БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21557 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 4 қарашада жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларында:
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Үміткерлерді медициналық қарап-тексеру осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген терапевтің, психобелсенді заттарды пайдалану тұрғысынан биологиялық ортаны зерттеуді қамтиды.";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші (медициналық ұйымдар) арқылы немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда электрондық – цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде "Жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күнінің белгіленуі туралы хабарлама не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар, дәйексіз мәліметтер ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту түрінде бас тартады.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
3) Қағидаларға сәйкес медициналық қарап-тексерудің теріс нәтижесі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған, бас тарту негізі көрсетілген хатпен ресімделеді.".
Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 11 мамырдағы № ҚР ДСМ -38 бұйрығына қосымша |
"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет | ||
1 | Қызмет берушінің атауы | Медициналық ұйымдар |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі | "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 073/е нысаны бойынша берілген көлікті басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама не осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақылы түрде, мемлекеттік қызмет көрсету құны "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 202-бабына сәйкес айқындалады. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін, демалыс-жексенбі және мереке күндері; |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызмет берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |