Өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 306-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 мамырда № 22684 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрінің м.а.
Е. Казанбаев

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің м.а.
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 306-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесі

      1. Қысым түсіруге арналған өлшемдік құбыр желісінде орнатылатын өлшем құралдары (тарылтушы құрылғы):

      1) диафрагмалар;

      2) шүмектер және Вентури шүмектері;

      3) Вентури түтіктері.

      2. Мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға, қабылдауға, көлемін өлшеуге және жеткізуге арналған өлшем құралдары (жер үстіндегі және жерасты құрылыстары):

      1) болаттан жасалған тік цилиндрлік резервуарлар;

      2) болаттан жасалған көлденең цилиндрлік резервуарлар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады