"Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025 жылғы 20 наурыздағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 наурызда № 35852 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22497 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Биржалық бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Төраға міндетін атқарушы
Р. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

  2025 жылғы 20 наурыздағы
№ 4 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 6 бұйрығымен
бекітілген

"Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 6) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауар биржалары қызметі саласында лицензия беру тәртібін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      5) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;

      6) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) Портал арқылы көрсетеді.

      4. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары, лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер Көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.

      Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      Заңның 5-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Көрсетілетін қызметтерді алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ АЖ) толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті алушыға Порталдағы "жеке кабинетке" осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕЛ МДҚ АЖ бірыңғай көлік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту жіберіледі.

      8. Ақпараттық жүйенің істен шығуы кезінде Көрсетілетін қызметті беруші техникалық іркілістердің туындауын анықтаған сәттен бастап электрондық пошта арқылы sd@nitec.kz бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпарат міндетті түрде ұсыныла отырып, Көрсетілетін қызметті алушының бизнес сәйкестендіру нөмірін қоса бере отырып, авторландыру сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса беріп "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын дереу хабардар етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздік) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін Көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін Көрсетілетін қызметті берушінің оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:

      1) қосымша зерделеу немесе шағым бойынша тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда ұзартылады.

      12. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам, шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, хабарлайды.

      13. Шағым келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекеттер жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      14. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, ол туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Егер әкімшілік орган немесе лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса және/немесе әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы талап етсе, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылмайды.

      15. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК-нің 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Тауар биржалары саласындағы
қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

"Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері:
1) Тауар биржаларының қызметімен айналысу құқығына лицензия алу;
2) Тауар биржалары саласында клирингтік қызметпен айналысу құқығына лицензия алу;
3) Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия алу;
4) Лицензияны қайта ресімдеу.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тауар биржаларының қызметімен айналысу, тауар биржалары саласында клирингтік қызметпен айналысу, тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрі - Лицензия), қайта ресімделген Лицензия (қызметтің түрінің атауы) не осы Тізбеде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы ЕЛ МДҚ АЖ бірыңғай көлік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер және тәртіппен жүзеге асырылады.
Алым ставкалары:
лицензия беру үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті;
қайта рәсімдеу үшін – лицензия беру үшін мөлшерлеменің 10%.
Алым сомасын төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Агенттіктің интернет-ресурсында: https://www.gov.kz/services/3357?lang=kk "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны алу үшін:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін өтініш;
2) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің № 31 бұйрығымен бекітілген тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны.
Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш;
2) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесін жолдайды.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары, лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер Көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты Порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Агенттіктің интернет-ресурсында: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk?lang=kk "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімде орналастырылған;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" ЕЛ МДҚ АЖ бірыңғай көлік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

  "Тауар биржалары саласындағы
қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан



  "Тауар биржалары саласындағы
қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан



  "Тауар биржалары саласындағы
қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Лицензия алу үшін өтініш

      Кімге ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын

      __________________________________________________________________________

      (Қызмет түрінің толық атауын көрсету)

      Заңды тұлғаның мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді

      мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондары ______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банктік шот _______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі))

      Қоса беріліп отыр _ парақ.

      Басшы ___________________________________________________________________

                        (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: "___" _________ 20__ жыл

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. _______ "___" ________ 20 __ жыл

  "Тауар биржалары саласындағы
қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш (заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайда)

      Кімге _____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы) кімнен ___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын) №__________ бастап "___" _________ 20___

      берілген жылдың)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      жүзеге асыруға _____________________________________________________________

      (қызмет түрінің толық атауы) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшықта Х түрінде көрсетіңіз)):

      1) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _____________________________________

      2) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _________________________

      Заңды тұлғаның мекен-жайы _________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      телефондар ________________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банктік шот _______________________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі))

      Қоса беріліп отыр __________ парақ.

      Басшы ____________ ______________________________________________________

                  (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: "___" __________ 20__ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады