жиынтық жоспарының орындалысының күтілуі

Алдағы айға арналған жоспарының күтілуі

Орындалу, % 7-баған / 5-баған х 100

Орындалуы, % 8-баған / 6-баған х 100

Жоспардың орындалмауы 7-баған- 5-баған

Жоспардың орындалмауы 8-баған- 6-баған

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

















































      Орталық атқарушы органның аппарат

      басшысы (белгіленген тәртіппен орталық

      атқарушы орган аппарат басшысының

      өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға)

      немесе мемлекеттік мекеме басшысы _______________ ____________________

      (қолы)       (қолды таратып жазу)

      Қаржы қызметінің басшысы__________ _____________________

      (қолы)       (қолды таратып жазу)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады