БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16277 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жыл қорытындылары бойынша әскери бөлімнің кадр органы немесе бөлім бойынша бұйрықпен кадр жұмысын жүргізу жүктелген жауапты адам (штатпен кадрлар органының бастығы лауазымы көзделмеген әскери бөлімдерде) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшілерді ротациялау жоспарын (бұдан әрі – Ротациялау жоспары) жасайды.
Ротациялау жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының (бұдан әрі – Қызмет өткеру қағидалары) 83-тармағында айқындалған жағдайлар қалыптасқан әскери қызметшілерге қатысты жасалады.
Ротациялау жоспарымен бір уақытта осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі (бұдан әрі – Тізім) жасалады.
Тізімге Қызмет өткеру қағидаларының 84-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында айқындалған әскери қызметшілер және 45-тармағы негізінде әскери қызмет мүддесінде лауазымында екінші мерзімге қалдырылуы мүмкін болатын әскери қызметшілер енгізіледі.
Ротациялау жоспарына және Тізімге әскери бөлімнің командирі (мекеменің бастығы) қол қояды және ол жоғары тұрған кадр органына жолданады.".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |