Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 сәуірде № 22637 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.04.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 121 бұйрығымен
бекітілген

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.04.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік спорттық тапсырыс – мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес анықтайтын және өнім берушілерде олардың меншік нысандарына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекет қаржыландырудағы көрсетілетін қызметтер көлемі (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс);

      2) мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген мемлекеттік құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі – қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі);

      3) оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру рәсімін әкімшілендіруді орындауға уәкілетті оның құрылымдық бөлімшесі;

      4) өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

      3. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22631 болып тіркелген) Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.04.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік спорттық тапсырыстың көлемі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 119 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22633 болып тіркелген) Мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.04.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Көрсетілген қызметтер үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі

      5. Өнім беруші операторға мемлекеттік тапсырыстың орындалуы туралы электрондық есепті (бұдан әрі – электрондық есеп) ай сайын, есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жібереді.

      Электрондық есеп барлық балалар топтарына барудың электрондық табельдерін және осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген, дәлелді себептер бойынша әрбір баланың келмей қалуын растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қамтиды.

      Әрбір балаға келудің электрондық табелі оның заңды өкілімен электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе жеке кабинет арқылы немесе абоненттік нөмірге бір реттік пароль арқылы қысқа мәтіндік хабарлама түрінде расталады.

      6. Оператор өнім беруші электрондық есепті ұсынғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      2) дәлелді себептер бойынша баланың келмей қалуын осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді;

      3) электрондық келу табелінде көрсетілген мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың мәртебесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкестігін тексереді;

      4) электрондық қатысу табелінде көрсетілген балалардың мәртебесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкестігін тексереді.

      7. Ұсынылған электрондық есеп осы Қағидалардың 5 және  6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, өнім берушіге көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеу осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзімдерде ай сайын жүргізіледі.

      Ұсынылған электрондық есептің осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, оператор өнім берушіге электрондық есепті пысықтауға жібереді.

      Өнім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жояды және оператордан электрондық есепті пысықтау туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық есепті операторға қайта жібереді.

      Электрондық есепті пысықтағаннан кейін өнім берушіге ақы төлеу осы Қағидалардың 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.04.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өнім берушіге ақы төлеу әрбір баланың сабаққа нақты қатысуы негізінде, Әдістемеде белгіленген сабақтардың ең көп санынан аспайтын көлемде жүргізіледі.

      Өнім беруші көрсеткен қызметтер үшін төлем сомасына әрбір бала бойынша мынандай дәлелді себептермен өткізіп алған сабақтар енгізіледі:

      1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 037/у нысаны бойынша студенттің, колледж, кәсіптік-техникалық училище оқушысының еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы, ауруы, карантині және мектепке дейінгі балалар ұйымына баратын баланың болмауының өзге де себептері туралы анықтаманың негізінде;

      2) заңды өкілінің еңбек демалысы кезеңіндегі оның жазбаша өтініші негізінде, бірақ жылына 6 сабақтан аспауы керек.

      Мемлекет тарапынан шектеу шараларынан, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар себебінен туындаған, нәтижесінде балалар спорт секцияларына бармай қалуы кезіндегі өнім берушілердің мәжбүрлі бос тұруы кезеңінде ақы төлеу Әдістеменің 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар Әдістемеге сәйкес қашықтықтан өткізілетін сабақтарға қолданылмайды.

      Оператор өткен есептік кезеңдер үшін дәлелді себептер бойынша, бірақ осы Қағидалардың осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген дәлелді себептер бойынша ағымдағы есептік кезеңге қатысты 3 (үш) айдан кешіктірмей баланың рұқсаттамалары туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өнім беруші қосымша электрондық бару табелін ұсынған кезде, бірақ есепті кезеңде бір реттен аспайтын қайта есептеуді және төлем сомасын қосымша есептеуді жүргізеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.04.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Оператор электрондық есепті мақұлдағаннан кейін өнім беруші электрондық шот-фактура мен көрсетілген қызметтер актісін ұсынады, олар цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) төлеуге электрондық шотты қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

      10. Оператор қаржы саласындағы уәкілетті органның қазынашылық ақпараттық жүйесі арқылы төлемдерді жөнелтуді төмендегідей жүзеге асырады:

      1) осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген құжаттарды уақтылы ұсынған өнім берушілерге есептік айдан кейінгі айдың 18-ші күніне дейін;

      2) құжаттарды белгіленген мерзімнен кеш ұсынған өнім берішілерге есептік кезеңнен кейінгі айдың 30-шы күніне дейінгі мерзімде;

      3) құжаттарды уақтылы ұсынған, бірақ оператор түзетуге қайтарған өнім беруішілерге сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде жібереді.

      11. Өнім беруші мен оператордың желтоқсандағы өзара есеп айырысулары осылайша жүзеге асырылады:

      1) өнім беруші электрондық есепті операторға 20 желтоқсаннан кешіктірмей жібереді;

      2) ұсынылған электрондық есептің осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкессіздіктері анықталған жағдайда, оператор өнім берушіге электрондық есепті 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді;

      3) өнім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жояды және оператордан электрондық есепті пысықтау туралы хабарлама алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық есепті операторға қайта жібереді;

      4) оператор 25 желтоқсанға дейін өнім берушінің ағымдағы жылғы желтоқсанда көрсеткен қызметтері үшін өнім берушілерге соманы есептеуді және төлеуді жүргізеді.

      12. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру міндеттерін жүзеге асыратын ақпараттық жүйе электрондық шот-фактураларды ұсыну, оларды келісу, оператор мен өнім беруші арасында қол қою және күшін жою міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы саласындағы уәкілетті орган қазынашылығының ақпараттық жүйесімен интеграцияланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады