"Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 мамырда № 28190 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22439 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) биржалық брокер (бұдан әрі – брокер) – өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүддесінде биржалық тауармен мәмілелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;

      2) биржалық дилер (бұдан әрі – дилер) - тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауармен өз мүдделері үшін және өз есебінен мәмілелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;

      3) биржалық мәмілелер – биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес ол жүргізетін сауда-саттыққа қатысушылармен жасалатын мәмілелер;

      4) биржалық саудаға қатысушылар – тауар биржасында биржалық сауданың белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;

      5) биржалық тауар – "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді ескере отырып, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген стандартталған немесе стандартталмаған тауар;

      6) маркет-мейкер – баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген өткізілген биржалық сауда-саттық бойынша есептің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесі бойынша есептің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Биржалық бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға С. Жумангарин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2022 жылғы 23 мамырдағы
№ 14 бұйрыққа 1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Тауар биржасының
монополияға қарсы органға
есептерді ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша есеп

      Ұсынылады: монополияға қарсы органға.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk?lang=kk

Өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша есеп Есепті кезең 20__ жылғы __ ай

      Индекс: 1- (ӨБС)

      Мерзімділігі: ай сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: тауар биржалары.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 7 (жетінші) күнінен кешіктірмей.

Р/с №

Тауар түрлері бойынша

Биржалық мәміле

Биржалық тауар

Өткізу күні, уақыты

Мәміле нөмірі

Атауы

Тауар саны

Лоттың мөлшері

Лоттың өлшем бірлігі

Мәміле сомасы

Лоттар саны











Жасалған мәмілелердің жалпы көлемі, теңге


      Кестенің жалғасы

Биржалық саудаға қатысушы

Сауда-саттық режимі

Сатып алушы

Сатушы

Сатып алушының және (немесе) дилердің атауы

Брокердің атауы

Маркет-мейкер атауы

Сатушының және (немесе) дилердің атауы

Брокердің атауы

Маркет-мейкер атауы








      ___________________________________________ _____________
(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болған жағдайда)
__________________________________________ _____________
(Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, аты, (қолы) әкесінің аты, (бар болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда) Жасалған күні "____"__________20___ жыл

  Өткізілген биржалық
сауда-саттық бойынша есеп
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша есеп (индекс – 1-(ӨБС), мерзімділігі: ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме тауар биржаларының өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша есебін жасауға және ұсынуға арналған.

      2. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      4. Нысанның 2-бағанында тауарлардың түрлері бойынша мәліметтер көрсетіледі;

      5. Нысанның 3-бағанында биржалық мәміленің уақыты мен нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі;

      6. Нысанның 4-бағанында тауардың атауы, саны, лоттың мөлшері, лоттың өлшем бірлігі, мәміле сомасы, лоттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі;

      7. Нысанның 5-бағанында биржалық сауда-саттыққа қатысушы туралы мәліметтер көрсетіледі: сатып алушы (сатып алушының және (немесе) дилердің атауы, брокердің атауы, маркет-мейкер атауы), сатушы (сатушының және (немесе) дилердің атауы), брокердің атауы, маркет-мейкер атауы);

      8. Нысанның 6-бағанында сауда-саттық режимі туралы мәліметтер көрсетіледі;

      9. "Жасалған мәмілелердің жалпы көлемі, теңге" деген жолда жасалған мәмілелердің жалпы көлемі туралы мәліметтер теңгемен көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2022 жылғы 23 мамырдағы № 14
бұйрыққа 2-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Монополияға қарсы органға
тауар биржасының есептері
ұсыну қағидаларына
2 қосымша

Тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесі бойынша есеп

      Монополияға қарсы органға ұсынылады.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      https://www.gov.kz/memleket/entities/zk?lang=kk

Тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесі бойынша есеп Есепті кезең 20 ___ жылғы ___ ай

      Индекс: 2-(ӨТ).

      Мерзімділігі: ай сайын.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: тауар биржалары.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің тізбесі өзгерген жағдайда, ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 7 (жетінші) күнінен кешіктірмей.

р/с №

Тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің атауы

Тауар биржасының аккредиттелген мүшелері басшысының және қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің Байланыс ақпараты

Тауар биржалары саласындағы жұмыс өтілі






      ___________________________________________ ________________
(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
___________________________________________ ________________
(Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, (қолы) аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Жасалған күні "___"________20___ жыл

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесі бойынша есеп (индекс – 2-(ӨТ), мерзімділігі: ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме тауар биржаларының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесі бойынша есепті жасауға және ұсынуға арналған.

      2. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      4. Нысанның 2-бағанында тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің атаулары көрсетіледі;

      5. Нысанның 3-бағанында тауар биржасының аккредиттелген мүшелері басшысының және қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі;

      6. Нысанның 4-бағанында тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің байланыс ақпараты көрсетіледі;

      7. Нысанның 5-бағанында тауар биржалары саласындағы жұмыс өтілі туралы мәліметтер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады