БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 198-199 (27472-27473) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 175 және 176-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | Ш. Каринова |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 123 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 175-қосымша |
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Әліппе" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны жалпыдидактикалық қағидаттар және А. Байтұрсынұлының әдістемелік қағидаттары негізінде айқындалды:
1) дыбыспен жаттығу;
2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;
3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;
4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
3. Әріпті таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
4. "Әліппе" пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқуға мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
5. "Әліппе" пәнінің міндеттері:
1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;
3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;
4) оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;
5) коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;
6) ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарай білуге үйрету, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру.
2-тарау. "Әліппе" пәнінің мазмұны
6. "Әліппе" пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
7. Оқу пәнінің мазмұны:
1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
2) негізгі тілдік бірліктерден (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін);
3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
8. "Әліппе" пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
9. "Әліппе" пәнінің мазмұны І жартыжылдықта "Әліппе" оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.
10. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:
1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;
а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;
с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;
2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;
ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 24 сағат.
Ескерту: ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады.
11. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:
1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;
2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
4) сөзге дыбыстық талдау жүргізу: сөздегі буын санын анықтау, сөз ішіндегі дыбыстарды екі, үш буынды сөзбен анықтау; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
5) жазуға дайындық кезеңінде - қолдың ұсақ моторикасын дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба салу, әріп элементтерін жазу).
6) тыңдай білуге және сұрақты түсінуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.
Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
12. Әліппе кезеңінің міндеттері:
1) қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру;
2) дауысты және дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратуға жаттықтыру;
3) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
4) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға, жазуға, оқуға үйрету;
5) дұрыс, үзбей, буындап оқу дағдыларын қалыптастыру;
6) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
7) сөздік қорын байыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету;
8) негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білуді қалыптастыру;
9) ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Ескерту: І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
13. "Әліппе" пәнінің базалық білім мазмұны.
14. Тыңдалым мен айтылым:
1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдай білу, тыңдалым мәнін түсіну, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беруді қалыптастыру; коммуникативтік мақсаттарына сәйкес қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
2) ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;
3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді; буын, сөзді буынға бөлу; дауысты дыбыстардың буын құрау дағдыларын қалыптастыру;
4) дыбыстың әріппен жазылуын; сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/ сәйкес еместігін анықтау;
5) сөздік қорын байыту; сөзді тіркестіре білу, сөйлем және шағын мәтін (сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу) құрай білу;
6) сөз әдебінің формаларын қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу).
Ескерту: Тыңдалым материалының көлемі: 30 сек - 1мин.
15. Оқылым:
1) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білу (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);
2) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;
3) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
4) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) түсініп, дауыстап оқу;
5) буындап оқудан сөзді үзбей, толық оқуға үйрету.
Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.
16. Жазылым:
1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;
2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;
3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;
4) сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;
5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру;
6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
3-тарау. "Әліппе" пәні бойынша күтілетін нәтижелер
17. Әліппеге дейінгі кезеңдегі күтілетін нәтижелер:
1) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді;
2) сұрақты тыңдайды және оны түсінеді, сұрақтарға жауап береді;
3) сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды;
4) сөзге дыбыстық талдау жасайды;
5) көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды;
6) коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдана алады;
7) дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, әріп элементтерін, үзік сызықтарды бастырып жүргізеді, жазады.
18. Әліппе кезеңіндегі күтілетін нәтижелер:
1) дыбыс пен әріпті таниды, оларды бір-бірінен ажыратады;
2) мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбысты анықтайды;
3) дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздегі буын санын анықтайды;
4) оқу түрлерін (буындап оқу, сөздерді тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды;
5) дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді;
6) сызба-модель, сурет белгілері арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады;
7) сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады;
8) тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, өз ойын білдіреді;
9) мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қоя алады, сұраққа жауап береді;
10) сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
11) айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді еске сақтап, естуі бойынша жазады;
12) көркем жазу талаптарына сай, жазу жолы, жол аралығын, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады;
13) ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі;
14) еліміздің рәміздерін (Әнұран, Елтаңба, Ту) біледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 123 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 176-қосымша |
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Букварь" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Букварь" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны жалпыдидактикалық қағидаттар және А. Байтұрсынұлының әдістемелік қағидаттары негізінде айқындалды:
1) дыбыспен жаттығу;
2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;
3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;
4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
3. "Букварь" оқу пәнінің мақсаты - әріп таныту, оқу мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін және ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
4. "Букварь" пәнінің міндеттері:
1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;
3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;
4) оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;
5) коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;
6) ұлттық рухани құндылықтардың, ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншіліктің негіздерін қалыптастыру.
2-тарау. "Букварь" пәнінің мазмұны
5. "Букварь" пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
6. Оқу пәнінің мазмұны:
1) орыс тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
2) негізгі тілдік бірліктерден (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін);
3) орыс тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
7. "Букварь" пәнін оқыту екі кезең бойынша (букварға дейінгі кезең – 12 сағат, букварь кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
8. "Букварь" пәнінің мазмұны І жартыжылдықта "Букварь" оқулығы (букварға дейінгі және букварь кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.
9. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:
1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (сөйлеуге дейінгі кезең) - 12 сағат;
а, у и, о, ы – 10 сағат;
м, т, н, л с, р, ш – 14 сағат;
к, п, б, г – 8 сағат.
Ескерту: әріптерді зерделеуге 2 сағат, қалған сағаттар мұғалімнің қалауы бойынша қайталауға бөлінеді.
2) 2-тоқсан:
д, з, ж - 6 сағат;
е, е, в, й, ь, э, я, ю - 20 сағат;
х, ц, ч, щ, ф, ъ (бөлу) – 12 сағат.
Ескерту: әріптерді зерделеуге 2 сағат, е, Ұ, ю, я әріптерін зерделеуге – 3 сағат бөлінеді, қалған сағаттар мұғалімнің қалауы бойынша қайталауға бөлінеді. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады.
10. Букварға дейінгі кезеңнің міндеттері:
1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;
2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3) сөйлеу туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (дыбыс, буын, екпін, сөз, сөйлем);
4) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
5) жазуға дайындық кезеңінде - қолдың ұсақ моторикасын дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба салу, әріп элементтерін жазу).
6) тыңдай білуге және сұрақты түсінуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.
Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
11. Букварь кезеңінің міндеттері:
1) орыс әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру;
2) дауысты және дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратуға жаттықтыру;
3) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
4) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға, жазуға, оқуға үйрету;
5) дұрыс, үзбей, буындап оқу дағдыларын қалыптастыру;
6) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
7) сөздік қорын байыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету;
8) негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білуді қалыптастыру;
9) ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Ескерту: І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: букварьға дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, букварь кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
12. "Букварь" пәнінің базалық білім мазмұны.
13. Тыңдалым мен айтылым:
1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдай білу, тыңдалым мәнін түсіну, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беруді қалыптастыру;
2) ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;
3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды; ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді; сөздерді буындарға бөлуді; дауысты дыбыстардың буын құрауын білу;
4) дыбыстың әріппен жазылуын; сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/ сәйкес еместігін анықтау;
5) сөздік қорын байыту; сөзді тіркестіре білу, сөйлем және шағын мәтін (сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу) құрай білу;
6) сөз әдебінің формаларын қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу).
Ескерту: Тыңдалым материалының көлемі: 30 сек-1мин.
14. Оқылым:
1) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білу (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);
2) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;
3) дыбыстардың дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінуін білу (артикуляциялық, акустикалық); дыбыс пен күйзелістің маңызды рөлін түсіну ([мал] - [мал], [замок] - [замок]), бір немесе бірнеше дыбыстармен ерекшеленетін сөздерді салыстыру;
4) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) түсініп, дауыстап оқу;
5) буындап оқудан сөзді үзбей тұтас оқуға, одан әрі сөйлемдерді оқуға ауысу.
Ескерту: Оқуға берілген мәтіннің көлемі букварь кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.
15. Жазылым:
1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;
2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;
3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;
4) сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;
5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру;
6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
3-тарау. "Букварь" пәні бойынша күтілетін нәтижелер
16. Букварға дейінгі кезеңдегі күтілетін нәтижелер:
1) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді;
2) сұрақты тыңдайды және оны түсінеді, сұрақтарға жауап береді;
3) сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды;
4) сөзге дыбыстық талдау жасайды;
5) көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды;
6) коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдана алады;
7) дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, әріп элементтерін, үзік сызықтарды бастырып жүргізеді, жазады.
17. Букварь кезеңіндегі күтілетін нәтижелер:
1) дыбыс пен әріпті таниды, оларды бір-бірінен ажыратады;
2) мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбысты анықтайды;
3) дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздегі буын санын анықтайды;
4) оқу түрлерін (буындап оқу, сөздерді тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды;
5) дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді;
6) сызба-модель, сурет белгілері бойынша сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады;
7) дыбыс пен екпіннің мағыналық мәні мен рөлін түсінеді, дыбыспен ерекшеленетін бір немесе бірнеше сөздерді салыстырады;