Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 359-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22852 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12072 болып тіркелген);

      2) "Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 119-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20705 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 359-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен қабылданатын техникалық регламенттерді әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу және күшін жою жөніндегі рәсімдерге қолданылмайды.

2-тарау. Техникалық регламенттерді әзірлеу тәртібі

      3. Техникалық регламентті әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе күшін жою жөніндегі ұсыныстарды стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Стандарттау жөніндегі ұлттық органның, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар дайындайды және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылады.

      Уәкілетті орган ұсыныстар негізінде Заңның 7-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді және бекітеді.

      Техникалық регламент жария талқылау кезеңінде техникалық регламенттің жобасына қоса берілетін тұжырымдама болған кезде әзірленеді.

      Тұжырымдамада:

      1) техникалық регламенттің атауы;

      2) техникалық регламентті әзірлеу мақсаты;

      3) техникалық регламентті қабылдаудың негізі немесе ғылыми негіздемесі;

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтарының ішінде тауар позициясын көрсете отырып, техникалық регламенттің қолданылу саласы және объектілері;

      5) реттеу адресаттары, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері және оларға техникалық регламентте көзделген реттеумен көрсетілетін әсер ету;

      6) проблемалардың теріс әсерін азайту үшін реттелуін белгілеу қажет проблемалар туралы ақпарат;

      7) шешілуіне техникалық регламентті қабылдау бағытталған проблеманы шешу тетігі;

      8) қауіпті факторлар (тәуекелдер);

      9) Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық базасының болуы және жай-күйі туралы ақпарат (техникалық регламент объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін заңдар, қаулылар, санитарлық, құрылыс, өрт және басқа да нормалар мен қағидалар);

      10) халықаралық деңгейдегі нормативтік құжаттардың болуы туралы ақпарат (халықаралық шарттар, директивалар, басқа елдердің техникалық регламенттері);

      11) өндірістік, сынақ базасы мен жалпы саланың жай-күйі туралы ақпарат.

      Ақпарат өнімнің сәйкестігін растауға материалдық-техникалық мүмкіндігі бар сынақ зертханалары (орталықтары) мен сәйкестікті растау жөніндегі органдардың саны, олардың географиялық орналасқан жері мен өндірістік қуаттары туралы мәліметтерді қамтиды;

      12) техникалық регламентті енгізу үшін қабылдануы қажет шаралар туралы ақпарат;

      13) техникалық регламентті енгізуден күтілетін нәтижелер, оның ішінде өндірушілерге, тұтынушыларға және тұтастай алғанда ел экономикасына техникалық регламентті енгізуден оң және теріс әсер ету, ықтимал техникалық кедергілерді болжау туралы ақпарат;

      14) Қазақстан Республикасындағы өндіріс көлемі және әзірленетін (өзгертілетін/жойылатын) техникалық регламенттің қолданылу аясына жататын өнім импортының көлемі туралы ақпарат;

      15) техникалық регламентке сәйкестікке келтіру қажет нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат көрсетіледі.

      4. Техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар:

      1) техникалық реттеу ақпараттық жүйесінің веб-порталында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Техникалық регламенттің жобасын әзірлеу, техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күшін жою туралы хабарламаны жобаларды әзірлеу, техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күшін жою басталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орналастырады, сондай-ақ техникалық регламенттің жобасын әзірлеу туралы хабарламаны толтырады Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпараттық орталыққа (бұдан әрі – Ақпараттық орталық) ұсынады;

      2) техникалық регламент жобасын әзірлеуге мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердің, стандарттау жөніндегі бейіндік техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Стандарттау жөніндегі Ұлттық органның, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, өнеркәсіп салаларының және басқа да мүдделі тараптардың өкілдерін тартады;

      3) Техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейіне талдау жүргізуді ұйымдастырады;

      4) техникалық регламенттің жобасын әзірлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама жарияланған күнге дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күнге тең мерзім ішінде жария талқылауды ұйымдастырады, ол техникалық реттеу ақпараттық жүйесінің веб-порталында орналастырылады;

      5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 83-бабына сәйкес нақты реттегіш құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізеді;

      6) жария талқылау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық регламенттің жобасы (өзгерістер жобасы бойынша) бойынша пікірлер жиынтығын қалыптастырады және техникалық регламенттің жобасы бойынша (өзгерістер жобасы бойынша) жария талқылау аяқталғаннан кейін келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар қарауға және пікірлер жиынтығына енгізілуге жатпайды;

      7) күнтізбелік 10 (он) күн ішінде мүдделі тараптардың сұрау салуы бойынша техникалық регламенттің жобасына алынған ескертулерді мен ұсыныстарды ұсынады;

      8) күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде алынған ескертулерді мен ұсыныстарды ескере отырып, техникалық регламенттің жобасын пысықтайды және пысықталған жобаны техникалық регламенттің ақпараттық жүйесінің веб-порталына орналастырады;

      9) күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде уәкілетті органға техникалық реттеу ақпараттық жүйесінің веб-порталында орналастыру үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Техникалық регламенттің жобасын, өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жария талқылаудың аяқталғаны немесе Техникалық регламенттің күшін жою туралы хабарламаны уәкілетті органға жібереді, онда жобамен және алынған ескертулер мен ұсыныстарды тізбесімен танысу тәсілі туралы ақпарат, техникалық регламенттің жобасын әзірлеген мемлекеттік органның атауы, оның почталық және электрондық мекенжайы болуы тиіс, сондай-ақ техникалық регламенттің жобасын, техникалық регламентке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды немесе олардың күшін жоюды жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны толтырады және Ақпараттық орталыққа ұсынады.

      5. Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімге қатысты техникалық регламентті әзірлеуге жол берілмейді.

      6. Техникалық регламент ғылыми-негізделген және (немесе) статистикалық деректер негізінде әзірленеді.

      Халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары, егер олар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде негіз ретінде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкін.

      7. Техникалық регламентте белгіленген талаптар техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттарына, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың мүдделеріне, материалдық-техникалық базаны дамытуға және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келуге тиіс.

      Техникалық регламент техникалық регламентті қолданысқа енгізу, Нормативтік немесе техникалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) түзету үшін мәселелер, сондай-ақ өнімді шығаруға байланысты мәселелер ескерілетін өтпелі кезең уақытын белгілейтін оны қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттарын көздейді.

      8. Техникалық регламенттер зиян келтіру тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, өнімдердің, осы өнімдерге қойылатын талаптармен байланысты процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең аз қажетті талаптарды белгілейді.

      9. Бір өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер өнімге қойылатын міндетті талаптардың бірыңғай құрамын және мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында өзара байланыстырылады.

      10. Техникалық регламентті әзірлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) Техникалық регламентте белгіленген талаптар қолданылатын өнімнің және процестердің толық тізбесі ("ЕАЭО СЭҚ ТН" жіктеуішіне сәйкес) және аулақ болу керек қауіпті факторлар (тәуекелдер), сондай-ақ техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін сәйкестендіру өлшемдері мен әдістері белгіленетін қолданылу саласы анықталады;

      2) Терминдер мен анықтамалар белгіленеді. Техникалық регламентте пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Заңда, "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген терминдерге қайшы келмеуі тиіс.

      Осы терминдер мен анықтамалар белгіленген Қазақстан Республикасының басқа заң актілерінің баптарына сілтеме жасауға жол беріледі;

      3) өнімнің техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы ережелер және бұл туралы ақпаратты тұтынушыға жеткізу тәсілдері белгіленетін (ілеспе құжаттамада техникалық регламенттерге сәйкестігі туралы нұсқау, сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік декларациясы немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, техникалық немесе нормативтік құжаттаманың немесе тиісті алдын ала ескертулерді, құрастыру схемалары қоса алғанда, өнімді дұрыс пайдалану немесе пайдалану жөніндегі нұсқаулардың болуы) Қазақстан Республикасының нарығындағы өнімнің айналым шарттары айқындалады;

      4) өнімнің қауіпсіздігіне және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын талаптар белгіленеді, онда зиян келтіру тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді. Техникалық регламентте зиян келтіру тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, Заңның 20-бабының 6-тармағына сәйкес Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкін.

      Талаптар тек өнімге немесе өнімге және адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты оның өмірлік циклінің процестеріне белгіленеді.

      Ең аз қажетті талаптар осы өнімге және процеске тән әлеуетті қауіпті фактордың (тәуекелдің) әрбір түрі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті түпкілікті нәтижесін нақты сипаттау жолымен белгіленеді. Бұл ретте, қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу әдістері, осы мақсат көрсетілген әдісті қолдану арқылы ғана қол жеткізілген жағдайларды қоспағанда, регламенттелмейді.

      Өнімнің техникалық сипаттамаларының сандық мәндері, егер олардың тұрақты шамасы: "артық емес", "кем емес", "құрамға жол берілмейді" болған жағдайда белгіленуі мүмкін.

      Қауіпсіздік көрсеткіштері техникалық регламентке қосымша түрінде ресімделеді.

      Егер ұзақ уақыт пайдалануы зиян келтіруі мүмкін, жол берілетін тәуекел дәрежесін анықтауға мүмкіндік бермейтін факторларға байланысты болатын өнімге қойылатын талаптарды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, техникалық регламенттерде өнімнің ықтимал зияны туралы тұтынушыны хабардар етуге қатысты талаптар болады;

      5) өнімнің сынамаларын іріктеу және сынау қағидалары, сәйкестікті растау қағидалары мен нысандары, оның ішінде сәйкестікті растау схемалары (сәйкестікті растаудың нысандары мен схемаларын таңдау дұрыс емес бағалаудың жиынтық тәуекелін және сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудан келтірілген залалды ескере отырып жүзеге асырылады) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгі жапсыруға және оларды келтіру қағидаларына қойылатын талаптар белгіленуі мүмкін.

      Техникалық регламенттерде өнімнің сәйкестігін растау схемалары болмаған жағдайда, олар ұлттық стандарттарда айқындалады;

      6) өтпелі кезең уақытын белгілейтін, техникалық регламентті қолданысқа енгізу, нормативтік немесе техникалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) түзету үшін мәселелер, сондай-ақ өнімді шығаруға байланысты мәселелер ескерілетін өтпелі кезең уақытын белгілейтін техникалық регламентті қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары белгіленеді;

      7) қолдану нәтижесінде ерікті негізде Техникалық регламенттің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін өзара байланысты стандарттардың тізбесі, сондай - ақ техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесі (бұдан әрі – стандарттар тізбесі) қалыптастырылады, олар техникалық регламенттің жобасына қосымша түрінде ресімделеді.

      Стандарттар тізбесін әзірлеу оларға осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшада көзделген нысандар бойынша стандарттау жөніндегі құжаттарды енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органдар жылына кемінде 1 (бір) рет техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және стандарттар тізбелерін өзектілендіру жөнінде негізделген ұсыныстар дайындауды және уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Стандарттау жөніндегі ұлттық орган стандарттар тізбесін қарауды, олардың техникалық регламенттің жобасында қамтылған көрсеткіштермен сәйкестігін, қамтамасыз етілуін уәкілетті органнан не Техникалық регламенттің жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органнан материалдарды алған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнге тең мерзім ішінде жүзеге асырады.

      Техникалық регламенттің талаптары тікелей орындалған жағдайда стандарттар тізбесі қалыптастырылмайды.

      Зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі (бұдан әрі – қағидалар мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесі) техникалық регламентте сәйкестікті бағалауды жүргізу туралы талаптар болмаған не техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті бағалау зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер жүргізбестен жүзеге асырылатын жағдайларда қалыптастырылмайды.

      Қағидалар мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесіне ұлттық стандарттар және (немесе) мемлекетаралық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда - өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін міндетті болып табылатын өлшемдерді орындау әдістемелері енгізіледі.

      Мемлекетаралық стандарттар Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған жағдайда стандарттар тізбесіне енгізіледі.

      Қағидалар мен әдістерді, ұлттық стандартты және (немесе) мемлекетаралық стандартты қамтитын стандарттар тізбесінде, ал олар болмаған жағдайда техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті өлшемдерді орындау әдістемесі болмаған жағдайда, техникалық регламенттің тиісті талабы тиісті ұлттық стандарт және (немесе) мемлекетаралық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда өлшемдерді орындау әдістемесі тиісті ұлттық стандарт және (немесе) мемлекетаралық стандарттар болған, қағидалар мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесіне енгізілетін болады.

      Қағидалар мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесіне өзгерістер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған және бекітілген зерттеу (сынау) және өлшеу әдістемелері енгізіледі, олар туралы мәліметтер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесінің тізіліміне" енгізілген.

      11. Техникалық регламентке өзгерістер жобасын әзірлеген жағдайда техникалық регламентке өзгерістер жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган тиісті негіздемемен Техникалық регламенттің құрылымдық элементтерінің қолданыстағы және ұсынылатын редакциясы бар кестені дайындайды.

      Стандарттардың тізбелеріне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген.

3-тарау. Техникалық регламенттерді сараптау тәртібі

      12. Техникалық регламенттің жобасы, мүдделі ұйымдардың пікірлерінің көшірмелері, Техникалық регламенттің жобасына ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды көрсететін және ескертулер мен ұсыныстардың авторын, қолданыстағы және ұсынылатын редакцияны көрсете отырып, сондай-ақ ұсынылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша әзірлеушінің қорытындысымен кестелік түрде ресімделген пікірлер жинағы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға, Заң және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі.

      Техникалық регламенттің жобасын және осы тармақта баяндалған оған қоса берілетін материалдарды қарау олар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      13. Техникалық регламенттің жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар қорытындыларды, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде техникалық регламенттің жобасын пысықтауды жүзеге асырады.

4-тарау. Техникалық регламенттерді қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібі

      14. Техникалық регламентті қабылдау, өзгерту және күшін жою "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Техникалық регламентке өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 2 және 3-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Техникалық регламент Заңның 4-бабының ережелеріне, мемлекеттік саясат мүдделеріне, материалдық-техникалық базаны дамытуға және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық регламентті қабылдаған мемлекеттік орган осындай нормативтік құқықтық актінің күшін жояды немесе оған өзгерістер енгізеді.

  Техникалық регламенттерді
әзірлеу, сараптау, қабылдау,
өзгерту және күшін жою
қағидаларына
1-қосымша
  Нысаны

Техникалық регламенттің жобасын әзірлеу, техникалық регламенттің өзгерістер және (немесе) толықтырулар немесе күшін жою туралы хабарлама

1. Техникалық регламент жобасының атауы, Техникалық регламенттің өзгерістері және (немесе) толықтырулары немесе күшін жою


2. Техникалық регламенттің жобасын, техникалық регламенттің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын әзірлеуге немесе күшін жоюға жауапты мемлекеттік орган


3. Техникалық регламенттің жобасын, техникалық регламенттің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын немесе күшін жоюды Техникалық реттеу объектісі


4. Техникалық регламенттің жобасын, техникалық регламенттің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын әзірлеу немесе күшін жою мақсаты


5. Техникалық регламенттің жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (пікірлерді), Техникалық регламенттің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын немесе күшін жоюды жіберу үшін пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы


6. Техникалық регламенттің жобасын, техникалық регламенттің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын жария талқылауды аяқтаудың болжамды күні


  Техникалық регламенттерді
әзірлеу, сараптау, қабылдау,
өзгерту және күшін жою
қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны

Техникалық регламенттің жобасы бойынша (өзгерістер жобасы бойынша) пікірлер мәліметтерінің нысаны

Техникалық регламенттің құрылымдық элементі

Ескерту немесе ұсыныс (пікір) берген мемлекеттік органның, ұйымның атауы (хаттың нөмірі және күні) (бар болса)

Ескерту немесе ұсыныс (пікір)

Техникалық регламентті әзірлеушінің қорытындысы

1

2

3

4

  Техникалық регламенттерді
әзірлеу, сараптау, қабылдау,
өзгерту және күшін жою
қағидаларына
3-қосымша
  Нысаны

Техникалық регламенттің жобасын, техникалық регламенттің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын жария талқылаудың аяқталғаны немесе Техникалық регламенттің күшін жою туралы хабарлама

1. Техникалық регламент жобасының атауы, Техникалық регламенттің өзгерістері және (немесе) толықтырулары немесе күшін жою


2. Техникалық регламентті, Техникалық регламенттің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын әзірлеуге немесе күшін жоюға жауапты мемлекеттік орган


3. Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі, Техникалық регламенттің өзгерістері және (немесе) толықтырулары немесе күшін жою


4. Техникалық регламенттің жобасын әзірлеуді, Техникалық регламенттің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын немесе күшін жоюды аяқтаудың болжамды күні


5. Техникалық регламенттің жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (пікірлерді), Техникалық регламенттің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын немесе күшін жоюды алуға арналған пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы


  Техникалық регламенттерді
әзірлеу, сараптау, қабылдау,
өзгерту және күшін жою
қағидаларына
4-қосымша
  Нысаны

Қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін өзара байланысты стандарттардың тізбесі

№ п/п

Техникалық регламент элементтері

Өзара байланысты стандартты белгілеу

Өзара байланысты стандарттың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

      Ескертпелер:

      1. 2-бағанда сәйкестігі өзара байланысты стандарттың талаптарын орындау арқылы қамтамасыз етілген техникалық регламенттің элементтері көрсетіледі (абзац, тармақша, тармақ, бап ,Қосымша).

      2. 3-бағанда өзара байланысты стандартты тұтастай және/немесе өзара байланысты стандарттың бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) белгілеу көрсетіледі, егер Техникалық регламенттің талаптарын сақтау ерікті негізде өзара байланысты стандарттың жекелеген бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) қолданумен қамтамасыз етілуі мүмкін болса.

      3. 5-бағанда өзара байланысты стандарттың орнына (күн – екі араб цифрымен, ай – екі араб цифрымен, жыл – төрт араб цифрымен) әзірленген өзара байланысты стандартты қолданудың аяқталу күні туралы ақпарат және (немесе) қажет болған жағдайда ауыстырылған, сондай-ақ оның барысында ауыстырылған және оны алмастыратын стандарт қолданылады.

  Техникалық регламенттерді
әзірлеу, сараптау, қабылдау,
өзгерту және күшін жою
қағидаларына
5-қосымша
  Нысаны

Техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесі

№ п/п

Техникалық регламент элементтері

Стандартты белгілеу

Стандарттың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

      Ескертпелер

      1. 2-бағанда сәйкестігі зерттеу (сынау) және өлшеу ережелері мен әдістерін, оның ішінде Стандартта белгіленген үлгілерді іріктеу ережелерін (абзац, тармақша, тармақ, бап, Қосымша) қолдану арқылы расталуы мүмкін Техникалық регламенттің элементтері көрсетіледі.

      2. 3-бағанда өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін Стандарттың жекелеген бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) қолданумен қамтамасыз етілуі мүмкін болса, стандарттың тұтастай және/немесе бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) белгілеу көрсетіледі.

      3. 5-бағанда ауыстыратын стандарт орнына (күн – екі араб цифрымен, ай – екі араб цифрымен, жыл – төрт араб цифрымен) әзірленген стандартты қолданудың аяқталу күні туралы ақпарат және (немесе) қажет болған жағдайда ауыстырылған да, сондай-ақ оның барысында ауыстырылған және оны алмастыратын стандарт қолданылады.

  Техникалық регламенттерді
әзірлеу, сараптау, қабылдау,
өзгерту және күшін жою
қағидаларына
6-қосымша
  Нысаны

Қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін өзара байланысты стандарттар тізбесіне, сондай-ақ техникалық регламент талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар беру

№ п/п

Техникалық регламент элементтері

Стандарт пен әдістердің белгіленуі және атауы

Ауыстырушы стандарттың белгіленуі және атауы

Ауыстыру стандартын қолданудың басталу күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

      Ескертпелер

      1. 2-бағанда сәйкестігі зерттеу (сынау) және өлшеу ережелері мен әдістерін, оның ішінде Стандартта белгіленген үлгілерді іріктеу ережелерін (абзац, тармақша, тармақ, бап, Қосымша) қолдану арқылы расталуы мүмкін Техникалық регламенттің элементтері көрсетіледі.

      2. 3-бағанда өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін Стандарттың (әдістердің) жекелеген бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) қолданумен қамтамасыз етілуі мүмкін болса, стандарттың (әдістердің) тұтастай және/немесе бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) белгілеу көрсетіледі.

      3. 5-бағанда ауыстырушы стандартты қолданудың басталу күні көрсетіледі (сандық тәсілмен: күн-екі араб цифрымен, ай-екі араб цифрымен, жыл-төрт араб цифрымен).

      4. 6-бағанда оның орнына ауыстыратын стандарт әзірленген стандартты қолданудың аяқталу күні туралы ақпарат көрсетіледі (күн-екі араб цифрымен, ай-екі араб цифрымен, жыл-төрт араб цифрымен), және (немесе) қажет болған жағдайда ауыстырылған, сондай-ақ оны алмастыратын стандарт қолданылатын өтпелі кезеңді белгілеу туралы ақпарат.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады