Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріндегі қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 111/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 22481 болып тіркелді

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріндегі қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасыны
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 111/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріндегі қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидалары 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріндегі қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған деректерге талдау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпаратты пайдаланушы - ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) ашық деректер - машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар;

      4) ашық деректер жиынтығы - атрибуттар жиынтығымен сипатталатын жекелеген элементтерден тұратын және ақпараттық жүйелерге адамның қатысуынсыз осындай элементтерді сәйкестендіруге, түсіндіруге және өңдеуге мүмкіндік беретін ашық деректер нысанында ұсынылған бір үлгідегі деректердің жүйелендірілген жиынтығы;

      5) ашық деректердің интернет-порталы (бұдан әрі – Интернет-портал) -ашық деректер бойынша сипаттау және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы;

      6) қолжетімділігі шектеулі ақпарат - мемлекеттік құпияларға, жеке, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;

      7) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.

      3. Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріндегі қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, деректерді талдау оларды кейіннен ашық деректердің интернет-порталында орналастыру мақсатында жүргізіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріндегі қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу тәртібі

      4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1175 қаулысымен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі - Комиссия) сәйкес құрылатын Комиссия шешімінің негізінде Интернет-порталда ашық деректер жиынтығының санын кеңейту және пайдаланушылардың ақпаратқа қажеттілігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріндегі қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу үшін зерттеп-қарауға жататын мемлекеттік органдардың тізімін қалыптастырады.

      5. Уәкілетті орган сервистік интеграторға тізімге енгізілген мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріндегі деректерге талдау жүргізу туралы ресми сұрау салу жібереді.

      6. Сервистік интегратор уәкілетті органның ресми сұрау салуына сілтеме жасай отырып, ақпараттық жүйелерден түсіруді алуға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зерттелетін мемлекеттік органға ресми сұрау салу жібереді.

      7. Сервистік интегратор екі ай ішінде ұсынылған түсірілімдерге талдау жүргізеді, ашық деректер жиынтығын қалыптастыру үшін ашық деректердің болуын анықтайды, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ашық деректер жиынтығының технологиялық паспортының жобасын (бұдан әрі - паспорт жобасы) әзірлейді.

      Деректерді талдау кезінде сервистік интегратор мынадай өлшемшарттарға сүйенеді:

      1) деректер қол жеткізу шектелген ақпарат болып табылмайды;

      2) деректер азаматтар мен бизнес тарапынан сұранысқа ие;

      3) ашық деректер форматында жариялау үшін деректердің жоғары дайындық дәрежесі бар;

      4) деректер қазірдің өзінде жарияланады, бірақ машинада оқуға болмайды.

      Оны өткізу барысында сервистік интегратор интернет-портал пайдаланушыларының ашық деректерді жариялауға және өзектендіруге келіп түскен өтінімдерін талдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына тиісті сұрау салу жіберу арқылы бизнестің қажеттіліктерін айқындайды.

      8. Сервистік интегратор әзірленген паспорттардың жобаларын мемлекеттік органға келісуге жібереді.

      9. Жүргізілген талдау нәтижелерін сервистік интегратор кейіннен Комиссияның отырысына шығару үшін уәкілетті органға және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      10. Комиссия ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді және ақпаратты пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, паспорттардың жобаларына ұсынымдар береді.

      Комиссия мүшелерінің паспорттардың жобаларына ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда, тиісті ескертулер мен ұсыныстарды мемлекеттік органдар қарайды және қабылдау не қабылдамау туралы дәлелді жауап ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға және сервистік интеграторға жіберіледі.

      11. Паспорттардың жобаларын мемлекеттік органдар бекітеді және ашық деректер жиынтығы Интернет-порталда орналастырылады.

  Мемлекеттік органдардың
ақпараттандыру
объектілеріндегі қолжетімділігі
шектеулі ақпаратты қоспағанда,
деректерге талдау жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

Ақпараттық жүйелердің тізімі

Ақпараттық жүйе Сипаттамасы

1



2



3



Ақпараттық жүйелер туралы мәліметтер

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелер атауы

Өріс

Сипаттамасы

Түрі

1




2




3




  Мемлекеттік органдардың
ақпараттандыру
объектілеріндегі қолжетімділігі
шектеулі ақпаратты қоспағанда,
деректерге талдау жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАСПОРТ ашық деректер жиынтығы "Жинақтың атауы" (Дереккөздің атауы)
Әзірлеу қаласының атауы, әзірлеу жылы

1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Негізгі мәліметтер
1.1.1 Толық атауы:
1.1.2 Қысқартылған атауы:
1.1.3 Категория:
1.1.4 Ақпарат жеткізуші:
1.1.5 Қысқаша сипаттамасы:
1.1.6 Түйін сөздер:
1.2 Деректерді өзектендіру
1.2.1 Жаңарту жиілігі:
1.3 Геобайланыс
1.3.1 Геобайланыстың болуы:
1.3.2 Геометрия түрі:
1.3.3 Геобайланыс түрі:
1.3.4 Адрес сақталатын атрибуттың технологиялық атауы:

2 ҚҰРЫЛЫМНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Атрибуттар тізімі және олардың негізгі қасиеттері

р\с

Атрибуттың технологиялық атауы

Атауы

Топтық атрибут

Түрі

Міндеттілік

1.

2.2 Атрибуттардың мәндеріне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

р\с

Атрибуттың технологиялық атауы

Атрибуттардың мәндеріне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

1.


3 ЖАЗБАЛАРДЫ ТЕКСЕРУ МЫСАЛДАРЫ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады