"Денсаулық сақтау саласында жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-155 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 сәуірде № 22678 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласында жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19813 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуетті жекеше әріптеспен конкурсты және тікелей келіссөздерді өткізу тәртібі, конкурс нәтижелерін және әлеуетті жекеше әріптестермен тікелей келіссөздер нәтижелерін ресімдеу осы Қағидалардың 4-1 және 4-2 тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді (бұдан әрі - № 725 бұйрық).";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Мемлекеттік-жекешілік әріптестіктің республикалық жобалар бойынша өлшемшарттарға сәйкестігін айқындау "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен белгіленген Мемлекеттік инвестициялық жобаны таңдау әдістемесінің 1 және 3-тармақтарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 тіркелген).

      Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша біліктілік таңдау мынадай тәртіпте:

      1) Заңның 32-бабы 1) -7) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігіне № 725 бұйрығының 136-тармағында көзделген мерзім аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

      2) Заңның 32-бабы 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ жобасының бизнес - жоспарын бекіту туралы хабарламаны алғаннан кейін енгізілетін тиісті құжаттар пакетін ұсынған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      Біліктілікті іріктеу нәтижелері әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы уәкілетті тұлғаның (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының) қорытындысы түрінде ресімделеді.

      Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша бизнес-жоспарға салалық сараптама осы Қағидаларға Қосымшаға сәйкес Салалық қорытынды нысаны бойынша сәйкестікке келтіріледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:

      "4-2. Денсаулық сақтау объектілерін құруды (реконструкциялауды) және (немесе) пайдалануға беруді көздейтін ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша әлеуетті жекеше әріптестерге, концессионерлерге немесе жобаны іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлғаның (консорциумның) құрылтайшыларына (қатысушыларына) техникалық тұрғыдан күрделі денсаулық сақтау объектілерін салу немесе пайдалануға беру жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесінің (құрылтайшылардың (қатысушылардың) бірінің тәжірибесінің) бар-жоғы туралы қосымша (арнайы) біліктілік талабы қойылады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-37
  Денсаулық сақтау саласында
жекеше әріптесті айқындау және
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шартын жасасу
қағидаларына
қосымша

Нысан Салалық қорытынды

      _____________________________________________________________

      (оң немесе теріс қорытынды екені көрсетіледі)

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобасы туралы қысқаша ақпарат:

      1) салалық сараптама жүргізетін салалық мемлекеттік органның атауы (орталық салалық мемлекеттік органның атауы көрсетіледі);

      2) жобаның іске асырылу саласы (аясы) (экономика саласы (аясы) көрсетіледі);

      3) салалық сараптама объектісі (конкурстық құжаттама не МЖӘ жобасы бойынша бизнес-жоспар көрсетіледі);

      4) МЖӘ жобасының атауы (жоспарланған жобаның мәнін айқындайтын МЖӘ жобасының атауы көрсетіледі);

      5) МЖӘ жобасының қуаты (жобаның қуаты тиісті өлшем бірліктерінде көрсетіледі);

      6) іске асыру орны (жобаны іске асыру орны не талаптары (мекенжайы не орналасқан жерінің сипаттамасы көрсетіледі);

      7) МЖӘ объектісі (МЖӘ объектісі туралы атауы және негізгі ақпарат көрсетіледі);

      8) іске асыру мерзімдері мен кезеңдері (жылдар бойынша жобаларды іске асыру мерзімдері мен кезеңдері көрсетіледі);

      9) жобаның құны (жоба құны мың теңгемен көрсетіледі, шығындарды өтеу көздерінің жоспарланған құны және кірістер, заңға сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары және мемлекет қатысу нысандары);

      10) жобаның нәтижесі (МЖӘ жобасының тікелей және соңғы нәтижесі көрсетіледі).

      2. Негізгі бөлім (төлемдер көрсетілген кіші бөлімдердің әрқайсысы бойынша бағалау нәтижелерін (оң не теріс) қамтиды):

      1) саланың қазіргі жағдайының одан әрі дамуына әсер ететін проблемаларын бағалау;

      2) МЖӘ жобасы мақсаттарының саладағы орын алып отырған мәселелерді шешу сәйкестігін бағалау;

      3) МЖӘ жобасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін, оның ішінде тиісті салада (салада, өңірде) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге қажеттілікті, сондай-ақ болжамды МӘЖ жобасының күтілетін нәтижесінің бар-жоғын бағалау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына не актілеріне сәйкестігі;

      4) МЖӘ жобасының техникалық күрделілігін және (немесе) бірегейлігін бағалау;

      5) МЖӘ объектісінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға арналған, оның ішінде концессияға берілуге жатпайтын объектілер тізіміне тиістілігін бағалау;

      6) МЖӘ жобасын іске асыру және осы іске асырылмау жағдайын саладағы жағдайды бағалау;

      7) МЖӘ жобасын іске асырудан түскен пайданы бөлуді бағалау;

      8) конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін бағалау;

      9) МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде құрылған объектінің жоспарланған физикалық параметрлерін және техникалық сипаттамаларын бағалау.

      3. Салалық қорытынды нәтижелері бойынша тұжырым (тұжырымда жүргізілген бағалау бойынша МЖӘ жобасы бойынша қолдау туралы (оң қорытынды) не жүргізілген бағалау бойынша нәтижесі бойынша МЖӘ жобасын қолдамау туралы (теріс қорытынды) салалық мемлекеттік органның ұстанымы көрсетіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады