"Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 22495 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10363 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) газ айдау агрегаты – құрамына газ компрессоры (айдағыш), жетек (газтурбиналық, электрлік, поршенді) және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті жабдық кіретін қондырғы;

      2) газ бұру құбыры – тарату және магистральдық газ құбырларынан қалалардың, елді мекендердің немесе жекелеген тұтынушылардың газ тарату станцияларына дейін газ беруге арналған газ құбыры;

      3) газ жалғастыру құбыры – магистральдық газ құбырларын өзара жалғастыратын және жүйеаралық ағындарды қамтамасыз ететін газ құбыры;

      4) газ құбырының (газ құбыры учаскесінің) өткізгіштік қабілеті – газ айдау агрегаттарының ең аз пайдаланылуы мен берілген есептік параметрлерінде стационарлық режим кезінде: шекаралық жағдайда газ құбырының басында және аяғында, трасса арқылы жұмыс қысымында, гидравликалық тиімділікте, қоршаған ауа мен топырақ температурасында, газды салқындату температурасында берілетін газдың тәуліктік есептелген мөлшері;

      5) ең аз қашықтық – магистральдық газ құбыры объектісінен елді мекендерге, жеке тұрғын үй, шаруашылық, өндірістік құрылыс объектілеріне және үшінші тұлғалардың объектілеріне дейінгі қашықтық;

      6) ең төмен рұқсат етілген жұмыс қысымы – құрылыс аяқталып, реконструкцияланғаннан кейін, сынау, ақауды анықтау, қарап тексеру және беріктілігін есептеу нәтижелерінің негізінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстары және жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін магистральдық газ құбыры объектілерінде енгізілетін ішкі артық қысымның белгіленген қауіпсіз мөлшері;

      7) жарылыс – қысымның жылдам әрі қарқынды көтерілуіне қирау салдарларын туындататын, қысым газдарының пайда болуымен жарылыс толқынын туындататын заттың жай-күйінің физикалық, химиялық және физикалық-химиялық өзгеруімен байланысты бақыланбайтын тез өтетін энергия бөлу процесі;

      8) жарылыс қаупі бар аймақ – жарылыс қаупі бар қоспалары түзілетін үй-жай, үй-жайдағы, сыртқы қондырғыдағы шектеулі кеңістік;

      9) кепілдік жапсар – сынау қысымының әсеріне ұшырамайтын және сынау қысымына ұшырайтын газ құбыры учаскелерін жалғастыратын арнайы дәнекерлеу жалғағышы ретінде бұзылмайтын бақылауды талап ететін жапсар;

      10) құбырдың жобалық өткізу қабілеті – айдалатын өнімнің жобалық параметрлері (тұтқырлығы, тығыздығы) кезінде жылдық уақыт қоры ішінде өнімнің берілген көлемі;

      11) лупинг – өнімділікті және қысымды, сондай-ақ жұмыс сенімділігін арттыру мақсатында жекелеген учаскелерде негізгі газ құбырына параллель төселген газ құбыры;

      12) магистральдық газ құбырларының жүйесі – бірлескен гидравликалық режимде бірдей жұмыс қысымы бар, екі және одан көп тізбектері мен учаскелерден тұратын магистральдық газ құбырларының жиынтығы;

      13) магистральдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;

      14) магистральдық құбырдың желілік бөлігі – өнімді тікелей тасымалдау жүзеге асырылатын жерасты, суасты, жербеті, жерүсті құбырлары;

      15) магистральдық құбырдың күзет аймағы – магистральдық құбыр объектілеріне іргелес жатқан және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құбыр объектілерін қауіпсіз және іркіліссіз пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған, оның шегінде аумақты белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын айрықша күзет және пайдалану жағдайларындағы (құрлықтағы және (немесе) судағы) аумақ;

      16) отпен істелетін жұмыстар – отпен істелетін жұмыстарға ашық отты қолданумен, ұшқын шашатын және газдың, жағармай сұйықтықтарының, материалдар мен конструкциялардың (электрмен дәнекерлеу, газбен дәнекерлеу, отпен қыздыру жұмыстары, металды ұшқын шығарып механикалық өңдеу) жануын туындататын температураға дейін қыздырумен байланысты технологиялық операциялар;

      17) рұқсат наряды – барлық қажетті қауіпсіздік шаралары және жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты адамдар көрсетілетін жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне ұйымның жазбаша нұсқауы;

      18) техникалық дәліз – магистральдық құбыр немесе қатар салынған магистральдық құбырлар мен коммуникациялар жүйесі өтетін аумақ;

      19) техникалық диагностикалау – магистральдық құбырдың техникалық жай-күйін айқындауға арналған жұмыстар мен ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешені;

      20) іске қосу газ құбыры – қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес өндірушіден (өнім берушіден) магистральдық газ құбырына (магистральдық газ құбырлары жүйесіне) дейін тасымалдау үшін дайындалған табиғи газды беруді қамтамасыз ететін газ құбыры.".

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын;

      "2-тарау. Магистральдық газ құбырларын пайдалану тәртібі";

      3-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) МГҚ-ның желілік бөлігіне техникалық диагностикалау жүргізу.";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) күзет аймағына және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген I және II кластағы газ құбырларынан елді мекендерге, жекелеген өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарына, ғимараттарға және құрылыстарға дейінгі ең аз қашықтық (метрмен) аймағына қойылатын талаптарды сақтау;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Басты құрылыстардан МГҚ-ға берілетін газдың сапасы "Магистральдық газ құбырлары арқылы жеткізілетін және тасымалданатын табиғи жанғыш газдар. Техникалық шарттар" ҚР СТ 1666 талаптарына сәйкес келеді.";

      129-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қорғау жүйелерінің пневмоавтоматикасын қоректендіру үшін газды тазалау және кептіру деңгейі "Магистральдық газ құбырлары арқылы жеткізілетін және тасымалданатын табиғи жанғыш газдар. Техникалық шарттар" ҚР СТ 1666 талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;";

      135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "135. Бақылаудың мерзімін, тәртібі мен көлемін ГТҰ анықтайды. Қолданыстағы немесе күрделі жөндеуге ұшырайтын газ құбырларында дәнекерлеу-монтаждау жұмыстары "Металл материалдарды пісіру процедураларына техникалық талаптар және аттестаттау. Пісіру процедураларын сынау. 7-бөлім. Қаусырып пісіру" ҚР СТ ISO 15614-7 нормативтік құжаттарға және ГТҰ құжаттарына сәйкес орындалады.";

      142 және 143-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. МГҚ желілік бөлігін сенімді пайдалануды қамтамасыз ету және ықтимал коррозиялық бүлінулерді анықтау үшін МГҚ желілік бөлігіне 5 жылда кемінде 1 рет техникалық диагностика жүргізіледі. Техникалық диагностика кез келген рұқсат етілген тәсілдермен/әдістермен жүргізіледі – құбырішілік диагностика, құбырлардың беріктігіне және саңылаусыздығына гидравликалық сынау, коррозияны және қорғаныс жабынының жағдайын бақылау, анықталған ақауларды есепке ала отырып магистральдық газ құбырының қалған қызмет ету мерзімін болжау.

      143. Осы Қағидалардың 142-тармағында көрсетілген МГҚ желілік бөлігін техникалық диагностикалау жиілігінен/мерзімдерінен кейінгі ауытқулар құбырлардың техникалық жағдайының, топырақтың коррозиялық белсенділігінің, МГҚ пайдалану жүктемесінің, есепке алуды пайдаланушы ұйым жүргізетін параметрлердің мониторингі мен талдауының негізінде рұқсат етіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Магистральдық газ құбырында газға қауiпті жұмыстарды жүргізу";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Коррозиядан қорғау";

      5-тараудың тақырыбы мынадай реакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Газ тарату станциялары";

      243-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "243. ГТС газды тұтынушыларға белгілі бір қысыммен, тазарту деңгейімен, одоранттаумен және оны өлшеумен беруге арналған.

      ГТС шығысында ГТҰ мен тұтынушы арасында жасалған шартқа сәйкес жұмыс қысымын ұстап тұрумен газдың белгіленген мөлшерін беру ± 10% ауытқумен қамтамасыз етіледі.

      ГТС-та қызмет көрсету персоналының саны 200 (екі жүзден) астам адам болған жағдайда, ГТҰ-да ГТС пайдалану бөлімі ұйымдастырылады.

      ГТС қызмет көрсету персоналының саны 200 (екі жүзден) кем адам болған жағдайда, станция жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы басқару МГҚ және ГТС пайдалану жөніндегі өндірістік бөлімінің ГТС жөніндегі инженері жүзеге асырады.

      ГТС технологиялық схемасын МГҚ желілік-өндірістік басқармасының бас инженері немесе бастығының орынбасары бекітеді және ол операторлық үй-жайда көрінетін жерге ілінеді.

      ГТС аумағының қоршауында станцияның атауы және кімге тиесілі екендігі, сондай-ақ ГТС пайдалануға жауапты адамның аты көрсетілген белгі орнатылады.

      Қоршаудың периметрі бойынша және кіру қақпаларының алдында қауіпсіздік белгілері және "Газ!", "Бөгде адамдарға кіруге болмайды!" деген жазуы бар плакаттар орнатылады.";

      248-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) бақылау өлшеу аспаптарын тексеруге тапсыру графигі;";

      267 және 268-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "267. Газды есепке алу торабы газ шығынын коммерциялық және технологиялық өлшеуге арналған.

      Газды есепке алу тораптарын техникалық орындау "Мұнай және газ өнеркәсібі. Магистральдық газ құбырлары. Технологиялық жобалауға қойылатын талаптар" ҚР СТ 1916 сәйкес келеді.

      Газды есепке алу торабына қызмет көрсету кәсіпорынның нұсқаулықтары бойынша жүзеге асырылады.

      Газды есепке алудың коммерциялық торабын пайдалану кезінде газ шығынын өлшеу құралдары пайдалану құжаттамасына сәйкес тексеруден өтеді.

      268. Одорант торабы тұтынушыға берілетін газға оның иісі арқылы газдың кемуін уақтылы анықтау мақсатында иіс беру үшін арналған. Газ тұтынушыларға "Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газдар. Техникалық шарттар" МЕМСТ 5542 сәйкес беріледі.";

      270-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "270. Бекітпе арматураны профилактикалық қарап тексеру ГТС пайдалану процесінде жүргізіледі: қызмет көрсетудің орталықтандырылған нысаны кезінде – ГТС-қа әрбір бару кезінде, ал мерзімдік, тәулік бойы қызмет көрсету нысандары кезінде – аптасына 1 (бір) рет.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Компрессорлық станциялар";

      282-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "282. Пайдалану қызметтері осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес I және II кластағы газ құбырлары кезінде компрессорлық (алымында) және газ тарату (бөлімінде) станцияларынан елді мекендерге, жекелеген өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарына, ғимараттарға және құрылыстарға дейінгі ең аз қашықтыққа (метрмен) сәйкес компрессорлық станциялардан объектілерге, ғимараттарға және құрылыстарға дейінгі ең аз қашықтықты сақтау бойынша шаралар қолданады.";

      305-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "305. Технологиялық, отын және іске қосу құбырларындағы барлық бекітпе және реттеуіш арматурасында оның корпусында, жетегінде және басқару органдарына (жетекке) немесе арнайы карточкаларға бекітілген технологиялық нөмірлері бар.

      Нөмірлері компрессорлық цехтың технологиялық схемасына қатаң сәйкес келеді.

      Жедел персоналдың іске қосу шарттарын немесе алдын ала және авариялық сигнал беру қондырғылары шамаларын өзгертуіне не түзеуіне, сондай-ақ кәсіпорын нұсқаулығында көзделмеген операцияларды іске қосуға газ айдау агрегатының дайындығын қамтамасыз етуіне жол берілмейді.

      Іске қосу процесі кезінде жедел персонал іске қосу операцияларының штаттық жүйелілігін және пайдалану параметрлерінің дұрыстығын газ айдау агрегатының пайдалану нұсқаулығына сәйкес бақылайды.

      Іске қосу операциясы немесе пайдалану параметрлері шектен шығып кеткен және штаттық жүйелілігінен ауытқыған жағдайда, сондай-ақ персонал мен жабдыққа қауіп төнген жағдайда іске қосу автоматты түрде немесе автоматты жағдайда тоқтату батырмасын басумен тоқтатылады.

      Көп цехты компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өндірістік нұсқаулықтарда өзгеріске әкеп соқтыратын режимдер мен операциялар туралы цехтар арасындағы жедел ақпарат алмасу көлемі мен алгоритмі көрсетіледі.

      Өндірістік нұсқаулықтарда жедел персонал үшін компрессорлық станцияның штаттық және штаттан тыс (авариялық) жағдайларда, сондай-ақ қолайсыз метео жағдайлардағы (дауыл, су басу, жер сілкінісі, найзағай, мұз қату, шаңды дауыл, жалпы нормадан ауытқыған төмен температура кезінде) жұмыс істеу режимінің өзгерістері кезіндегі іс-қимылдар көрсетіледі.

      Компрессорлық станцияның жұмыс режимін өзгерту мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) компрессорлық станцияға кірудегі қысымның штаттық диапазон шектерiндегi жоғарылауы немесе төмендеуі, алдыңғы немесе кейінгі компрессорлық станцияның автоматты түрде тоқтатылуы;

      2) қатар жұмыс істейтін цехты автоматты түрде тоқтату;

      3) қатар жұмыс істейтін цехты "айналымға" шығару және жүктеу;

      4) қатар жұмыс істейтін цехты "айналымға" шығару;

      5) қатар жұмыс істейтін газ айдау агрегаттарының мәжбүрлі тоқтауы;

      6) газ құбырлары тізбектерінің үзілуі;

      7) компрессорлық станциялардың технологиялық крандарының заңсыз жабылуы (ашылуы);

      8) аппараттар және технологиялық коммуникациялардың гидравликалық кедергiлерiнiң жоғарылауы;

      9) ауыспалы және тұрақты токты электрмен жабдықтау жүйесінің бұзылуы;

      10) жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің бұзылуы;

      11) газ құбыры қуыстарының технологиялық тазалау процесінің бұзылуы;

      12) персоналдың қателігі.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Газды жер астында сақтау";

      324-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "324. Әртекті коллектор қабаттарында қабылдағыштық бейінін анықтау үшін тереңдік дебит өлшегіштермен айдау, пайдалану және сіңіру ұңғымалары бойынша газ бен сұйықтықтың шығыны анықталады.

      Пайдалану, айдау және байқау ұңғымаларының негізгі жұмыс параметрлері және бақылау ұңғымалары бойынша қысымды (деңгейді) өлшеу нәтижелері ауысымды жедел ГТП-да және газды жер астында сақтау геологиялық қызметінің (бөлімінің) жиынтық журналдарында тіркеледі.

      Техникалық жағдайы, өнімділік сипаттамасы, кенжарлық және сағалық жайластыруы бойынша газды жер астында сақтау қоймаларын пайдалану талаптарына сәйкес келмейтін ұңғымалар жобалық технологиялық параметрлерінде жөнделіп, қайта жабдықталады.

      Реконструкциялау мен кейіннен пайдалану барысында оқпанның пайдаланылатын бөлігінің техникалық күйін алдын ала зерттеу, сенімділігін және қауіпсіздігін бағалау нәтижелері, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 355 бұйрығымен бекітілген Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10250 болып тіркелген) 4-тарауының 5-параграфына сәйкес комиссия хаттамасы ұңғыманы реконструкциялау туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.";

      328-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "328. Жер астындағы газ қоймаларында газды сұйық және қатты механикалық қоспалардан тазарту және құрғату "Магистральдық газ құбырлары арқылы жеткізілетін және тасымалданатын табиғи жанғыш газдар. Техникалық шарттар" ҚР СТ 1666 талаптарына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Магистральдық газ құбырына техникалық диагностика жүргізу";

      340-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "340. Құбырішілік диагностика жүргізу ГТҰ-ның өндірістік жоспарына сәйкес реттеледі және жүзеге асырылады.

      Құбырішілік диагностиканы жүргізу мерзімділігі газ құбырының әрбір нақты учаскесі үшін техникалық жай-күйіне және сыртқы жағдайларға (топырақты, климаттық, геологиялық, гидрологиялық) байланысты болады.

      Жаңа газ құбырларының құрылысын аяқтағаннан кейін, бірақ пайдаланғаннан кейін бір жылдан кешіктірмей, мамандандырылған ұйым олар бойынша құбырішілік диагностика жұмыстарын жүргізеді.

      Құбырішілік диагностиканы жүргізудің қайталама мерзімі техникалық диагностика параметрлерін талдау негізінде газ тасымалдау ұйымының өндірістік жоспарына сәйкес орындалады.

      Құбырларда жол берілмейтін ақаулар анықталғанда (қатты майысу, гофралар, жарықтар, қатты коррозия) ақауларды жою бойынша жұмыстар тез арада жүргізіледі.

      МГҚ-ның желілік бөлігін пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар техникалық диагностиканы жүргізу кезінде алынған ақпараттың дұрыстығы мен сақталуына жауап береді.";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Магистральдық газ құбырын жөндеу";

      392-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "392. Ағымдағы жөндеу кезінде кемшіліктерді жекелеген құрамдас бөлшектерді ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы жояды.

      Ағымдағы жөндеу кезінде қалған құрамдас бөлшектердің техникалық жағдайы тексеріліп, табылған кемшіліктері жойылады және реттеу жұмыстары атқарылады. Жабдық пен жүйелердің ағымдағы жөндеу жүргізу қажеттілігін МГҚ желілік өндірістік басқармасының басшылығы жоспарланған алдын ала жөндеу жасау графиктері негізінде, жоспарлы тексерістің нәтижелеріне және ГТС пайдалану процесінде ескертпелерге сүйене отырып анықтайды.

      Сақтандырғыш клапандары мерзім сайын іске қосылу қысымына тексеріледі.

      Нәтижелері тексеріс актісіне және осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пневматикалық сақтандырғыш клапанын баптау актісімен ресімделеді.

      Редукциялау желілерінде және жабдықтағы ілгекті крандарды жөндеу кезінде тұтынушыларға газ беру МГҚ желілік өндірістік басқармасы әзірлеген нұсқаулығына сәйкес айналма желі арқылы жүргізіледі.

      Авариялық жағдайда тұтынушыларға газ беру желісінде берілген қысымды қалыпта ұстау станцияның айналма желісі бойынша жүзеге асырылады.

      Айналма желісі бойынша жұмыс істеген кезде ГТС шығысында қысымды тоқтаусыз тіркеу жұмыстары жүргізіледі, бұл ретте ГТС-та жұмыс атқаратын персонал болады.";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Магистральдық газ құбырында от жұмыстарын жүргізу";

      405-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "405. Қауіпті аймақ және қауіпті аймақта жұмыс жүргізу "Магистральдық құбырлар" 3.05-101 ЕЖ, "Магистральдық құбырлар" 3.05-01 ҚН-да баяндалған талаптармен реттеледі.";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Қорытынды жұмыстар";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Жедел-диспетчерлік басқару";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      15-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      19-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "I және II кластағы газ құбырлары кезіндегі компрессорлық (алымында) және газ тарату (бөлімінде) станцияларынан елді мекендерге, жекелеген өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарына, ғимараттарға және құрылыстарға дейінгі ең аз қашықтық (метрмен)";

      20-қосымшада:

      Айырым бояуының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Адам денсаулығы мен өміріне ерекше қауіпті заттары бар құбырларды белгілеу үшін, сондай-ақ қауіп түрін нақтылау қажет болған кезде, ескертетін түрлі-түсті шығыршықтарға қоса "Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі" ҚР МЕМСТ СТ 12.4.026 сәйкес қауіпсіздік белгілерін қолданылады.";

      25-қосымшада:

      15-тармақта:

      реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16

Персонал мен механизмдерді газ құбырынан ең аз қашықтықтан тыс жерге әкету (нақты көрсету)




      ";

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын

      "

20

Персонал мен механизмдерді газ құбырынан ең аз қашықтықтан тыс жерге әкету (нақты көрсету)




      ";

      реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын

      "

25

Персонал мен механизмдерді газ құбырынан ең аз қашықтықтан тыс жерге әкету (нақты көрсету)




      ".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 114 бұйрыққа
1-қосымша
  Магистральдық газ құбырларын
пайдалану қағидаларына
1-қосымша

      I және II кластағы газ құбырларынан елді мекендерге, жекелеген өнеркәсіптік

      және ауылшаруашылық кәсіпорындарына,

      ғимараттарға және құрылыстарға дейінгі ең аз қашықтық (метрмен)

Объектілер,
ғимараттар,
құрылыстар

Ең аз қашықтық, метр (бұдан әрі – м), осінен


Газ құбырының класы

I

II

Газ құбырының шартты диаметрі, миллиметр

300 жә не одан кем

300-ден жоға ры 600-ге дейін

600-ден жоға ры 800-ге дейін

800-ден жоға ры 1000-ға дейін

1000-нан жоға ры 1200-ге дейін

1200-ден жоға ры 1400-ге дейін

300 жә не одан кем

300-ден жоға ры

1. Қалалар және да елді мекендер; үйлері бар ұжымдық бақтар, саяжай кенттері; жекелеген өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындары; жылыжай комбинаттары мен шаруашылықтар; құс фабрикалары; сүт зауыттары; пайдалы қазбаларды өңдеу карьерлері; гараждар мен 20-дан асатын автомобильдерге арналған жеке иеленушілер автомобильдеріне арналған ашық көлік тұрақтары; адамдар көп жиналатын жеке тұрған ғимараттар (мектептер, ауруханалар, клубтар, балабақшалар мен бөбекжайлар, вокзалдар); үш қабатты тұрғын және одан биік ғимараттар; теміржол станциялары; әуежайлар; теңіз және өзен порттары мен кемежайлар; гидроэлектр станциялары; I-IV кластағы теңіз және өзен көлігінің гидротехникалық құрылыстары; тазарту құрылыстары және магистральдық құбырға жатпайтын су құбырлы сорғы станциялары; биіктігі 20 м-ден асатын (мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырларын салған кезде, ағын бойымен көпірлерден төмен) I-II санаттағы автомобиль жолдары мен жалпы желістің темір жолдарының көпірлері; сақтау көлемі 1000 м3-ден жоғары жеңіл тұтанатын және жанатын сұйықтықтар мен газдар қоймалары; автожанармай құю станциялары; құбырлар технологиялық байланысының көп арналы радиорелелік желісінің діңгектері (мұнаралары) мен құрылыстары; теледидар мұнаралары.

100

150

200

250

300

350

75

125

2. Құбырлар қатар салынатын жалпы желістің теміржол жолдары (аралықтарда) және I-III санаттағы автожолдар; жеке тұрған: бір және екі қабатты тұрғын үйлер; бау-бақша үйлері, саяжайлар; желілік қараушылар үйлері; зираттар; малдардың ұйымдасқан жайылымына арналған ауылшаруашылық фермалары мен қоршалған учаскелер; дала тұрақтары.

75

125

150

200

225

250

75

100

3. Жеке тұрған бос және қосалқы құрылыстар; бұрғылаудағы және пайдаланудағы мұнай, газ және артезиан ұңғымаларының ернеуі; гараждар мен 20 және одан көп автомобильге арналған жеке иеленушілер автомобильдеріне ашық көлік тұрақтары; кәріздік құрылыстар; өнеркәсіптік кәсіпорындарының темір жолдары; құбырлар қатар салынатын III-п, IV, IV-п және V санаттағы автомобиль жолдары.

30

50

100

150

175

200

30

50

4. Биіктігі 20 м-ден асатын (мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырларын салған кезде, ағын бойымен көпірлерден төмен) III, III-п, IV, IV-п санаттағы автомобиль жолдары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың темір жолдарының көпірлері.

75

125

150

200

225

250

75

125

5. Мұнай айдау станцияларының, компрессорлық станциялардың аумақтары, кешенді мұнай мен газ дайындау қондырғылары, газды жер астында сақтау станциялары, кәсіпшіліктердің ортақ және құрама пункттері, кәсіпшіліктік газ тарату станциялары (бұдан әрі – ГТС), газды тазарту және құрғату қондырғылары.

75

125

150

200

225

250

75

125

6. Тікұшақтарды базалауынсыз вертодромдар мен отырғызу алаңдары

50

50

100

150

175

200

50

50

7. ГТС, автоматтандырылған ГТС, реттеу станциялары, оның ішінде газбен қамтуға арналған шкаф типтегі алаңдар:
қалалар; елді мекендер;
кәсіпорындар; жеке ғимараттар мен құрылыстар; тұтынушылар;

50

75

100

125

150

175

50

75

газ құбыры объектілері (газ шығынын өлшеу пункттері, термоэлектргенераторлар).

25

25

25

25

25

25

25

25

8. Термоэлектргенераторлары бар автоматтандырылған электр станциялары; байланыс, телемеханика мен автоматика аппаратурасы.

Шеткі желіден кемінде 15

9. Жағалай құбыр салынып жатқан магистральдық суару арналары мен коллекторлары, өзендер мен сутоғандар; суару жүйелерінің су жинау құрылыстары мен станциялары

25

25

25

25

25

25

25

25

10. Арнайы кәсіпорындар, құрылыстар, алаңдар, күзетілетін аймақтар, жарылғыш және өрт қауіптілігі бар заттардың қоймалары, жарылыс жұмыстары арқылы өндірілетін пайдалы қазбалар карьерлері, сұйытылған жанғыш газдар қоймалары

Белгіленген тәртіппен бекітілген арнайы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес және көрсетілген объектілерді басқаратын ведомстволар мен министрліктердің және мемлекеттік бақылау органдарының келісуі бойынша

11. Құбырлар қатар салынатын, кернеуі жоғары электр берудің әуе желілері; трассаның ықшамдалған жағдайындағы құбырлар қатар салынатын кернеуі жоғары электр берудің әуе желілері; құбырмен қиысу кезінде, кернеуі жоғары электр берудің әуе желілері тіреуіштері; ашық және жабық трансформаторлық кіші станциялары және қуаты 35 киловольт және одан да жоғары жабық тарату қондырғылары.

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) сәйкес

12. Мұнай мен конденсатты газ құбырынан авариялық шығаруға арналған жер қоймасы

50

75

75

75

100

100

50

50

13. Қалааралық байланыс кабельдері мен күштік электр кабельдері

10

10

10

10

10

10

10

10

14. Құбырлардың қызмет көрсетілмейтін аз арналық радиорелелік байланыс діңгектері (мұнаралары) мен құрылыстары

15

15

15

15

15

15

15

15

15. Жерасты термокамераларындағы кабельдік байланыстың қызмет көрсетілмейтін күшейту пункттері

10

10

10

10

10

10

10

10

16. Тек құбырлар үшін қызмет көрсетуге арналған тұрақты трасса бойындағы жолдар

Кемінде 10

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 114 бұйрыққа
2-қосымша
  Магистральдық газ құбырларын
пайдалану қағидаларына
15-қосымша

Газ тарату станцияларында (бұдан әрі – ГТС) жүргізілетін жөндеу жұмыстарының түрлері

Ауыстыру торабы

Коммуникацияларға, арматура мен блок жабдығына ақау ведомосын жасау

Қажеттілігіне қарай

Бекітпе арматурасына ревизия

жылына 1 рет

Сақтандырғыш клапандарының іске қосылуын ретке келтіру және пломбылау

6 айда 1 рет

Жөндеуден кейінгі үш жүрісті қранның және блоктың бекітпе арматурасы жүрісінің бірқалыптылығын тексеру және сынау

жылына 1 рет

Тұрақты түрде ашық және тұрақты түрде жабық арматурасының жұмысқа жарамдылығын тексеру

айына 1 рет

Тораптан немесе басқару қалқанынан кранды қашықтықтан басқаруды сынау

айына 1 рет

Бекітпе вентильдерінің тығыздығын, саңылаусыздығын тексеру

айына 1 рет

Бекітпе арматурасын жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Сақтандырғыш арматурасын жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Топырақ отырып қалған және су жырып кеткен жерлерге топырақ себу

Қажеттілігіне қарай

Газ қозғалысы бағытының көрсеткіштері жазуларын кейін қайта қалпына келтірумен блок жабдығы мен коммуникациялардың сыртқы беттерін бояу

Қажеттілігіне қарай

Тазалау торабы

Арматураға және жабдыққа ақау ведомосын жасау

Қажеттілігіне қарай

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды тексеру және сынау.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) белгіленген мерзімдерде

Блоктың кіру мен шығуындағы бекітпе арматурасына ревизия

жылына 1 рет

Сорғытқыш желідегі бекітпе арматурасына ревизия

жылына 1 рет

Бекітпе арматурасын жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Сұйықтықтың автоматты жою жүйесіндегі реттеуші арматураны жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Көрсеткіштер мен жазуларды кейін қайта қалпына келтірумен құбырлар мен жабдықтың сыртқы беттерін бояу

Қажеттілігіне қарай

Гидрат түзілімін алдын алу торабы

Ақау ведомосын жасау

Қажеттілігіне қарай

Жылу алмастырғышқа ревизия

жылына 1 рет

Газ жылытқышына ревизия

жылына 1 рет

Су және газ желілеріндегі бекітпе арматурасына ревизия

жылына 1 рет

Жану мен реттеу қауіпсіздігі блоктарына ревизия

6 айда 1 рет

Бекітпе арматурасының саңылаусыздығын тексеру

6 айда 1 рет

Жану мен реттеу қауіпсіздігі автоматикасының жұмысқа жарамдылығын тексеру

Ауысымды

Тиектеу крандары мен жапқыштарды жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Блок коммуникацияларында және корпусындағы жылу оқшаулағыш бұзылуларын қалпына келтіру

Қажеттілігіне қарай

Редукциялау торабы

Ақау ведомосын жасау

Қажеттілігіне қарай

Бекітпе арматурасына ревизия

жылына 1 рет

Реттеуші арматурасына ревизия

жылына 1 рет

Қол жетегі бар бекітпе арматурасын жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Пневможетегі бар бекітпе арматурасын жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Реттеуші арматурасын жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Крандардың қашықтықтан басқару тораптарынан жұмыс және резервті желілердің жұмысқа жарамдылығын сынау

айына 1 рет

Командалық аспаптарға, редукторларға, задатчиктерге, қысым реттеуіштеріне, сүзгіштерге импульсты желілердің қосылу жерлерінде саңылаусыздықты тексеру

Ауысымды

Импульсті және командалық газды дайындау торабына ревизия

Қажеттілігіне қарай

Газды дайындау торабында сорғышты регенерациялау

Қажеттілігіне қарай

Газ ағыны бағытының көрсеткіштері мен жазуларын кейіннен қалпына келтірумен жабдық мен құбырлардың сыртқы беттерін бояу

Қажеттілігіне қарай

Газды есептеу торабы

Ақау ведомосын жасау

Қажеттілігіне қарай

Тарылтатын құрылғыға ревизия

жылына 1 рет

Блоктың қосылу желілерінің саңылаусыздығын тексеру

ГТС тәулік бойы қызмет көрсету нысаны үшін күн сайын; ГТС орталықтандырылған қызмет көрсету нысаны үшін аптасына кемінде 1 рет; ГТС мерзімді қызмет көрсету нысаны үшін аптасына кемінде 5 рет

Көрсеткіштер дәлдігін тексеру және газды есептеу аспаптарының дәлдігін белгілеу

Тоқсан сайын

Есептеу блогының қосылуларында газдың кемуін тексеру және жою

Ауысымды

Бақылау сызғышы бойынша планиметрлер көрсеткіштерін тексеру

10 күнде 1 рет

ГТС инженері басшылығымен шығынды есептеуіш тораптар жағдайы және газды есептеу растығын кешенді тексеру

Тоқсан сайын

Шығынды есептеуіш аспаптары мен құрылғыларды мемлекеттік тексеруге дайындау және тапсыру

жылына 1 рет

Одорант блогы

Ақау ведомосын жасау

Қажеттілігіне қарай

Тиектеу, реттеуіш және сақтандырғыш арматурасының толық ревизиясы

жылына 1 рет

Бекітпе арматурасына ревизия

Қажеттілігіне қарай

Одорант шығынын реттеу және тексеру

ГТС тәулік бойы қызмет көрсету нысаны үшін ауысымды; ГТС орталықтандырылған қызмет көрсету нысаны үшін аптасына кемінде 1 рет; ГТС мерзімді қызмет көрсету нысаны үшін аптасына кемінде 5 рет

Бақылау-өлшеуіш аспаптары және автоматтандыру

Ақау ведомосын жасау

Қажеттілігіне қарай

Бақылау-өлшеуіш аспаптарына ревизия

Жылына 1 рет

Датчиктер ревизиясы, күзет, өрт сөндіру және қашықтықтан сигнал беру құрылғылары мен жүйелері жұмыс жасауының дәлдігі мен жұмысқа жарамдылығын тексеру

6 айда 1 рет

Бақылау-өлшеуіш құрылғылары және автоматтандыру қосылуларында газ кемулерді жою және тексеру

Қажеттілігіне қарай

Бақылау-өлшеуіш құрылғылары мен автоматика көрсеткіштерінің дәлдігі мен жұмысқа жарамдылығын тексеру

тоқсанына 1 рет

Бақылау-өлшеуіш құрылғылары мен автоматиканы жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Күзет, өрт сөндіру және қашықтықтан сигнал беру жүйелерін жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Қорғау автоматикасының газды дайындау және тұрақтандыру блогының жабдығын жөндеу

Айына 1 рет

Плата қосылуларында және қорғау автоматикасы элементтеріндегі саңылаусыздықты тексеру

тоқсанына 1 рет

Қысымды жасанды өзгерту жолымен қорғау автоматикасының жұмысқа жарамдылығын сынау

тоқсанына 1 рет

Қорғау автоматикасы жүйесінде уақытша сипаттамалар мен датчиктерді орнатуды тексеру

тоқсанына 1 рет

Басқару мен қорғау автоматикасы торапынан редукциялау желілері крандарымен қашықтықтан басқаруды сынау

тоқсанына 1 рет

Қорғау автоматикасы жүйелерін жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Майдың датчиктер "қалталарына" құйылуы

Қажеттілігіне қарай

Бекітпе арматурасы

Ақау ведомосын жасау

Қажеттілігіне қарай

Бекітпе арматурасына ревизия

жылына 1 рет

Бекітпе арматурасының жұмысқа жарамдылығын тексеру

айына 1 рет

Бекітпе арматурасын жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Жазуларды, көрсеткіштерді, нөмірлерді қайта қалпына келтіріп, бекітпе арматурасын бояу

Қажеттілігіне қарай

Байланыс пен телемеханика жүйесі

Ақау ведомосын жасау

Қажеттілігіне қарай

Өндірістік-технологиялық байланыс пен телемеханикаға ревизия

жылына 1 рет

Тұтынушы және диспетчермен өндірістік-технологиялық байланыстың жұмысқа жарамдылығын тексеру

Ауысымды

Телемеханика жүйесін реттеу, басқару, индикация мен сигнал беру режимдерінде жұмысқа жарамдылығын тексеру

тоқсанына 1 рет

Телемеханика жүйелері датчиктерінің қондырғыларын тексеру

тоқсанына 1 рет

Телемеханика датчиктерінің қосылу желілерінің саңылаусыздығына тексеру және газдың кемуін жою

ГТС тәулік бойы қызмет көрсету нысаны үшін ауысымды; ГТС орталықтандырылған қызмет көрсету нысаны үшін аптасына кемінде 1 рет; ГТС мерзімді қызмет көрсету нысаны үшін аптасына кемінде 5 рет

Өндірістік-технологиялық байланыс пен телемеханиканы жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Өндірістік-технологиялық байланыс пен телемеханика корпустары мен қалқандарын бояу

Қажеттілігіне қарай

Электр жабдығы, найзағайдан қорғау

Ақау ведомосын жасау

Қажеттілігіне қарай

Электр жабдығына ревизия

жылына 1 рет

Жерге тұйықтау контуры бар жайтартқыштардың балқыту (болтты) қосылуларының сенімділігін тексеру

6 айда 1 рет

Электр мақсаттарында электр жабдығының жерге тұйықтау сенімділігін тексеру

6 айда 1 рет

Электрмен жарықтандыру жұмысының жарамдылығын тексеру

ГТС тәулік бойы қызмет көрсету нысаны үшін ауысымды; ГТС орталықтандырылған қызмет көрсету нысаны үшін аптасына кемінде 1 рет; ГТС мерзімді қызмет көрсету нысаны үшін аптасына кемінде 5 рет

Электр жабдығы мен жайтартқыштарды жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Электр жабдығы мен жайтартқыштарды бояу

жылына 1 рет

Жылу мен желдету

Ақау ведомосын жасау

Қажеттілігіне қарай

Жылу жүйесі мен желдету, жану автоматикасы мен су жылытқыш қазаны қауіпсіздігіне ревизия

Жылу маусымынан 2 ай бұрын

Өз қажеттіліктеріне газ редукциялау торабы жабдығына ревизия

тоқсанына 1 рет

Жылу жүйесі мен желдету жүйесін жөндеу

Қажеттілігіне қарай

Жылу жүйесі мен желдету жабдығын бояу

Қажеттілігіне қарай

Электр химиялық қорғаныс

Ақау ведомосын жасау

жылына 1 рет

Электр химиялық қорғаныс құралдарына ревизия

жылына 1 рет

Электр химиялық қорғаныстың жұмысқа жарамдылығын тексеру

жылына 1 рет

Электр химиялық қорғанысты жөндеу

Қажеттілігіне қарай


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады