Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 22631 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.04.2022 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 120 бұйрығымен
бекітілген

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 65-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру рәсімін әкімшілендіруді орындауға уәкілеттік берілген оның құрылымдық бөлімшесі;

      2) Өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;

      3) баланың заңды өкілдері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар.

2-тарау. Мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру тәртібі

      3. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) орналастыру мыналарды қамтиды:

      1) мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеу;

      2) спорт секцияларына орындарды бөлу тәртібі.

      Оператор мемлекеттік тапсырысты орналастыруды "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ҰБДҚ) интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік тапсырысты орналастыру оператордың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат көлемінде өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.

      Оператор мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру жоспарының жобасын күнтізбелік жылдың толық көлемінде жасайды және жыл сайын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 31 қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде оператордың ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      Оператор мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың бекітілген жоспарын ол бекітілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оператордың ресми интернет-ресурсында жыл сайын орналастырады.

      Оператор мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың бекітілген көлемін алдыңғы қаржы жылының мемлекеттік тапсырысын қаржыландыруды жалғастыруға көзделген қаражат көлемін шегере отырып, жыл сайын қаржы жылының бірінші жұмыс күні ақпараттық жүйеде орналастырады.

      Оператордың бюджетінен мемлекеттік тапсырысты іске асыруға қосымша қаражат бөлінген кезде, бекітілген қосымша қаржыландыру көлемі ол бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей ақпараттық жүйеде орналастырылады.

      Балалар контингентін жинақтауды оператор баланың заңды өкілдерінің белгілі бір өнім берушіге берген электрондық өтініштері негізінде автоматты түрде ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады. Балалар контингентін жинақтау кезінде ақпараттық жүйе осы Қағидалардың 11 және 12 – тармақтарында көзделген кезектілікті басшылыққа ала отырып, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына (бұдан әрі-спорт секцияларына) орындар бөледі.

      Мемлекеттік тапсырысты орналастыру, балалар контингентін жинақтау, сондай-ақ өнім берушінің, оператордың және баланың заңды өкілінің осы процестерге байланысты өзге де ілеспе функционалдық операциялары өнім беруші және баланың заңды өкілі үшін өтеусіз жүзеге асырылады;

      3) электронды және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерін орындалуын қамтамасыз ету.

1-параграф. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеу

      4. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысу үшін өнім беруші ақпараттық жүйе арқылы операторға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:

      1) жеке тұлғалар үшін – жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама немесе жеке кәсіпкер талоны, немесе жеке кәсіпкер куәлігі, заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) спорт секция қызметін ұйымдастыруға пайдалану үшін өнім берушінің меншігіндегі және (немесе) өзге де заңды негіздегі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады.

      Жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығын растайтын құжаттың мерзімі өнім беруші өтініш берген күннен кейін кемінде 10 (он) айды құрайды.

      Мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын мүлікті пайдаланған жағдайда қызмет көрсету туралы шарт ұсынылады, онда құқық белгілейтін құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті беруші тікелей теңгерім ұстаушы болып табылады;

      3) құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) ұйым ғимаратының/үй-жайларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі немесе эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның көшірмесі;

      4) өнім беруші бекіткен спорт түрлерінен оқу бағдарламасы, мыналарды қамтиды:

      оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері;

      болжамды спорттық нәтижелер;

      оқу дәрежелері бойынша сабақтардың мазмұны (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 119 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22633 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес бір тақырыпқа жұмсалатын сабақтардың санын көрсете отырып, күнтізбелік бір жылға сабақтардың тақырыптарын тізбектеу));

      сабақтарды қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық жарақтандырудың сипаттамасы;

      сабақтарды өткізу кестесі;

      баланың заңды өкілдері үшін ішкі іс-шараларды, оның ішінде жарыстық (конкурстық), есептік іс-шараларды және ашық сабақтарды өткізудің жоспарланған кестесі;

      сабақ өткізу үшін қажетті балалардың жеке мүкәммалы мен киім-кешегі туралы мәліметтер;

      спорт секциясына бару регламенті;

      баланың заңды өкілдері үшін ішкі іс-шараларды, оның ішінде жарыстық (конкурстық), есептік іс-шараларды және ашық сабақтарды өткізудің жоспарланған кестесі;

      сабақ өткізу үшін қажетті балалардың жеке мүкәммалы мен киім-кешегі туралы мәліметтер;

      спорт секциясына бару регламенті;

      5) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, балалармен сабақ өткізу үшін тартылатын қызметкерлердің тізімі.

      5. Өнім берушінің балалармен сабақ өткізетін әрбір қызметкеріне, өтінішке мынадай құжаттар мен мәліметтерді қамтитын ақпарат қоса беріледі:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) мынадай тәсілдердің бірімен кәсіби спорт бейінін растайтын құжаттар:

      кадрларды даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) немесе жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі: "Дене шынықтыру және спорт" немесе "Дене шынықтыру" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар;

      "Қазақстан Республикасының спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері" немесе "Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының спорт шебері" спорттық атақтары бар тұлғаларға - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) немесе жоғары білімі туралы дипломның, бейінді спорт түрі бойынша жоғарыда көрсетілген спорттық атақтарды беру туралы куәліктің және Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органы жанындағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-138/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21464 болып тіркелген) нысан бойынша өтініш берілген күнге қарай 24 (жиырма төрт) айдан кешіктірмей берілген сертификат, немесе жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) және/немесе орта кәсіптік медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі;

      4) өтініш берілген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей берілген соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

      5) өтініш берілген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей берілген наркологиялық ұйымда диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама;

      6) өтініш берілген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей берілген психоневрологиялық ұйымда диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама;

      7) өтініш берілген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей берілген туберкулезге қарсы мамандырылған ұйымда (туберкулезбен ауыратындардың диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны) туралы анықтама.

      Қызметкерлер бойынша деректер, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, оқу бағдарламасы, сондай – ақ осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтер (бұдан әрі-деректер) өзгерген кезде Өнім беруші растаушы құжаттарды қоса бере отырып, ақпараттық жүйе арқылы қарау үшін деректерді түзетеді және операторға жібереді.

      Ұсынылған деректер сәйкес келген кезде оператор 5 (бес) жұмыс күні ішінде өнім берушінің енгізілген өзгерістерін мақұлдайды, сәйкес келмеген жағдайда қабылдамайды.

      6. Өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтер операторға олардағы ақпаратты сәйкестендіру үшін жеткілікті сапада орындалған электрондық құжаттар түрінде ұсынылады.

      Өтініш беру ақпараттық жүйеде орналастырылатын және мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын тараптардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін оператордың жария офертасына өнім берушінің акцептімен сүйемелденеді.

      7. Оператор өтінішті өнім берушінің өтініш берген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Өтінішті қарау қорытындылары бойынша өнім беруші осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келген кезде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілердің тізіміне енгізіледі. Өнім беруші осы Қағидаларының 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, өнім берушіге дәлелді бас тарту жіберіледі.

      8. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілер тізіміне енгізілген өнім беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық жүйе арқылы операторға өтініш жіберу арқылы өз бастамасы бойынша тізімнен шығарылады.

2-параграф. Спорт секцияларына орындарды бөлу тәртібі

      9. Өнім беруші спорт секцияларында орындар босатылған кезде өнім беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде олар бойынша мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізеді. Ақпараттық жүйе енгізілген мәліметтерді автоматты түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бұйрығымен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22637 болып тіркелген) көзделген мемлекеттік қаржыландыру көлемдерін бөлу кезінде ескереді.

      Бос орындарды ақпараттық жүйе баланың заңды өкіліне спорт секциясына қабылдау үшін электрондық ваучер бере отырып, балалар арасында олардың кезектілігіне сәйкес бөледі.

      10. Спорт секциясына қабылдау үшін ваучер алу үшін баланың заңды өкілі кезекке қою үшін электрондық өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Ваучер, ақпараттық жүйе оны алған бала туралы ақпаратты тіркейтін, бала қабылданатын өнім берушінің спорттық секциясын және балаға бөлінетін қаржыландыру көлемін көрсететін бірегей нөмір болып табылады. Берілген ваучер туралы ақпарат электрондық хабарлама арқылы баланың заңды өкіліне жіберіледі.

      Баланың заңды өкілі арыз беруді жеке өзі жүзеге асырады. Осы талаптың бұзылуы анықталған кезде оператор кезектегі өтініштің және ол бойынша берілген ваучердің күшін жояды. Осы талаптың бұзылуы анықталған жағдайда ақпараттық жүйе кезектегі өтінішті және ол бойынша берілген ваучерді жояды.

      Мемлекеттік спорттық, шығармашылық және білім беру тапсырыстары шеңберінде ел ауқымында бір балаға спорт секцияларының немесе шығармашылық үйірмелердің қызметтеріне кезекте баланың заңды өкілінің бірден көп емес өтінішінің болуына жол беріледі.

      Спорттық секцияны ауыстырған кезде баланың заңды өкілі өнім берушіге кезекке қоюға бұрын берілген өтінішті кері қайтарып алу туралы өтініш жібереді және кезекке қоюға қайта өтініш береді.

      11. Спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі және баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), спорттық секцияның түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірін қамтиды, сондай-ақ ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды.

      Кезек балалардың заңды өкілдерінің берген өтініштері бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өнім берушінің әрбір спорт секциясы бойынша жеке құрылады.

      Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі.

      Кезектегі позиция заңды өкілдердің өтінішті қайтарып алуына байланысты немесе ваучерді алу себебінен балалардың кезектен шығу себебінен кему жағына қарай және осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ваучерлерін өнім беруші кері қайтарып алған балалардың кезекке оралу себебі бойынша өсу жағына қарай жылжиды.

      Кезекте орын ауыстыруға жол берілмейді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 15.05.2024 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Орындарды бөлу және ваучерлерді беруді күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-де ақпараттық жүйе автоматты режимде жүзеге асырады.

      Ваучерлер өнім берушілердің тізіміне енгізілген өнім берушілерден спорт секцияларындағы бос орындарға кезек тәртібімен беріледі. Ваучер берілгеннен кейін баланың заңды өкілінің өтініші кезектен алынады.

      Ваучердің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды, осы уақыт ішінде баланың заңды өкілі спорт секциясына қабылдау үшін қажетті құжаттарды жинауды және өнім берушімен шарт жасасуды жүзеге асырады.

      Ваучер атаулы болып табылады және айырбастауға жатпайды. Ваучердің қолданылу мерзімі ұзартылмайды, мерзімі өткен ваучер автоматты түрде жойылады. Баланың заңды өкілі қажет болған жағдайда, кезекке қоюға қайта өтініш береді.

      Өнім берушілерден өтінім қабылдау, орындарды бөлу және ваучерлер беру тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан 30 қарашасына дейін жүргізіледі.

      1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін ақпараттық жүйеде өтінім қабылдау, орындарды бөлу және ваучерлер беру келесі жылдың бірінші жұмыс күніне дейін тоқтатылады.

      Өнім берушіден өтінімдерді қабылдау, орындарды бөлу және ваучерлерді беру мынадай кездерде уақытша тоқтатылады:

      1) оператордың бюджетінде тиісті жылға көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық игерілген кезде;

      2) мемлекет тарапынан өнім берушілердің амалсыз тұрып қалуына әкеп соғатын, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан балалардың шығармашылық үйірмеге қатысу мүмкіндігі болмайтын шектеу шаралары белгіленген кезде.

      Эпидемиологиялық жағдайға байланысты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы негізінде спорт секцияларында қашықтықтан сабақтар өткізуге жол беріледі.

      13. Жыл сайын 1-31 тамыз және 1-28 ақпан аралығында ақпараттық жүйе бұрын кезекке қоюға өтініш берген, кезекте тұру мерзімі үш айдан асатын және баланы спорт секцияға қабылдау үшін ваучерлер алынбаған балалардың заңды өкілдерінің кезекті электрондық растау рәсімін жүзеге асырады.

      Баланың заңды өкілі электрондық түрде кезекте тұруға одан әрі мүдделілігін растайды немесе баланың заңды өкілінің растауы болмаған кезде өтініш ақпараттық жүйемен кезектен алынады.

      Қажет болған жағдайда баланың заңды өкілі кезекке қоюға қайта өтініш беруді жүзеге асырады.

      14. Өнім беруші спорт секциясындағы орындарды, оның ішінде берілген ваучері бар орындарды қайтарып алу себебін көрсете отырып, кері қайтарып алады.

      Ваучер берілген орынды қайтарып алу баланың заңды өкілінің өтінішті беру күні мен уақытына сәйкес позицияға кезектегі бастапқы өтінішін қалпына келтіреді.

      15. Ақпараттық жүйе автоматты режимде төмендегі ақпаратты өзектендіреді және ресми интернет-ресурста орналастырады:

      1) елді мекеннің аудандарындағы (шағын учаскелері) спорт секцияларына сұраныс туралы мәліметтер;

      2) келесі қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру жоспары туралы мәліметтер;

      3) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру жоспарының ай сайын орындалуы туралы мәліметтер;

      4) спорт секциясының рейтингі туралы мәліметтер;

      5) оператор балаларға арнап ұйымдастыратын аудандық, қалалық және өңірлік конкурстардың, байқаулар мен жарыстардың тегін іс-шараларының күнтізбесі;

      6) өнім берушідегі орындардың босау хронологиясы;

      7) ваучерлерді беру хронологиясы.

      16. Оператор мемлекеттік тапсырыс рәсімдерін орындау барысында жинақталатын мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы периметрінің ішінде физикалық орналасқан ақпараттық жүйенің серверлерінде және ақпарат жеткізгіштерінде сақтауды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік тапсырыс міндеттерін жүзеге асыратын ақпараттық жүйенің компоненттері:

      1) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы Интернет желісін пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасайды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екінші деңгейден төмен емес ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігіне ақпараттық қауіпсіздікке жүргізілген сынақтардың сәтті нәтижесі туралы акт алады;

      3) мемлекеттік білім беру, шығармашылық және спорттық тапсырысын алуға кезекте тұрған және алатын балалар, осы процеске қатысатын өнім берушілер мен олардың қызметкерлері бойынша ақпарат алмасуды және ақпаратты салыстырып тексеруді, сондай-ақ, бала баратын орта білім беру ұйымы туралы мәліметтерді, оның қорғаншылары мен қамқоршылары туралы мәліметтерді (болған жағдайда) алуды жүзеге асыру үшін ҰБДҚ-мен интеграцияйды;

      4) цифрландыру саласындағы "Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасы" ақпараттық жүйесімен интеграциаланады;

      5) іркілістер жағдайында жұмысқа қабілеттілікті тез қалпына келтіру мүмкіндігі үшін жинақталған деректерді резервтейді.

3-тарау. Спорт секцияларының жұмыс істеу тәртібі

      17. Спорт секцияларының жұмыс істеуі мыналарды қамтиды:

      1) сабақтар өткізуге арналған үй-жайға қойылатын талаптар;

      2) балаларды қабылдау, есепке алу және дамыту.

      Спорт секцияларының жұмыс істеуін өнім беруші сабақтар өткізуге арналған үй-жайларды жарақтандыруға қойылатын талаптарды ескере отырып және Әдістемеге сәйкес спорт секцияларының түрлеріне қойылатын талаптарды ескере отырып жүзеге асырады.

1-параграф. Сабақтар өткізу үшін үй-жайға қойылатын талаптар

      18. Сабақ өткізуге арналған үй-жай орналасқан ғимарат бөлек санитариялық тораппен және мыналармен жабдықталады:

      дәретханамен. Кәрізденбеген жерде санитариялық-аулалық қондырғылар орнатуға жол беріледі;

      ыстық және суық суы бар қолжуғышпен;

      душ бөлмелерімен;

      жеке гигиена құралдарымен, оның ішінде дәретхана қағазымен және сабынмен;

      жарықтандыру;

      қол кептіргішпен немесе бір рет қолданылатын қағаз сүлгімен.

      19. Сабақ өткізуге арналған үй-жай жабдықталады:

      1) топтағы балалардың рұқсат етілген шекті санынан кем емес жеке шкафтармен жабдықталған киім шешетін орынмен;

      2) бейне мұрағатты кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде сақтау мүмкіндігі бар бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етіледі;

      3) өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады.

      20. Мұз қабатын пайдаланатын спорт түрлері бойынша сабақтар өткізуге арналған үй-жайларды қоспағанда, сабақтар өткізуге арналған үй-жайлар, санитарлық торап пен киім шешетін бөлмелер жылытылады және күзгі-қысқы кезеңде кемінде 20°С температураны қамтамасыз етеді.

      Сабақ өткізуге арналған үй-жайдың табиғи жарық түсетін және желдету мүмкіндігі бар терезелері болады немесе ішке тарты-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

      21. Сабақтар өткізуге арналған үй-жайларды күтіп ұстау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Дене, психикалық, интеллектуалдық және басқа да ерекшеліктері бар адамдар үшін үй-жайлар "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді.

2-параграф. Балаларды қабылдау, есепке алу және дамыту

      22. Ваучерде көрсетілген өнім беруші мен баланың заңды өкілі арасында ваучердің қолданылу мерзімі ішінде спорт секциясында сабақ өткізу қызметін көрсетуге шарт жасалады.

      Өнім беруші мен баланың заңды өкілі арасында шарт жасасу әрбір ваучер бойынша жеке жүзеге асырылады.

      23. Баланың заңды өкілі өнім берушінің біліктілігін және сабақтарды өткізу шарттарын бағалау мақсатында өнім берушімен шартқа қол қою немесе қол қоймау туралы шешім қабылдау үшін ваучердің қолданылу мерзімі кезеңінде кемінде екі сынақ сабағына қатысуға рұқсат етеді.

      24. Шарт жасасу үшін баланың заңды өкілі өнім берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) спорт секциясына қабылдауға еркін нысандағы өтініші;

      2) баланың суреті;

      3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/е нысаны (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама;

      5) баланың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      Мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар тобына қабылдау үшін баланың заңды өкілі өнім берушіге оның мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 15.05.2024 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Өнім беруші шарт жасасудан мынадай кезде бас тартады:

      1) баланың заңды өкілі осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде;

      2) баланың заңды өкілі анық емес және бұрмаланған ақпарат берген кезде;

      3) баланы спорт секциясына қабылдауға кедергі келтіретін медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар немесе мүмкіндіктері шектеулі баланы спорт секциясына қабылдау мүмкіндігін бағалау өнім берушінің қалауы бойынша айқындалады.

      26. Баланы спорт секциясына қабылдау шарт жасалған күннен кейінгі келесі күні жүзеге асырылады.

      27. Қажеттілікке сәйкес өнім беруші балалардың заңды өкілдерін алдын ала хабардар ете отырып, сабақ кестесіне өзгерістер енгізеді, топтардағы балалар санын түзетеді.

      28. Өнім беруші күнтізбелік жылға арналған жұмыс жоспарын жасайды және онымен әрбір баланың заңды өкілін таныстырады.

      Жұмыс жоспары мыналарды қамтиды:

      1) аптасына сабақтардың саны мен кестесі;

      2) жарыстық (конкурстық) іс-шаралардың болжамды кестесі;

      3) балалар іссапарлары мен жиындарының болжамды кестесі;

      4) баланың заңды өкілдері алдында есеп беру жастарының болжамды кестесі.

      29. Өнім беруші спорт секциясына қатысатын әрбір бала бойынша қағаз немесе электрондық тасымалдағышта портфолио жүргізеді, оған бейне - және фотоматериалдар мен олар туралы ақпарат енгізіледі:

      баланың жыл ішіндегі физикалық даму көрсеткіштері;

      жарыстық (конкурстық) іс-шараларға қатысу нәтижелері туралы;

      іссапарлар мен жиындарға қатысу;

      баланың заңды өкілдерінің алдында есеп беру жарыстарға қатысу;

      сабақтарына қатысуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қарап-тексеруден өту нәтижелері бойынша баланы спорт секциясында оқуға жіберуге немесе жібермеуге құқығы.

      30. Өнім беруші баланы спорттық секциядан мынадай негіздер бойынша бір жақты тәртіпте шығарады:

      1) мектеп каникулдары, сауықтыру лагерьлеріндегі демалыс, оңалту іс-шараларынан өту және/немесе мүмкіндіктері шектеулі балаларды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды емдеу кезеңін, сондай-ақ, конкурстарға, фестивальдарға, жарыстарға, олимпиадаларға қатысу кезеңін қоспағанда оқу-жаттығу жиындарында – заңды өкілінің өтініші бойынша, санаторий – курорттық ұйымдарда болуы-растайтын құжаттарды ұсынған кезде, себепсіз қатарынан 3 (үш) өткізіп алынған сабақтар болған кезде;

      2) спорттық секцияға бару регламентін сақтамағаны үшін;

      3) денсаулық сақтау ұйымы растаған, баламен сабақ өткізуге кедергі келтіретін, баланың медициналық қарсы көрсетілімдері немесе эмоциялық-ерік саласының бұзылыстары болған кезде;

      4) шарт талаптары сақталмаған кезде.

      Бала оқудан шығарылған кезде өнім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде баланың заңды өкіліне баланың портфолиосын береді.

  Балалар мен жасөспірімдерге
арналған спорт секцияларында
мемлекеттік спорттық
тапсырысты орналастыру және
олардың жұмыс істеуі
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Мемлекеттік спорттық тапсырыс
операторына
____________________________
облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың және
астананың жергілікті атқарушы
органы немесе мемлекеттік
спорттық тапсырысты
орналастыру рәсімін
әкімшілендіруді орындауға
уәкілетті оның құрылымдық
бөлімшесі
____________________________
басшысы атынан
басшының лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда) өнім берушіден
________________________
_____________
заңды тұлғаның
(бизнес сәйкестендіру нөмірі),
жеке кәсіпкердің (жеке
сәйкестендіру нөмірі) атауы
____________________________
басшысы атынан
басшының лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда)
____________________________
_____________________

Мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруға қатысуға өтініш

      Мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруға қойылатын талаптарды зерделеп, қоса берілген құжаттарды қарап, мені мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілердің тізіміне қосуды сұраймын.

      Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес мынадай спорт секцияларының қызметтерін көрсетуді жоспарлап отырмын:

Р№/с

Спорт түрі

Балалар тобының түрі (инклюзивті, интеграцияланған, арнайы)

Балалардың жасы мен жынысы

Сабақтардың
өткізілуі

Елдімекеннің ауданы (шағын шағын учаскесі)

Қызмет көрсету мекен-жайы

1

2

3

4

5

6

7

      Осымен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру қағидаларында және олардың жұмыс істеуінде көзделген талаптармен, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларымен және мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесімен танысқанымды растаймын.

      Қосымша: құжаттар ________ парақта

      Ұйым басшысы _______________________________ қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Толтырылған күні

  Балалар мен жасөспірімдерге
арналған спорт секцияларында
мемлекеттік спорттық
тапсырысты орналастыру және
олардың жұмыс істеуі
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Мемлекеттік спорттық тапсырыс
операторына
____________________________
облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың және
астананың жергілікті атқарушы
органы немесе мемлекеттік
спорттық тапсырысты
орналастыру рәсімін
әкімшілендіруді орындауға
уәкілетті оның
құрылымдық бөлімшесі
____________________________
басшысы атынан басшының
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
өнім берушіден
____________________________
_____________ заңды тұлғаның
(бизнес сәйкестендіру нөмірі) ,
жеке кәсіпкердің (жеке
сәйкестендіру нөмірі) атауы
____________________________
басшысы атынан басшының
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
_____________________

Өтініш

      Мені мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілер тізімінен мынадай себеп бойынша шығаруды өтінемін:

      __________________________________________________________________

      себебін сипаттау

      Ұйым басшысы _________________________________

      қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Толтырылған күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады