Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қаңтарда № 16277 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 84-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 9 қаңтардағы
№ 9 бұйрығымен
бекітілген

Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) сәйкес әзірленді және ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тізімін жасау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау тәртібі

      2. Әскери қызметшілерді ротациялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр органы жыл сайын жасайтын әскери қызметшілерді ротациялау жоспары (бұдан әрі – Ротациялау жоспары) негізінде жүзеге асырылады.

      3. Әскери қызметшілерді ротациялау ол бекітілген жылдан кейінгі күнтізбелік жыл ішінде әскери қызметшілерді әскери лауазымға тағайындау арқылы әскери қызметті ұйымдастыруды ескере отырып жүргізіледі.

      Ротациялау жоспары Әскери қызмет өткеру қағидаларының 83-тармағында айқындалған жағдайлар туындаған әскери қызметшілерге қатысты жасалады.

      Ротациялау жоспарымен бір уақытта осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі (бұдан әрі – Тізім) жасалады.

      Тізімге Әскери қызмет өткеру қағидалары 84-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында айқындалған әскери қызметшілер және әскери қызмет мүддесінде Әскери қызмет өткеру қағидаларының 45-тармағы негізінде екінші мерзімге лауазымында қалатын әскери қызметшілер енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 15.01.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ротациялау жоспары мен Тізімге әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) қол қояды және жыл сайын 10 желтоқсанға дейін жеке құрам бойынша бұйрық шығару құқығы берілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындаған лауазымды адамдар тізбесінен лауазымды адам бекітеді.

      Ротациялау жоспары мен Тізімді жоғары әскери басқару органымен келісу жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 15.01.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ротациялау жоспарына не Тізімге өзгерістер енгізу туралы шешімді оларды бекіткен лауазымды адам қабылдайды.

      6. Бекітілген Ротациялау жоспарынан және Ротациялау жоспарына өзгерістерден үзінді оны бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бағынысты әскери бөлімдерге (мекемелерге) жолданады және тиісті командирлер (бастықтар) әскери қызметшілерге жеткізеді.

      7. Ротациялау шарттары:

      1) әскери қызметшінің бір әскери лауазымда болуының күнтізбелік бесжылдық мерзімі;

      2) офицерлер құрамы үшін:

      осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген климаттық жағдайы ауыр жергілікті жерде бір әскери бөлімде (бөлімшеде) үздіксіз әскери қызмет өткерудің күнтізбелік үшжылдық мерзімі;

      осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген климаттық жағдайы ауыр жергілікті жерде бір гарнизонда үздіксіз әскери қызмет өткерудің күнтізбелік бесжылдық мерзімі;

      климаттық жағдайы ауыр жергілікті жерге жатпайтын бір гарнизонда үздіксіз әскери қызмет өткерудің күнтізбелік сегіз жыл мерзімі (стратегиялық, жедел-стратегиялық әскери басқару органында қызмет өткеретіндерді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушы құрамын қоспағанда) болып табылады.

      Магистратурада немесе докторантурада күндізгі оқу уақыты бір гарнизонда әскери қызмет өткеру мерзіміне есептелмейді.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 15.01.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері (бастықтары) ротациялау жүргізу нәтижесі туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын 5-і күніне қарай жоғары тұрған кадр органдарына баяндайды.

  Ротациялау жоспарын және
ротациялау жоспарына
енгізілмейтін әскери
қызметшілердің тізімін жасау
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Бекітемін
____________________________
(лауазымы)
____________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және
аты-жөні)
20__ жылғы " ___" _________

20___ жылға арналған _____________________________________ әскери қызметшілерін (басқару органының атауы) ротациялау жоспары

Р/с №

Әскери атағы

Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)

Атқаратын лауазымы, лауазымда қай уақыттан бастап, штаттық- лауазымдық санаты

Туған күні, ұлты, білімі, білімі бойынша мамандығы, Қарулы Күштерде қай уақыттан бастап, келісімшарттың аяқталу күні

Әскери қызметшінің отбасы құрамы

Ротациялау үшін негіздеме

Жоспарланатын (ұсынылатын) лауазым, штаттық- лауазымдық санаты

Ескертпе










Әскери бөлімнің командирі ____________________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)

  Ротациялау жоспарын және
ротациялау жоспарына
енгізілмейтін әскери
қызметшілердің тізімін
жасау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Бекітемін
____________________________
(лауазымы)
____________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және
аты-жөні)
20__ ж. " ___" _________

20___ жылға арналған ______________________________________________ (басқару органының атауы) ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі

Р/с №

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Атқаратын лауазымы, лауазымда қай уақыттан бастап, штаттық- лауазымдық санаты

Туған күні, ұлты, білімі, білімі бойынша мамандығы, Қарулы Күштерде қай уақыттан бастап, келісімшарттың аяқталу күні

Әскери қызметшінің отбасы құрамы

Ротациялау үшін бар шарттар

Ротациялау жоспарына енгізбеу үшін негіздеме

Ескертпе



















      Әскери бөлімнің командирі _______________________________________

  Ротациялау жоспарын және
ротациялау жоспарына
енгізілмейтін әскери
қызметшілердің тізімін
жасау қағидаларына
3-қосымша

Әскери қызмет өткерудің шекті мерзімі 3 жылдан аспайтын климаттық жағдайы ауыр жергілікті жердегі әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) тізбесі

Р/с №

Гарнизон (әскери бөлім (бөлімше) атауы

Елді мекен атауы

1.

51809-Г әскери бөлімі

Маңғыстау облысының
Жаңаөзен қаласы

2.

30153 әскери бөлімінің авиацияны бағыттау пункті
51809-В әскери бөлімі
51809-Ж әскери бөлімі

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан кенті
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Жем қаласы

3.

31767-Ж әскери бөлімі

Абай облысы Үржар ауданының Мақаншы кенті

4.

97617-В әскери бөлімі

Алматы облысы Райымбек ауданының Нарынқол кенті

5.

97368 әскери бөлімі
31767-Е әскери бөлімі
31767-И әскери бөлімі
47007 әскери бөлімі

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Серебрянск қаласы,
Күршім ауданының Боран кенті,
Тарбағатай ауданының Тұғыл кенті,
Абай облысы Жарма ауданының Жаңғызтөбе кенті

6.

31767-Д әскери бөлімі

Жетісу облысы Алакөл ауданының Достық кенті

  Ротациялау жоспарын және
ротациялау жоспарына
енгізілмейтін әскери
қызметшілердің тізімін жасау
қағидаларына
4-қосымша

Әскери қызмет өткерудің шекті мерзімі 5 жылдан аспайтын климаттық жағдайы ауыр жергілікті жер тізбесі

      Ақмола облысында – Аршалы, Жарқайың, Есіл, Жақсы, Қорғалжын, Целиноград аудандары (Астана қаласын қоспағанда), Сілеті ауылдық округі және Степногорск қаласы;

      Ақтөбе облысында – Байғанин және Мұғалжар аудандары;

      Алматы облысында – Жамбыл, Іле, Талғар, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Қонаев, Қарасай, Балқаш аудандары;

      Жетісу облысында – Алакөл, Ескелді аудандары (Талдықорған қаласын қоспағанда), Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқанд аудандары, Текелі қаласы және Ақсу ауылы;

      Атырау облысында – облыстың барлық аумағы;

      Шығыс Қазақстан облысында – Қатонқарағай, Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Жаңасемей, Таскескен аудандары;

      Абай облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма аудандары, Үржар ауданының Мақаншы ауылдық округі, Семей және Курчатов қалалары;

      Жамбыл облысында – Қордай, Мойынқұм Талас, Байзақ және Шу аудандары және Жаңатас қаласы;

      Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала және Бөкейорда аудандары, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округі;

      Қарағанды облысында – Абай, Нұра, Шет, Ақтоғай, Қарқаралы аудандары, Балқаш, Приозерск қалалары, Шет ауданының Ағадыр ауылдық округі;

      Ұлытау облысында – Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары және Жәйрем кенті;

      Қостанай облысында – Арқалық қаласы;

      Қызылорда облысында – облыстың барлық аумағы;

      Маңғыстау облысында – Қарақия, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы аудандары (Өмірзақ ауылын қоспағанда), Ақтау, Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалалары;

      Павлодар облысында – Май және Лебяжі аудандары;

      Солтүстік Қазақстан облысында – Айыртау ауданы;

      Оңтүстік Қазақстан облысында – Созақ, Сарыағаш аудандары (Келес ауылдық округін қоспағанда), Түркістан және Сарыағаш қалалары.

  Ротациялау жоспарын және
ротациялау жоспарына
енгізілмейтін әскери
қызметшілердің тізімін жасау
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

20__ жылғы ___ тоқсан бойынша _____________________________ (басқару органының атауы) әскери қызметшілерін ротациялауды жүргізу нәтижесі туралы мәліметтер

Р/с № Ротациялау жоспарына енгізілген әскери қызметші саны Оларға қатысты ротациялау жүргізілген әскери қызметші саны, оның ішінде: Ескертпе
жоғары тең төмен







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады